169. Туыстық қатынастар туралы мақалды көрсетіңіз:
а) Досы көпті жау алмас
б) Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар
в) Жері байдың - елі бай
г) Туған ел - алтын бесік
д) Жігітке жеті өнер аз
170. Термин сөздердің анықтамасын белгілеңіз.
а) Ғылым, техника саласындағы арнаулы ұғымдарды білдіретін сөздер.
б) Белгілі кәсіппен шұғылданатын адамдар арасында айтылатын сөздер.
в) Белгілі бір аймақ тұрғындарының сөздері.
с) Басқа тілден енген сөздер.
д) Қолданыстан шығып қалған сөздер.
171. Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің бірінші нұсқасы қай жылы және қай айда бекітілді?
а) 2017 жылы 26-қазанда
б) 2017 жылы 26-қарашада
в) 2017 жылы 16-желтоқсанда
г) 2017 жылы 16-қыркүйекте
д) 2017 жылы 18-ақпанда
172. «Болашақ» халықаралық стипендиясы 1993 жыл тағайындалды, ал қай жылдан бастап қазақстандық студенттер шетелдік жоғары оқу орындарына білім алуға жіберіле бастады?
а) 1993 жылдан
б) 1995 жылдан
в) 1994 жылдан
г) 1992 жылдан
д) 1996 жылдан
173. Бұл - толық лексикалық мағынасы жоқ, жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайтын, тек негізгі етістіктермен, есім сөздермен тіркесіп қолданылатын етістіктер:
а) болымсыз етістіктер
б) көмекші етістіктер
в) тұйық етістіктер
г) түбір етістіктер
д) туынды етістіктер
174. Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстары бар сөзді көрсетіңіз.
а) мемлекет
б) отан
в) саудагер
г) көзілдірік
д) достар
175. Жанаса байланысқан сөз тіркесін табыңыз
а) көк аспан
б) елден алыста
в) Баяу жылжыды
г) егіннің көгі
д) су жүрек
176. Тек жуан дауысты дыбыстан тұрған қатарды көрсетіңіз.
а) Кінәлі, дүдәмәл.
б) Ботагөз, Өмірзақ.
в) Ақтөбе, тарихи.
г) Су, бауырмал.
д) Ушығу, қабілет
Достарыңызбен бөлісу: |