136. Тілек мәнді сөйлемді табыңыз: а) Кешке алтыбақан құрғымыз келеді
б) Мерекеге жақсы дайындалдық
в) Балаларым аман болса екен
г) Айбек үйге келсін
д) Кітапханаға дайындалғалы келдім
137. Сөйлемді септеулік шылаумен толықтырыңыз. Саяхатқа оқушылармен ... мұғалім шықты.
а) Арқылы.
б) Кейін.
в) Дейін.
г) Бірге.
д) Туралы.
138. Сөз тіркесіндегі қиысуды табыңыз. а) Білімді қыз.
б) Ойлы адам.
в) Бұлбұлдайын сайраған
г) Сабақ кестесі
д) Жау бекінді.
139. Берілген сөйлемдегі жалғаулықтың мәнін көрсетіңіз: Біз институттан кеш қайттық, себебі емтихан болды. а) мезгіл мәнді
б) бұйрық мәнді
в) себеп мәнді
г) мақсат мәнді
д) қарсылық мәнді
141. Анықтауыш қызметіндегі зат есімді көрсетіңіз: а) Біз бұл мәселені дұрыс шештік
б) Студенттер емтиханға жақсы дайындалды
в) Әйгерім орнынан тұрып айқайлап сөйледі
г) Ол әрі күйші, әрі ақын адам болған
д) шешесі баласына мейірлене қарады
142. Көмекші етістіктен жасалған жедел өткен шақты көрсетіңіз: а) Көксерек арлан еді
б) Әжем шақырса келеді
в) Ол ешкімге жауап бермеді
г) Дайындық жақсы болып жатыр
д) Күн райы бұзылды.
143. Көмекші етістігі бар сөйлемді табыңыз: а) Терезеден күн түссе, бөлме ысып кетеді екен
б) Жер қадірін ел біледі, ел қадірін ер білер
в) Көп қорқытады, терең батырады
г) Кеше нөсер жаңбыр жауды
д) Жас өседі, жарлы байиды
144.Сөйлемнен күрделі баяндауышты табыңыз: а) Нанды тастама
б) Қазақстан – ядросыз мемлекет
в) Ойыңды жақсы жеткізіп отырсың
г) Сізге ескерту айтылды
д) Салқын қымыз іштік