161. «Қазақстан халықтарының бірлігі күні» қашан тойланады?
а) 6 шілде
б) 1 мамыр
в) 6 маусым
г) 7 мамыр
д) 9 мамыр
162. Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз:
а) Ол досына алтын сағат сыйлады
б) Кешке қызық кино болды
в) Айман оған жылы лебізін білдірді
г) Күзде жапырақтар сарғаяды
д) Түн салқындай бастады
163. Көмекші сөзбен келген зат есім қай сөйлем мүшесі болатынын анықтаңыз: Енді біз жаз бойы практикада боламыз
а) бастауыш
б) баяндауыш
в) толықтауыш
г) анықтауыш
д) пысықтауыш
164. Бурабай тауы Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан.?
а) Алматы өңірінде
б) Ақмола өңірінде
в) Қарағанды өңірінде
г) Көкшетау өңірінде
д) Қызылорда өңірінде
165. Дұрыс құрылған сөйлемді көрсетіңіз:
а) Күләштің дарыны әншілік әкесінің байқалды әндерін тыңдаған
б) Дарыны байқалды әншілік Күләштің әндерін тыңдаған әкесінің
в) Байқалды әндерін әкесінің дарыны тыңдаған Күләштің әншілік
г) Әкесінің әндерін тыңдаған Күләштің әншілік дарыны байқалды
д) Әншілік әндерін байқалды дарыны Күләштің әкесінің тыңдаған
166. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз:
а) Қатты жаңбыр жауғандықтан, біз қонаққа бармадық
б) Мен келгенше, сен үйде отыр
в) Ауылдан бүгін Әсем келеді немесе Кәкен келеді
г) Жақсы оқу үшін, көп ізденіс керек
д) Егер сен келсең, біз театрға барамыз
167. Күрделі бастауышты табыңыз:
а) Жақсы мен жаманды ажырата біл
б) Бала диванда отыр
в) Шоқан бал кезінен өте зерек болған
г) Жауыннан кейінгі дала көз жауын алады
д) Қаныш Сәтпаев – қазақ халқының тұңғыш академигі
168. Нақ осы шақтағы етістігі бар сөйлемді көрсетіңіз:
а) Ұлдар әр жерден шұңқыр қазды
б) Кішкентай балалар ағаштарды санап жүр
в) Қыздар ағаштарды отырғызды
г) Аулада ағаштар саны артты
д) Бәріміз бұған қуандық
Достарыңызбен бөлісу: |