117. Мезгіл мәндес сөйлемді табыңыз:
а) Не ексең, соны орарсың
б) Сабақ басталғалы, біз дәрісханада күтіп отырмыз
в) Ол көп кешігіп, жаңа үйге келді
г) Көктем келсе де, күн жылымады
д) Сабақ өте ерте басталды
118. Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын табыңыз.
а) Далаға шығу.
б) Ғарышқа сапар.
в) Ауыл маңы
г) Студент қыз
д) Балаларды жинау
119. Қарсылық мәнді сөйлемде қолдануға болатын жалғаулықтар:
а) дегенмен, алайда, бірақ
б) бірде, біресе, кейде
в) не, немесе, яғни
г) және, әрі, да, де
д) өйткені, сондықтан, себебі
120. Мақалдарда құрмалас сөйлемді табыңыз:
а) Отан от басынан басталады
б) Отансыз адам – ормансыз бұлбұл
в) Туған жердің жері де, елі де көрікті
г) Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде сұлтан бол
д) Туған жерге туыңды тік
121. Болжау мәнді сөйлемді көрсетіңіз:
а) Бүгінгі өнеріңе таң қалып отырмын
б) Өзен бойымен жүріп келеміз
в) Лиза қазақша жақсы сөйледі
г) Мүмкін, сол кездесуге мен де барармын
д) Ол Астанада оқымақ
122. Мына сөйлем сабақтас құрмаластың қай түріне жатады?
Ол тез жүгіргенімен, емтиханға кешігіп келді
а) мақсат бағыныңқылы
б) қарсылықты бағыныңқылы
в) себеп бағыныңқылы
г) ыңғайлас бағыныңқылы
д) талғаулықты бағыныңқылы
123. Осы, келер, өткен шақтағы қимылдың шындық өмірге қатынасын білдіретін қандай рай?
а) бұйрық
б) қалау
в) ашық
г) шартты
д) жалаң
124. .... құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бірдей дәрежеде болады.
а) салалас
б) сабақтас
в) аралас
г) себепті
д) қарсылықты
125. Салалас құрмалас сөйлемнің баяндауыштары:
а) тең дәреже емес
б) тиянақты емес
в) тиянақты
г) теңсіз дәреже
д) тура дәреже
Достарыңызбен бөлісу: |