84. Тәуелденіп тұрған есімшелерді көрсетіңіз:
а) бермек, келер
б) берерің, келетінің
в) бергенде, келгенде
г) беретін, келетін
д) бергенмін, келгенмін
85. Күшейткіш буын арқылы жасалған күшейтпелі шырайды табыңыз.
а) жасыл
б) тым жасыл
в) жасылдау
г) жасылырақ
д) жап-жасыл
86. Жіктелмейтін көсемшенің жұрнағын көрсетіңіз:
а) – ып, - іп, -п
б) - ғалы, - гелі
в) - а, -й, -е
г) – а, ып, -й
д) - ғалы, - ып, - а
87. Сөз тіркесіндегі қиысуды табыңыз.
а) Білімді қыз.
б) Ойлы адам.
в) Сен кезекшісің.
г) Сабақ кестесі.
д) Білім алу.
88. Көсемшенің сөйлемдегі қызметін көрсетіңіз:
Сол әсерім бүгінде бұзылмай сақталған.
а) бастауыш
б) баяндауыш
в) толықтауыш
г) анықтауыш
д) пысықтауыш
89. Мына сөйлем салалас құрмаластың қай түріне жатады?
Ең жақсы тіл – ана тілі, сондықтан оны құрметтеу керек.
а) ыңғайлас cалалас
б) қарсылықты салалас
в) себеп - салдар салалас
г) талғаулықты салалас
д) кезектес салалас
90. Қалау райлы етістікті табыңыз.
а) оқыса, жазса, тыңдаса
б) оқығым келеді, жазғым келеді, тыңдағым келеді
в) оқиын, жазайын, тыңдайын
г) оқимын, жазамын, тыңдаймын
д) барғым, ойнасын, барамын
91. ІІ жақта жіктеліп тұрған есімшені көрсетіңіз:
а) Сен істің мәнін білгенсің
б) Турасын айтпасқа амалы қалмады
в) Ол тапсырманы орындап салып отырғанмын
г) Шексіз алғысқа бөленген жан еді
д) Бұл ақылды атам айтқан
92. Шартты райдағы етістікті табыңыз.
а) Отырмас.
б) Әңгімеледі.
в) Барғай.
г) Бармаса.
д) Келіңдерші.
Достарыңызбен бөлісу: |