47. Бұйрық райдың үшінші жағында тұрған етістікті белгілеңіз:
а) жөндедім
б) жөнде
в) жөндесін
г) жөндеңдер
д) жөндейін
48. Іс-қимылдың шартын білдіріп, са, се, -майынша, -ма+й, -ған+да жұрнақтары арқылы жасалатын сөйлемдер:
а) қарсылықты мәнді
б) мезгіл мәнді
в) шарт мәнді
г) себеп мәнді
д) мақсат мәнді
49. Синоним сөздерді көрсетіңіз.
а) Туылу, дүниеге келу.
б) Терең, саяз.
в) Жүрек, сезім.
г) Ортаншы, кіші.
д) Таразы, тартылу.
50. Анықтауыштық қатынасқа тән сөздердің байланысу түрлерін белгілеңіз.
а) матасу , меңгеру
б) қиысу, матасу
в) қиысу, қабысу
г) матасу, жанасу
д) матасу, қабысу
51. «Жас» сөзінің антонимін табыңыз.
а) Жастық шақ
б) Кәрі.
в) Бойшаң.
г) Ұзын.
д) Қысқа
52. «Сонда да, әйтсе де, бірақ, дегенмен, алайда» қай салалас құрмаластың жалғаулықтары?
а) кезектес с.қ.
б) шартты с.қ.
в) қарсылықты с.қ.
г) ыңғайлас с.қ.
д) мезгілдес с.қ.
53. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы қай жылы және қай айда жарияланды?
а) 2017 жылы 26-қазанда
б) 2017 жылы 12-сәуірде
в) 2017 жылы 22-наурызда
г) 2018 жылы 12-сәуірде
д) 2018 жылы 19-ақпанда
54. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз:
а) Жөндеу жұмысы аяқталған жоқ, бірақ машина жолға шықты
б) Жөндеу аяқталды – машина жолға шықты.
в) Жөндеу жұмысы аяқталды да, машина жолға шықты
г) Жандос түрегеліп, қолындағы сағатын шешіп, мұғалімнің алдына қойды
д) Жөндеу жұмысы аяқталды, сол себепті машина жолға шықты
55. Мақсат мәнді сөйлемнің жасалу конструкциясын табыңыз:
а) түбір етістік +майынша, мейінше
б) түбір етістік +ғанша, -генше
в) түбір етістік + ған+дықтан, -ген+діктен
г) тұйық етістік - модаль сөз арқылы
д) түбір етістік + ғалы, - гелі
56. Бұл әдісте берілген материал «білемін, білдім және білгім келеді» деген кестелерге толтырылады. Бұл әдіс студентті берілген материалды нақты түсінуге, талдауға және ақпаратты сауатты әрі қысқаша жазуға үйретеді.
а) ВЕНН диаграммасы
б) Инсерт диаграммасы
в) Ассоциация
г) сатылай-кешенді талдау
д) кластер
57. Бұл - халықаралық дәрежедегі құжат. Оған сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі:
а) жан-жануарлар энциклопедиясы
б) Қызыл кітап
в) Фауна мен флора сөздігі
г) Табиғатты қорғау концепциясы
д) Қазақстанның Қызыл кітабы
Достарыңызбен бөлісу: |