1. Тас дәуірінің ескерткіші Усть-Нарым Қазақстанның қай өңірінен табылды?



бет3/10
Дата23.10.2023
өлшемі83,58 Kb.
#187623
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
?àçà?ñòàí òàðèõûíàí òåñòòåð æèíà?û

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
4 НҰСҚА
1. 1958 жылы Оңтүстік Қазақстанда тас ғасыры адамының тұрақтарын тапқан археолог?
A) Грязнов.
B) Марғұлан.
C) Ақышов.
D) Андрианов.
E) Алпысбаев.

2. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығына көшуге байланысты қай түліктің саны азайды?


A) Жылқы.
B) Түйе.
C) Қой.
D) Ешкі.
E) Мүйізді ірі қара.

3. Тасқа салынған суреттердің ғылыми атауы:


A) Петроглиф.
B) Иероглиф.
C) Андронов.
D) Алфавит.
E) Кескіндеу.

4. Дарий бастаған парсы әскерін шөл далада адастырған сақ малшысы:


A) Рүстем.
B) Спаргапис.
C) Ширақ.
D) Бақтияр.
E) Исмаил.

5. Үйсін мемлекеті қанша бөлікке бөлінді?


A) 4.
B) 5.
C) 3.
D) 7.
E) 2.

6. Х ғ. соңында оғыздар кімдермен одақтасып Хазар қағанаты мен Еділ бұлғарларын талқандады?


A) Киев Русімен.
B) Қимақтармен.
C) Печенегтермен.
D) Қарлұқтармен.
E) Половецтермен.

7. Алтын Орданы құрған хан:


A) Ежен.
B) Баян.
C) Орда Ежен.
D) Батый.
E) Батыр.
8. ХІV-ХV ғ.ғ. түрік тілдерінің қыпшақ тобынан қай тіл бөлініп шықты?
A) Якут тілі.
B) Ұйғыр тілі.
C) Қазақ тілі.
D) Татар тілі.
E) Өзбек тілі.

9. Қазақ қоғамындағы жоғарғы бекзадалар табы - “ақсүйектер” қай тайпаға жатты?


A) Қыпшақ тайпасына жатты.
B) Ешқандай тайпаға жатқан жоқ.
C) Арғын тайпасына жатты.
D) Найман тайпасына жатты.
E) Қожа тобына жатты.

10. Орыс патшасы І Павелдің бұйрығымен Ішкі Орда қай жылы құрылды?


A) 1797 ж.
B) 1798 ж.
C) 1796 ж.
D) 1803 ж.
E) 1801 ж.

11. Кіші жүздің соңғы ханы:


A) Қаратай хан.
B) Батыр хан.
C) Шерғазы хан.
D) Айшуақ хан.
E) Ералы хан.

12. Жас офицер және ғалым Шоқанды дүние жүзіне әйгілі еткен еңбегін атаңыз.


A) Сот жүйесі туралы жазғандары.
B) Қазақтардың қарулануы туралы.
C) Дала мұсылмандары туралы.
D) Қашқария туралы жазғандары.
E) Ыстықкөлге бару сапары туралы күнделігі.

13. 1867-68 ж. реформалар бойынша облыс басында кім тұрды?


A) Шекара бастығы.
B) Аға сұлтан.
C) Вице-губернатор.
D) Генерал-губернатор.
E) Әскери губернатор.

14. Бұларды келістіріп жазалау керек деген соғыс министрі Милютиннің сөзі қай оқиғаға байланысты айтылды?


A) Бұрынғы Бөкей Ордасындағы қазақтардың бас көтерулері.
B) Қоқан билеушілеріне қарсы оңтүстіктегі қазақтар көтерілісі.
C) Сырдария қазақтарының көтерілісі.
D) Орал, Торғай көтерілістері.
E) Маңғыстау көтерілісі.

15. Қазақ даласындағы 1848 ж. Қарқаралы уезінде ашылған жәрмеңкені атаңыз.


A) Семей.
B) Астрахань.
C) Бұқтырма.
D) Қоянды.
E) Қарағанды.

16. 1843-1916 жылдары өмір сүрген қазақтың атақты күйшісі, қобызшысы:


A) Құрманғазы Сағырбайұлы.
B) Ықылас Дүкенұлы.
C) Дәулеткерей Шығайұлы.
D) Тәттімбет Қазанғапұлы.
E) Дина Нұрпейісқызы.

17. 1905ж. Успен кенішінде болған ереуілде қазақ-орыс жұмысшыларының негізінен қойған талабы.


A) Әлеуметтік.
B) Мәдени.
C) Саяси.
D) Діни.
E) Билікті өз қолдарына алу.

18. 1905-07 жылдардағы қазақ-орыс еңбекшілерінің интернационалдық бой көрсетуі болған жер:


A) Спасск мыс зауыты.
B) Шымкент зауыты.
C) Қарағанды шахтасы.
D) Успен кеніші.
E) Риддер түсті металл кеніші.

19. Абайдың аса дарынды шәкірті кім болған?


A) М.Дулатұлы.
B) Ш.Құдайбердіұлы.
C) Жамбыл.
D) Ә.Бөкейханов.
E) С.Торайғыров.

20. 1916 көтерілістің негізгі қозғаушы күші:


A) Қазақ шаруалары мен қолөнершілері.
B) Қазақ болыстары.
C) Қазақ сұлтандары.
D) Қазақ интеллигенциясы.
E) Қазақ байлары.

21. Қандай жағдай Қазақ АКСР-ын құруға (1918 жылға дейін) кедергі жасады?


A) Интеллигенцияның жетіспеуі.
B) Азамат соғысының басталып кетуі.
C) Халықтың саяси белсенділігінің төмен болуы.
D) Алашорда үкіметінің қарсылығы.
E) Большевиктер Қазақ АКСР-ын құруға ынтасыз болды.

22. 1928 ж. жаңа әкімшілік-территориялық басқару бойынша Қазақстанда неше сатылы әкімшілік жүйе құрылды?


A) 4 сатылы.
B) 2 сатылы.
C) 5 сатылы.
D) 3 сатылы.
E) 6 сатылы.

23. Толық емес дерек бойынша 1930-1932 ж.ж. аштық кезінде қазақ халқының шығынға ұшыраған мөлшері:


A) 35%
B) 45%
C) 20%
D) 40%
E) 30%

24. Е. Брусиловскийдің алғашқы қазақ операсына негіз болған лирикалық поэмасы:


A) “Күлше қыз”
B) “Қыз Жібек”
C) “Айман-Шолпан”
D) “Мақпал қыз”
E) “Қозы Көрпеш пен Баян сұлу”

25. 1945 жылы тамызда Гастеллоның ерлігін қайталаған көкшетаулық 12-шабуылдаушы авиация дивизиясының звено командирі:


A) Т.Бигелдинов.
B) Л.Беда.
C) М.Янко.
D) Н.Әбдіров.
E) С.Луганский.

26. Ұлы Отан соғысынан кейін Социалистік Еңбек Ері атағын алған белгілі шахтер.


A) Ш.Берсиев.
B) Т.Күзембаев.
C) С.Сәдуақасов.
D) Ы.Жақаев.
E) А.Шатов.

27. Совхоздар мен ауылшаруашылық кәсіпорындар толық шаруашылық есепке көшірілген жыл:


A) 1970 жылы.
B) 1965 жылы.
C) 1971 жылы.
D) 1967 жылы.
E) 1969 жылы.

28. 1989 жылы шілдеде Қарағанды шахтерлерінің ереуілі барысында қойған талаптарының сипаты:


A) Әкімшілік.
B) Мәдени-экономикалық.
C) Мәдени-ағартушылық.
D) Әлеуметтік-ағартушылық.
E) Экономикалық-әлеуметтік.

29. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі:


A) Қазақ.
B) Ағылшын.
C) Неміс.
D) Орыс.
E) Жапон.

30. Қазақстанның жаңа астанасы - Астананың салтанатты тұсау кесер тойы қашан болды?


A) 1997 ж. маусым.
B) 1999 ж. желтоқсан.
C) 1998 ж. маусым.
D) 1999 ж. маусым.
E) 1996 ж. маусым.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет