ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
5 НҰСҚА
1. Өнімді еңбектің пайда болуы ғылымда қалай аталады?
A) «Палеолит төңкерісі»
B) «Еңбек төңкерісі»
C) «Техникалық төңкеріс»
D) «Өндіріс төңкерісі»
E) «Неолит төңкерісі»
2. Қола дәуіріндегі адамдар астықты немен орған?
A) Тесе.
B) Балта.
C) Орақ.
D) Шалғы.
E) Найза.
3. Андроновтықтарда түрлі аурулар мен бақытсыздықтан сақтайтын қасиеті бар зат:
A) Белгі.
B) Білезік.
C) Бойтұмар.
D) Алқа.
E) Сырға.
4. Теңіздің арғы жағындағы «парадарайя сақтары» қай жерде өмір сүрді?
A) Ертістің төменгі ағысында.
B) Арал теңізінің маңында.
C) Жайық өзені маңында.
D) Іленің жоғарғы ағысында.
E) Жетісуда.
5. Сақтардың патшалары мен көсемдері қандай қоғамдық топтан шықты?
A) Абыздардан.
B) Жауынгерлерден.
C) Ақсақалдардан.
D) Ақсүйектерден.
E) Малшылардан.
6. Батыс Түрік қағандарының жазғы орталығы:
A) Мыңбұлақ.
B) Янгикент.
C) Атлах.
D) Фараб.
E) Алмалық.
7. «Кутегин-лабан», «яланшах», «инал-тегін»терминдерінің мағынасы.
A) Ортағасырлық қалалардың басшыларының титулы.
B) Тұрғын үйлер атауы.
C) Мемлекеттік қызметтер атауы.
D) Салық түрлері.
E) Ауыл шаруашылығы дақылдары.
8. Алтын Орданың билеушісі кім ондағы барлық қарулы күштерінің бас қолбасшысы саналды?
A) Жырау.
B) Хан.
C) Батыр.
D) Хақан.
E) Би.
9. Шығыс Дешті-Қыпшақ аумағында ХІІІ ғ. мен ХV ғ. басында қандай мемлекет өмір сүрді?
A) Ақ орда.
B) Моғолстан.
C) Көк орда.
D) Көшпелі өзбектер.
E) Ноғай ордасы.
10. Қазақ хандығының құрылу барысы қай екі мемлекеттердің ішкі саяси жағдайымен байланысты болды?
A) Ақ Орда мен Темір ұрпақтары мемлекетінің.
B) Моғолстан мен Ноғай ордасының.
C) Ноғай ордасы мен Ақ Орданың.
D) Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның.
E) Әбілқайыр хандығы мен Ноғай ордасының.
11. XVІІІ ғ. қазақ жерлерін қалпына келтіріп, билік жүргізген:
A) Әбілқайыр.
B) Әбілмәмбет.
C) Сәмеке.
D) Уәли.
E) Абылай.
12. Х1Хғ. қазақтың дәстүрлі қару-жарағына кешірек енген қару түрі.
A) Бұзаубас шоқпар.
B) Мылтық.
C) Айбалта.
D) Сегіз өрім қамшы.
E) Ақинақ.
13. Қазақ өлкесін басқару ісін өзгертуде «Дала комиссиясын» басқару жүктелген Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі:
A) А. Безак.
B) Н.К. Гутковский.
C) А.К. Гейнс.
D) А. Гирс.
E) А.П. Проценко.
14. Торғай бекінісінің негізі қашан қаланды?
A) 1868ж.
B) 1850ж.
C) 1845ж.
D) 1830ж.
E) 1854ж.
15. 1886 ж. 2 маусымында қандай ереже бекітілді?
A) «Орынбор қазақтарының жарғысы».
B) «Сібір қазақтарының жарғысы».
C) «Түркістан өлкесін басқару және онда жер салық өзгерістерін енгізу туралы».
D) «Сырдария және Жетісу облыстарын басқару туралы» ережесі.
E) «Ақмола. Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару т уралы».
16. Ш. Уәлихановтың туған жері.
A) Сырымбет өңірі.
B) Бурабай.
C) Қарқаралы.
D) Құсмұрын бекінісі.
E) Баянауыл өңірі.
17. Ы.Алтынсарин өмір сүрген жылдар
A) 1841-1889 жж.
B) 1845-1895 жж.
C) 1839-1887 жж.
D) 1851-1899жж.
E) 1843-1892 жж.
18. «Түрік, Қырғыз, Қазақ һәм хандар шежіресі» атты еңбектің авторы.
A) Қ. Салғараұлы.
B) Абай Құнанбаев.
C) А. Байтұрсынов.
D) М. Тынышпайұлы.
E) Ш. Құдайбердиев.
19. 1905 жылы Успен кенішінде құрылған алғашқы жұмысшы ұйымы қалай деп аталды?
A) Орыс-қырғыз жұмысшыларының одағы.
B) Тау-кен жұмысшыларының одағы.
C) Социал демократиялық ұйым.
D) ’’Бірлік’’ одағы.
E) Өнеркәсіп жұмысшыларының одағы.
20. «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» - деп жазған қазақтың зиялы азаматы:
A) Әліби Жангелдин.
B) Бекболат Әшекеев.
C) Тоқаш Бокин.
D) Амангелді Иманов.
E) Ахмет Байтұрсынов.
21. Атбасар уезіндегі партизан қозғалысының ірі орталығы.
A) Денисовск селосы.
B) Мариновка селосы.
C) Жуковск селосы.
D) Черкасск селосы.
E) Атбасар қаласы.
22. 1928 ж. жаңа әкімшілік-территориялық басқару бойынша Қазақстанда қандай әкімшілік жүйесі құрылды?
A) Ауыл, село-аудан-губерния-орталық.
B) Ауыл, село-уезд-округ-орталық.
C) Ауыл, село-болыс-уезд-губерния-орталық.
D) Болыс-уезд-губерния-орталық.
E) Ауыл, село-аудан-округ-орталық.
23. Қиыр Шығыстан көшірілген корейлер қоныстандырылған облыстар:
A) Қарағанды, Семей.
B) Орал, Ақтөбе.
C) Қостанай, Ақмола.
D) Шымкент, Жамбыл.
E) Қызылорда, Алматы.
24. Қ.Сәтпаев жазған оқулық:
A) География.
B) Алгебра.
C) Химия.
D) Астрономия.
E) Физика.
25. 1942 ж. 23-қазанда Қазақ радиосы қай қаланы қорғаушыларға арнаулы радиохабар ұйымдастырды?
A) Севастополь.
B) Одесса.
C) Сталинград.
D) Ленинград.
E) Мәскеу.
26. Ұлы Отан соғысы жылдары жұмысшылардың жетіспеушілігінен шығу үшін қандай жағдайға көшті?
A) Кәсіпорындарға жұмыс істеуге шаруаларды күшпен тартты.
B) Кәсіпорындарға жұмысшыларға инвестицияны тартты
C) Шетел жұмысшылары шақырылды.
D) Еңбек резервтерінің мектептері мен училищелері құрылады.
E) Студент жастардың еңбегін пайдаланды.
27. Өнеркәсіп салалары бойынша одақтық-республикалық министрліктер құрылған жыл:
A) 1960 жылы.
B) 1949 жылы.
C) 1954 жылы.
D) 1965 жылы.
E) 1970 жылы.
28. Қазақстан мен Қытай арасындағы шекаралық саудадағы тауар айналымы 1990 жылы қанша болды?
A) 15 млн. сомға жетті.
B) 18 млн. сомға жетті.
C) 21,7 млн. сомға жетті.
D) 12,5 млн. сомға жетті.
E) 25,5 млн. сомға жетті.
29. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша мемлекет басшысы:
A) Мєжіліс төрағасы.
B) Сенат төрағасы.
C) Премьер – министр.
D) Президент.
E) Конституциялық кеңес.
30. 1992 ж. желтоқсанда не қабылданды?
A) Мемлекеттік әнұранның жаңа мәтіні.
B) Егемендік туралы декларация.
C) “Тіл туралы” заң.
D) Мемлекеттік ту.
E) Мемлекеттік елтаңба.
Достарыңызбен бөлісу: |