3. Қимыл-қозғалыс бұзылуларының түрлері. Оларды әлеуметтік бейімдеуде екі бағыт белгіленеді. Біріншісі – қоршаған ортаны балаларға бейімдеу. Ол үшін арнайы техникалық жылжу құралдар (арбалар, балдақшалар, таяқтар, велосипедтер), тұрмыстық заттар (ыдыс-аяқ, электроаспаптардың арнайы сµндіргіштері), арнайы сатылар, жол жиектерінен арнайы түсу жолдары болады. Ал қимыл - тірек аппаратының кемістігі бар балаларды бейімдеудегі екінші бағыт – ол балалардың жеке бастарын әлеуметтік ортаның қалыпты жағдайларына бейімдеу.