4. ТҚАЗ балаларға көрсетілетін түзетушілік көмек.
Тірек-қимыл аппаратының зақымдалуы немесе аурудың айқындалуы кезінде баланың сәбилік және ерте жасында ата-аналарының барлық күштері бұзылған қозғалыс қызметін дамытуға және түзетуге, яғни қалыпқа келтіруге бағытталады. Мұның себебі, кейбір ата-аналар баланың психикалық және тілдік дамуының ерекшелігін байқаса да, арнайы педагогтарға, логопедтерге, психологтарға жүгінуге асықпайды. Басқалары баланың психикалық және тілдік дамуы оның қозғалыс әрекетінде үлкен жетістіктерге жеткенде немесе сауығып кеткенде қалыпқа келеді деп есептейді. Ал үшіншілері қандай да бір ауру әрқашан баланың психикасында, тәртібінде өзгерісті қалдырады деп санайды. Осындағы кез келген жеке ойлар көптеген ересектердің тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған арнайы (түзету) оқыту мен тәрбиелеу жүйесі бар екенін білмейтіндіктерін көрсетеді. Осыған орай, осындай патологиясы бар балалармен жүргізілетін психологиялық-педагогикалық және логопедиялық түзету жұмыстарының негізгі бағыттары мен жолдары бірнеше онжылдықта әзірленіп, әртүрлі мекемелердің тәжірибесінде кеңінен қолданылып жатыр. Ресейлік ғалымдар Л.А.Данилова, М.В.Ипполитова, Е.М.Мастюкова, Е.Ф.Архипова және басқалары церебральды салдығы бар балаларды, оның өмірінің алғашқы айларынан бастап-ақ арнайы оқыту мен тәрбиелеу қажеттілігін негіздеді. Олар негізгі мақсаттарды көрсетіп, сәбилік, ерте және мектепке дейінгі жаста жүргізілетін түзету жұмыстардың мазмұны мен әдістерін ашып, және оларды ерте бастаған жөн екенін түсіндіріп, дұрыс түзету әрекетінің жағдайлары кезінде аса тиімді екенін дәлелдеді
Тапсырма:
Проблемалық жағдайды шешіңіздер.
Баланың оқуы мен жазуында елеулі қиындықтар бар (сөйлеу тілі
түсініксіз). Жұтынғанда қиналады, сілекейдің бөлінуін қадағалай алмайды. Бір аяғы екіншісінен кем, cкoлиoз және жамбас сүйектері қисайған, сондай- ақ, көзі қыли және нашар көреді. Баланың барлық қимыл-қозғалыстары ебедейсіз, ыңғайсыз және дискоординация байқалады. Тұрғанда және жүргенде қиындықтар байқалады. Тез шаршайды.
Қоршаған орта туралы білімі төмен. Әлеуметтік өмір мен қоршаған заттар ортасы туралы бірқатар құбылыстарды білмейді, тек өз тәжірибесінде болған заттар туралы ғана мағлұматы бар. Өкпелегіш, сезімтал және ата- анасына тым үйір.
Сұрақ:
Бұл баламен жүргізілетін түзету-дамыту жұмысының бағыты қандай болуы мүмкін?
6-тақырып. Мінез-құлқы бұзылған және аутистік спектрдегі бұзылыстары бар балалар
Достарыңызбен бөлісу: |