ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
6 НҰСҚА
1. Қазақстан территориясын қамтыған, Еуропа мен Азиядағы ең ірі қола дәуір мәдениетінің бірі:
A) Андронов мәдениеті.
B) Беғазы мәдениеті..
C) Сақ мәдениеті.
D) Тасмола мәдениеті.
E) Сармат мәдениеті.
2. Б.з.б. III ғасырда Қазақстанның оңтүстігінде қандай тайпаның бірлестігі құрылды?
A) Қыпшақтар.
B) Қимақтар.
C) Қаңлылар.
D) Қарлұктар.
E) Қарақытайлар.
3. Сыр бойындағы қалалардың толығымен монғолдардың иелігіне көшкен жылдар:
A) 1221-1222.
B) 1218-1219.
C) 1217-1218.
D) 1219-1220.
E) 1224-1225.
4. «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» - деп жазған қазақтың зиялы азаматы:
A) Амангелді Иманов.
B) Әліби Жангелдин.
C) Бекболат Әшекеев.
D) Ахмет Байтұрсынов.
E) Тоқаш Бокин.
5. Қазақстан Республикасының БҰҰ-на мүшелікке өткен уақыты:
A) 1992 жылы 20 сәуір.
B) 1992 жылы 16 желтоқсан.
C) 1992 жылы 30 тамыз.
D) 1992 жылы 1 желтоқсан.
E) 1992 жылы 2 наурыз.
6. Андронов тайпаларының бас киімі:
A) Сәлде.
B) Құлақшын.
C) Тақия.
D) Бөрік.
E) Тымақ.
7. Қарахандықтар мемлекетінде салық жинау құқығын иемденуші.
A) Басқақтар.
B) Ихтадар.
C) Елтебер.
D) Бұйрұқтар.
E) Ақсақалдар.
8. Тоғылық Темір елді қай кезеңде басқарды?
A) Қазақ хандығының құрылуы кезінде.
B) Қазақстанның Ресейге қосылуы кезінде.
C) Монғол империясы кезеңінде.
D) Түрік кезеңінде.
E) Моғолстан мемлекетінің құрылуы кезінде.
9. Алматыда жерленген жоңғарлармен шайқаста қаза тапқан қазақтың қай батыры?
A) Наурызбай.
B) Қабанбай.
C) Райымбек.
D) Малайсары.
E) Бөгенбай.
10. Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың жұмсауымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген елшілер:
A) Төлеұлы, Ақбайұлы.
B) Құндағұлұлы, Қоштайұлы.
C) Ғабитұлы, Нұржігітұлы.
D) Кенже батыр, Баян батыр.
E) Темірұлы, Аманұлы.
11. Х1Х ғ. 30ж. А.С. Пушкин Қазақстанда болған жерлер.
A) Омбы , Ақмолада.
B) Кіші ордада.
C) Семей, Өскеменде.
D) Жетісуда.
E) Орынбор, Оралда.
12. Ш.Уәлиханов білім алған оқу орны.
A) Өскемен училищесі.
B) Семей училищесі.
C) Орынбор әскери училищесі.
D) Сібір кадет корпусы.
E) Азиялық училище.
13. Атақты халық сазгері Шорман балаларының жаласымен Тобылға жер аударылған әнші:
A) Ақан сері.
B) Жаяу Мұса.
C) Естай.
D) Құрманғазы.
E) Біржансал.
14. 1950 жылы Ембі бассейінін Мұнайлы кәсіпшілік өндірісіне қоса мұнай өндіруді соғысқа дейінгі деңгейден қанша пайызға өсірді?
A) 62 %-ға өсірді.
B) 45 %-ға өсірді
C) 20 %-ға өсірді
D) 52 %-ға өсірді
E) 30 %-ға өсірді
15. Мустьер дәуіріндегі Ш.Уалиханов атымен аталған тұрақ табылған мекен:
A) Арыстанды.
B) Үшбұлақ.
C) Қызыл Рысбек.
D) Топалы.
E) Батпақ.
16. Жетісудағы сақ жерлеріне б.з. бұрын II ғасырда Орталық Азиядан келіп қоныстанған тайпа:
A) Үйсіндер.
B) Сарматтар.
C) Ғұндар.
D) Аландар.
E) Қаңлылар.
17. 1867-68жж. «Ереженің» ең негізгі түйінді жері.
A) Түркістан генерал –губернаторлығының таратылуы.
B) Әскери және азаматтық биліктің генерал-губернатор қолына шоғырлануы.
C) Округтардың жойылуы.
D) Әскери губернатордың облыстағы казак әскерінің атаманы болып есептелуі.
E) Әскери соттардың құрылуы.
18. Тұңғыш рет қазақ жалдама жұмысшылары өз құқықтарын қорғау үшін қай көтеріліске белсене қатысты?
A) Жетісудағы.
B) Орал мен Торғайдағы.
C) Бөкей Ордасындағы.
D) Маңғыстаудағы.
E) Сырдариядағы.
19. 1915ж. Риддерде болған көтерілісті ұйымдастырушылар
A) Үй шаруасындағы әйелдер.
B) Кеніш басшылары қолдан ұйымдастырды.
C) Қазақ жұмысшылары.
D) Орыс жұмысшылары.
E) Соғыс тұтқындары.
20. 1919 жылдан Казревкомның төрағасы болған:
A) С.Пестковский.
B) Ә.Жангелдин.
C) Б.Қаратаев.
D) А.Майкөтов.
E) А.Байтұрсынов.
21. Қазақ АКСР-нің Халық Комиссарлар Кеңесі орыс және қырғыз (қазақ) тілін қолдану тәртібі туралы декретін қашан қабылдады?
A) 1923 ж. қаңтар.
B) 1924 ж. қаңтар.
C) 1922 ж. қаңтар.
D) 1921 ж. қаңтар.
E) 1920 ж. қаңтар.
22. Қазақ өлкелік партия комитетінің Торғай шаруаларының бандиттік- басмашы қозғалысының көрінісі, деп бағалаған көтерілісі:
A) Маңқыстау.
B) Өскемен.
C) Жаркент.
D) Балқаш.
E) Батпаққара.
23. Соғысқа дейінгі бесжылдықтарда мәдениет майданында еңбек еткен комсомол мүшелері саны:
A) 70 мың.
B) 60 мың.
C) 65 мың.
D) 55 мың.
E) 40 мың.
24. Уақыты жағынан алғашқысы:
A) Ұлттық валютаны енгізу.
B) Бірінші конституцияны қабылдау.
C) Мемлекеттік рәміздердің қабылдануы.
D) Қазақстан халықтарының форумы.
E) БҰҰ-ға кіру.
25. 1858 ж. Қоқан билігіне қарсы көтерілістің нәтижесі қандай болды?
A) Оңтүстіктегі қазақтарға еркін көшіп-қонуға құқықтар берілді.
B) Көтерілісшілер түгелдей өлтірілді.
C) Көтеріліс қоқандықтардың билігін құлатуға алғышарт жасады.
D) Көтерілісшілерге кешірім жасалынды.
E) Сауда өркендеді.
26. Ресейдегі Ірбіт жәрмеңкесі, Қазақстандағы Қоянды жәрмеңкесі сияқты ХІХ ғ. соңында Жетісуда қандай жәрмеңке ерекшеленді?
A) Қарқара.
B) Жаркент.
C) Әулие ата.
D) Верный.
E) Қызылорда.
27. Егер 1853 жылдан 1905 жылға дейін қазақтардан 4 млн. десятина жер тартып алынса, 1906-1912 жылдар аралығында бұл сан қаншаға дейін өсті?
A) 17 млн. десятинаға дейін.
B) 40 млн. десятинаға дейін.
C) 10 млн. десятинаға дейін.
D) 14 млн. десятинаға дейін.
E) 25 млн. десятинаға дейін.
28. Суландыру жұмыстарына 50 млн. сом қаржы бөлу туралы декрет қашан қабылданды?
A) 1919 ж. 17 мамыр.
B) 1921 ж. 17 мамыр.
C) 1918 ж. 17 мамыр.
D) 1920 ж. 17 мамыр.
E) 1922 ж. 17 мамыр.
29. Өнеркәсіп салалары бойынша одақтық-республикалық министрліктер құрылған жыл:
A) 1960 жылы.
B) 1965 жылы.
C) 1949 жылы.
D) 1954 жылы.
E) 1970 жылы.
30. 1990 ж. шілдеде дүниеге келген «Азат» қозғалысының басты мақсаты:
A) Тарихтағы шындықты қалпына келтіру.
B) Қуғын-сүргіннің құрбандарының толық ақталуына көмектесу.
C) Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу.
D) Қоғамдық проблемаларды шешу.
E) Адамдардың азаматтық құқытарын қалыптастыруға жәрдемдесу.
Достарыңызбен бөлісу: |