1. Теннисшілердің техникалық дайындығы



бет5/7
Дата01.06.2017
өлшемі1,54 Mb.
#17341
1   2   3   4   5   6   7

1.5.2 Оқыту әдістемесі


  1. оң жақтан топ-спинді орындаған кезде, сідтеуді оң жақтан тұру қалпынан иықтың үлкен бұрылысынан және тік ұстаған қолды сәл артқа қоюымен орындау қажет. Бұл қозғалысқа үлкен энергия салуға көметкеседі. Сол жақтан топ-спинді орындау кезде үлкендеу сілтеу жасау үшін қалақша ұстаған қолды сәл тік ұстап, сол жақ жамбасқа дейн түсіріңіз, ал иықты үстелдің оң жағында болатындай етіп бұру керек. Аяқтар әдеттегі қалпынан сәл кеңдеу ұстап және тізеде бүгілген. Ондай қалыпта сілтеуді істеу кезінде қол, дене және аяқтардың күшін қолдануға мүмкіндік береді.

  2. допқа одан да көп айналу және келетін қозғалысты беру үшін соққының алдында аяқтарды жазуда доптың астына отырған сияқты көбірек бүгілуі керек, ал соғу кезінде денені алдына жіберумен бірге бір аяқтан екінші аяққа түзету керек.

  3. қол ұстаған қалақшаның жылдамдығы көбірек болу үшін доппен әсерлескен кезде, қол буыны мен білекпен белсенді жұмыс жасау керек.

  4. топ-спинді орындау кезде допқа жанасу бойынша соғу керек. Доп пен қалақшаның ұстасуы жіңішке болғанда, қарсыластың жағындағы доптың қарғып кетуінің дауысы мен сипаты бойынша анықтауға болады. Соққы дерік дыбыссыз, жеңіл сыбдыр, ал қарғып түсі шапшаң және биік емес болу керек.

  5. допқа керекті траектория мен ұшу бағытын дұрыс беру үшін қолдағы қалақша допты озып кету керек. Ол кезде дене мен қол инерция бойынша алысқа жіберілуі керек. Қолдың соққыдан кейін кенеттен тоқтатылуы доптың ұшу бағытының дәлдігін төмендетеді.

  6. топ сриннің тәсілін үйрену үшін велодоңғалқты қолдану ұсыныс жасайды, одан басқа қозғалыстың шапшаңдығын, күштілік пен шыдамдықты жетілдіруге жағдай жасайды.

Жаттығулар кешені

    • жаттықтырушының бақылауымен оң және сол жақтың топ-спинді істеу;

    • велосипедтің доңғалағында оң және сол жақтан топ-спинді орындау;

    • жаттығушымен берілген жазу, кесіп тастауға қарсы оң және сол жақтан топ-спинді үйрену;

    • оқушылардың өз бетімен кесіп тастау мен жазуға қарсы ауыстырып оң және сол жақтан өңдеу,

    • белгілі жерден басқа жерге оң және сол жақтан топ-спиндер;

    • бір нүктеден екі әр түрлі нүктеге оң және сол жақтан топ-спиндер,

    • өзінің алаңынан бір нүктеге оң және сол жақтан топ-спиндер.


1.6 Тіреуіш
1.6.1 Қысқаша теориялық мәлімет
Тіреуіш – теннисистердің шапшаң шабуылдарды орындайтын техникалық тәсілдердің негізін салушылардың бірі болып табылады. Тіреуіш тәсілінің ерекшелігі теннисшінің үстелдің қасында ойнауы болып табылады. Ол қозғалыста, доптың жылдамдығы үлкен, сондықтан доптың ұшу бағытының өзгертілуі жиі кездеседі. Қарсы шабуыл кезінде ойыншы жылдамдық немесе күшті тәсілді соққыларды әр түрлі бағыттарда жіберуін, қарсыластың орнынан қозғалысын және ойынды өзінің ынтасына аудару. Кейбір жағдайларда бұл тәсіл ойын кезінде қарсыластың әлсіз жерлерін қоладна алады және өзіне шабуыл соққыларды үшін жақсы жағдайлар туғызады, ойынның енжар сипатында немесе күштердің бірдей болу кезінде тіреуіштер белсенді қорғау мен ойында өзіне ынтасын аудару үшін көмектеседі. Тіреуіш тәсілін үйренген кезде және оны ойында қолданған кезде, допқа үлкен жылдамдық беруін үйрену керек,ойында «тұтқыр» сипатына беріп, күшті соққыны қарсыластың әр түрлі нүктесіне бағыттау.

Доптың үлкен ұшу жылдамдығы – тіреуіш тәсілінің ең маңызды шарты. Үдемелі тіреуіш техникасының бастысы – ұшып бара жатқан допқа соққы берілетіндікте болады. Соққының күші – тіреуіш техникасының екінші талабы болып саналады. Егер күшейтілген тіреуіш тәсілін қабылдаған кезде, бұл тіреуіштің мықтылығын күшейтуге мүмкіндік береді, бүйірінен шабуыл соққылар жасау үшін жақсы жағдай туғызады. Күшейтілген және әлсіз тіреуішті үстелдің ортаңғы зонасында шабуыл соққыларды орындаған кезде, қарсыласты қозғалуға мәжбүр етеді, қимылдарын қысқартып, ынтасын басып алуына мүмкіндік береді.

Біршама мағынада тіреуіштің күшінің күшейтуін оның жылдамдығының күшейтуіне қабілет жасайды. Соққының күшін көбейткен кезде келесі моменттерге аудару керек. Біріншіден соққы доптың ең биік нүктесіне қарғып түскен кездегі уақыт моментінде ғана мүмкін болатын (сонда соққының нүктесі тордың биіктігімен немее жоғарырақ болған кезде ғана мүмкін болады, ал бұл соққының күшейтуіне қабілет жасайды, екіншіден, ойыншының оң жағынан кеуденің деңгейінде нүкте соққысы болды, иығы мен білектің күшін алдына қарай бағыттауын қабілет жасайды. Егер соққы нүктесі тым сол жаққа қарай кетіп қалса, бұл солға қарай бағытталған күшті көбейтеді, алдына келтірілген күшті азайтады. Үшіншіден, күшейтілген тіреуіш тәсілін қолданған кезде сілтеу ең алдымен білектің буынның артқа- алдына күшпен орындалуымен орындалады. Сондай-ақ, осында дене мен ортаңғы саусақтың қосымша күші қажет.

Ойыншының қозғалыстары аз, жасырын сипатта қозғалыстары шұғыл болғандықтан Қарсыласқа тіреуішті қолданған ойыншыға қарсы тұру қиынға түседі. Тіреуішті қолданған кезде, доптың ұшу бағыты, айналуы мен күші өзгереді. Доптың ұшу бағытын өзгерткен кезде, ойынды түзу, диагональ қысқа және ұзын, сондай-ақ алыс және жақын қашықтықта болуын жорамалдайды. Түрткі мен қысым күшін белсенді қолданғаннан ғана өзгеріс мүмкін болмайды. Ойынның енжар сипаты кезінде де доптың ұшу бағытын сәйкесінше қадағалап отыруын білу керек.

Допқа әр түрлі айналу беру үшін, сондай-ақ жауапты допқа жылдамдық немесе бүйірінен айналуды беретін итеріп шығару техникасымен бірге, допқа астыңғы айналуды беретін түрткі техникасын үйрену қажет. Бұл топ-спинді қолданатын теннисистпен ойын кезінде үлкен мән береді. Қатты және әлсіз соққыларды жиі ауысып үйлестіретін және доптың ұшу бағыты мен жылдамдығын өзгеретін тәсілін, сондай-ақ ортаңғы зонада ойнаған қарсыласқа қарсы қолданыла бере алады. Соққы моментінде ойыншының қалақшаны ұстаған бұрыштың икемді өзгерілуі, техникалық тәсілдің күшті салу бағытының негізгі болып табылады. Олармен әрдайым үйрену қажет.

Аталған талаптар тіреуіш техникасына лайықты белсенді ойынның шабул стилінен шығады.

Тіреуішті қолданған кездегі тағы бір талап – ойынның «тұтқыр» сипаты болуы. Жарыс тәжірибесінде күшті түрткіден немесе қатты агрессиялық шабуылдан кейін, келген жағдайдан дұрыс жол табу мүмкіндігі болмаса немесе тиімсіз жағдайларда, тіреуішті қолданған кезде күштердің бірдей болуы жиі кездееді. Ойын енжар болып кетеді. Ондай жағдайда ойынға «тұтқыр» сипат беріп, ойыншы қалақшаны ұстау бұрышының өзгеруіне, доптың ұшу бағытының өзгеруіне, күштің өзгеруіне, доптың айналуымен күресуіне назар аудару қажет. Қарсыласпен ұзақ күрес жасау үшін, тіреуіш орындаған доптың ұшу траекториясын анық бақылау керек. Ойыншылар тіреуіш тәсілін қолданған кезде «тұтқыр» сипатындағы ойын, шұғыл шабуыл соққы техникасы және сайыс кезінде, әрдайым жетілдіретін теннисшілерге үлкен мән береді.

Жылдамдықпен, соққы моментімен, күші мен оның бағыты мен ойыншының қалақшаны ұстау бұрышымен, қалақша мен доп жанасқан кезде тұру қалпын сәйкесінше, сондай-ақ жауап доптардың айналуымен тіреуіш техникасын келесі алты түрге бөлуге болады: сол жақтан шапшаң тіреуіш, күшейтілген тіреуіш, қолды жанына жіберумен тіреуіші, астыңғы айналуымен тіреуіші; әлсіз тіреуіш және оң жақтан тіреуіш. Аталған техникалық тәсілдерді бөлек қарастырамыз. Бұл техникалық тәсілді қайталануын жібермес үшін ойыншының жалпы қалпын және тіреуішті орындаған кездегі дайындауына байланысты (түрлерін талдау кезінде) келесі түсініктерді берейік. Спортшының үстелден тұратын қашықтығы әдетте 30-40 см ойыншының бойына байланысты анықталады. Ойыншы аяқтарын иығының жалпақтығынан көбірек алады, оң аяғын алдына қарай сәл қояды, ал қашықтығы табанның жартысы болатындай етіп сол аяғын – сәл артқа қарай; табандар параллель болу керек. Дене сәл алдына қарай еңкейтілген, дененің ауырлық күші ортасында, тізе сәл бүгілген. Қалақшаны көлденең қалпында – бұрышы 90º үстелдің бетіне қатысты. Сұқ саусақпен ойыншы қалақшаға сәл басады, ал бас бармақ бос қалпында болады, иық пен шынтақ ойыншының оң бүйіріне тығыз жанасқан, иық пен білек арасында бұрыш 100º құрайды, иық бос.

Шапшаң жылдамдық. Жауап доптың жылдамдығы үлкен болады. Соққы түзу бойымен де, диагональ бойымен орындала алады. Күштердің бірдей немесе түйісу кезінде теннисші ойында, қарсыластың оң және сол жақ алаңына бағытталған түрткі соққыларын қолданады. Шабуыл соққылар да қолдануға болады, бұл шабуылды тартып алуына жақсы жағдай туғызады және оң жақтан шабуыл жасау, нәтижесінде қарсыласқа мүлт жіберуіне мүмкіндік береді, жақсы моментін жіберп алады. Қарсыластың көңілін аударатын және уақытын жеңіп алуға мүмкіндік беретін қорғалмайтын жерлерге шабуыл соққыларды қолдануға да болады, шабуылды өзіне аударып алатын және оң жақтан шабуыл соққыларға жақсы жағдай туғызатын, нәтижесінде қарсылас жақсы моментін жіберіп алып, мүлт жібере алуына мүмкіндік береді. Шапшаң тіреуіш, ереже бойынша, қарсыластың шабуыл кезінде орындаған, тіреуіштің күші орташа, әлсіз айналуы бар допқа қарсы жазуда қолданылады.

Соққыны жасау кезге дейін ойыншы білегі мен иығының күшімен қалақшаны сәл артқа жібереді. Соққыны жасаудан бұрын қолды шапшаң созып, доп пен қалақшаның жанасуы, көтеріліп бара жатқан доп бойынша жүзеге асырылуы керек. Доппен жанасқан кезде, ортаңғы немесе жоғарғы жағымен соғып, қалақша оның айналуын өзгертеді. Қолдың қосымша күші негізгі алдына және сәл жоғары бағытталған.

Күшейтілген тіреуіш күшейтілген тіреуішті қатты дауап соққымен, доптың ұшу жылдамдығының үлкен болуына, доптың ұшу бағытының жиі өзгеруімен айырады. Ойында қолданған, күшейтілген тіреуіш қарсыласты енжар қорғауды жүргізуге, үстелден бірталай қашықтықта орын ауыстыруына мәжбүр етеді. Күшейтілген және әлсіз тіреуішті үйлестіру қарсыластың әрекеттерін тиімді соғып шығаруына ойында өз ынтасына аударуына көмектеседі. Күшейтілген тіреуіш, ереже бойынша, әлсіз үстіңгі айналу мен ұшу жылдамдығы аз болатын доптарға қарсыластың жеңіл шабуыл соққылары мен тіреуішке қарсы тұруға қолданылады.

Соққыны бермес бұрын ойыншы білекті жоғары көтереді, иықты артқа жіберіп, шынтақ тығыз жанасқан. Соққыны көтеріліп бара жатқан доп бойынша немесе қарғып түсудің ең биік нүктесіне жеткен кезде соғады. Соққыны жасаған кезде ойыншы тіктеледі және дененің бұрылуымен қол буынның күшеюін толықтырады, сондай-ақ ортан саусақтың күшімен алдына бағытталған, қалақшның сырт жағына қысым түсіреді.

Қол басқа жаққа жіберліген. Бұл техникалық тәсіл, жауап доптың төменгі бүйірінен айналуымен сипатталады, доп пен қалақша жанасу үлкен бұрышы оның төмен ұшу траекториясы. Ереже бойынша қатты айналуы бар немесе шабуыл соққыларды қолды басқа жаққа жіберуін қолданған доптардың шағылуы кезінде доптың айналуынын, доппен жанасқан кездегі бұрышы мен оның ұшу бағытын өзгертуге мүмкіндік жасайды.бұл қарсыласқа шабуыл соққыларын орындауға және шабуылды жасау үшін қолайлы жағдай туғызуға мүмкіндік береді. Бұл техникалық тәсілді қолданған ойыншыға қалақшаны үлкен бұрышта ұстау қажет және допты торға қысқа бағыттау қажет, алайда, сол үшін доптың ұшу жылдамдығы аз болады, бұл тәсілді доптың ұшу траекториясын өзгертетін тіреуішпен үйлестіріп орындау қажет.

Соққыны көтеріліп бара жатқан доп бойынша соғады. Ұшу траекториясы мен айналуы доға тәрізді болған доп бойынша соққы берген кезде, теннисші оған қарсы, қолын алдына қарай созады. Диагональ бойынша соққы орындаған кезде, қалақша доптың ортаңғы немесе үстіңгі жағымен жанасады, қолдың күші солға-алдына-төмен бағытталған. Тігінен соққы орындаған кезде қол буыны бүгіліп, ойнау беті тік қалпында, қалақша доптың ортаңғы немесе үстіңгі жағының оң жақтан соғылады, қолдың күші алдына қарай бағытталған.

Доптың төменгі айналуымен тіреуіш. Бұл тәсіл үшін ұзын доп, ұшудың төмен траекториясы, доптың төменгі айналуы, қарсыластың алаңына түскен кездегі келетін жылдамдығымен сипатталады. Доптың төменгі ауналуының тіреуішін қолданған кезде, шабуылға қарсы жауап доптың айналу сипатын өзгертеді, шабуыл доптардың немемсе соққы жасалған доптардың торға түсуіне әкеліп соғады, сондай-ақ қарсыластың енжар ойын жүргізуге мәжбір етеді. Алайда, сол үшін ойыншы көп күш жұмсай алмайтындықтан, бұл тәсілді допқа қарсы қолдану, жоғарғы айналуы бар, біршама қиындық туғызады. Сондықтан төменгі айналуымен тіреуішті қосымша техникалық тәсіл ретінде қолдануға болады.

Төменгі айналуы бар доптың тіреуішін қарсыластың бүйірінен және төменгі айналуы бар допқа қарсы тұру үшін қолданыла алады, сондай-ақ ұзын резеңке тітіркелері бар қалақшамен орындалған төменгі айналуы бар допқа қарсы қолданылады.

Соққы доптың ең биік қарғып түсу нүктесіне жеткен кезде жанасады. Соққы моменті кезінде ойыншыға қалақшаны сәл артқа жіберу қажет. Доп пен қалақшаның жанасуы оның ортаңғы немесе астыңғы жағымен жанасуымен орындалады, күш алдына төмен бағытталған. Соққының негізінде білек пен буынның күші болады, доптың төменгі айналуын ұлғайтатын алдына бағытталған доп пен қол буыны жанасқан кезде ойыншы кесуді орындайды.

Әлсіз тіреуіш. Әлсіз тіреуіш жауап доптың төменгі ұшу траекториясы, қысқартылған күштерімен сипатталады. Мақсаты әлсіз тіреуішті шабуылға қарсы қолданған кезде ойыншының тепе-теңдігін бұзуы болатын немесе күшейтілген тіреуіш пен үйлестірілген қарсыластың қорғану үшін үстелден ауытқып кетуіне мәжбүр етеді. әлсіз айналуы бар допқа қарсы тұру, бұл соққы күшін және доптың ұшу бағытын өзгертуге мүмкіндік береді, сонымен қарсыласты алға-артқа орын ауыстыруына мәжбүрлетеді, содан кейін, қолайлы жағдайда таңдап алып, ынтасын өзіне аударып оң немее бүйірінен соққы ынтасын өзіне аударып береді. Осы себептен әлсіз тіреуіш ереже бойынша ойыншының күшейтілген түрткі және оң жақтан қатты күшейтілген соққымен қарсыласты үстелден шегінуге мәжбүр етеді. Күшейтілген және әлсіз тіреуіштерді үйлестіріп қолданған кезде үстелдің ортасына жіберілетін ширатылған жазуға қарсы күрес кезінде тиімді тәсілдерді көрсетеді.

Допқа соққы берген кезде қол мен қалақшаны басқа жаққа жіберу керек емес – оны сәл бүгіп, білек пен қалақша үстіне қарайтындай, ал қалақшаның беті алдына қарай бағытталуы керек.

Доп үстелді жеткен кезде ойыншы қолды алдына және бір уақытта дененің ауырлық күшін сәл жоғарыға ауыстырады. Доп пен қалақшаның өзара әсерлесуі қолды көтерген кезде, барлық қозғалыстар еркін орындалға.н кезде жасалады. Доп пен қалақша жанасқан кезде тежеу моментінде қол мен қол буынын артқа қарай жібереді.

Оң жақтан тіреуіш. Қарсылас үстелдің оң жағына немесе торға қысқа, допқа үстіңгі және ұшуға жоғары жылдамдық беретін техникалық тәсілдерді орындаған кезде, ал ойыншы соққы үшін қолайсыз қалпын қабылдаса, ол оң жақтың тіреуішін қолдана алады.

Оң жақтың тіреуішін екі тәсілмен айырады: допты қағу және шапшаң түрткі. допты Оң жақтан қағу негізінен ұшу траекториясы доға тәрізді және тордың оң жағынан айналуы болатын доптарға қарсы күрес үшін қолданылады. Қарсыласқа шабуылды жасау үшін көп күш жұмсауға мәжбүрлететіндей, доптың ұшу траекториясы төмен болатындай етіп орындау керек. Допты оң жақтан қағу кезінде жауап доптардың жылдамдығы көбееді немесе соққылардың күші шапшаң түрткі үшін жағдай туғызады. Шапшаң түрткі негізіне қарсыластың доптың ұшу траекториясы жоғары және айналуы оң жағынан болатын, сондай-ақ ұшудың жылдамдығы аз допқа қарсы тұруға қолданылады.

Қазіргі уақытта теннисшілер допты оң жақтан қағып алуы кең таралаған. Ал шапшаң түрткіні қолданатын ойыншылар сирек кездеседі.

Допқа соққы бермес бұрын ойыншы білегін жоғары көтеріп, ойыншының ауырлық күші сәл жоғары қарай ауыстырылады.

Соққыны жоғарылап бара жатқан доп бойынша жасалады. Қолдың ішке қарай бұрылуымен бас бармақпен біршама күш келтіріледі, қалақша допқа ортаңғы немесе оның оң жақ үстіңгі жағымен соғылады.

Доп пен қалақша жанасқан кезде ойыншы қол мен қол буынымен аз ғана күш келтіреді. Доп пен қалақша жанасқан кездегі бұрыш өзгермейді және шамамаен 20º-ты құрайды. \

Соққыны жасамас бұрын, ойыншы білекті жоғары көтереді, сондай-ақ дененің ауырлық күші сәл жоғары ауысады, бір уақытта қол мен қалақшаны артқа және денені сәл оң жаққа бұрып жібереді.

Соққыны көтеріліп бара жатқан доп бойынша жасайды немесе қарғып түсудің ең биік шыңын жеткен кезде орындалады. Білекті бұрған кезде, ойыншы ішінде бас бармақпен қалақшаға қысым түсіреді; қалақша мен доптың жанасуы ортаңғы немесе оның оң жағының төменгі жағымен жасалады.

Соққыны орындаған кезде теннисші күшін қолымен алдына-төмен бағыттайды. Дененің аса көп емес бұрылуы ойыншыға соққы күшін түрткімен орындауға мүмкіндік береді.
1.6.2 Оқыту әдістемесі


  1. теннисші тіреуішті орындағаннан бұрын қолын артқа жібермеу керек; соққыны жасау қашықтығы үлкен болмау керек – бұл оған үлкен күш береді.

  2. ойыншының иығы мен білегі оң жағынан болса, қалақша тік қалпынан ауытқиды, түрткінің жылдамдығы мен соққы күшіне әсер етеді.

  3. тіреуішті түрткімен орындаған кезде, соққыға қосымша күш беру үшін бұрылыстар жасаудың қажеті жоқ.

  4. соққының дұрыс қалпын анықтау үшін шектеулі кеңістікте орын ауыстыруға әрдайым жүгінугі қажеті жоқ.

  5. қол буынның артқы қозғалысының салдарынан әрдайым допқа соққы берілетін бұрышы өзгереді немесе ойыншы оған уақытынан бұрын күш көрсетеді.

Жаттығулар кешені

    • жаттығушының бақылауымен оң және сол жақ тіреуішті орындау;

    • жаттығушымен берілген топ-спинге қарсы оң және сол жақ тіреуішті орындауын үйрену;

    • оқушылардың топ-спинге қарсы оң және сол жақтан ауыстырып өздігінен үйрену;

    • белгілі зонадан белгілі зонаға оң және сол жақтан тіреуіші;

    • бір нүктеден әр түрлі нүктелерге оң және сол жақ тіреуіштер;

    • барлық алаңнан бір нүктеге оң және сол жақ тіреуіштер;



1.7 кесіп алу (подрезка)
1.7.1 қысқаша теориялық мәліметтер
Кесіп алу техникасына 2 ерекшелігінің болуымен сипатталады. Қатаң соққы мен соққыны орындау кездегі белсенділік.

Қатаң кесіп алудың негізіне соққы орындаған көптеген жағдайларда түсіп бара жатқан үстелден біршама алыстаған кезде доп бойынша орындалады. Сонымен ойыншы дайындалып алуға қажетті уақытты алады; сол уақытта құлап бара жатқан доптың жылдамдығы мен айналуы төмен және әлсіз болғандықтан, жауап соққыны беруге де аса үлкен қиындық тудырмайды.

Кесіп алудың белсенді мінезі оның вариативтілігінімен түсіндіріледі; доптың оң және сол жақ айналу күшінің, ұшу бағытының жалпақтығы мен үстелдің ұзындығымен де айырылады. Бұл, ережеге сай, шабуыл кезінде қарсыласты қиын жағдайға соқтырып, енжар әрекеттер істеуге мәжбүр етеді, мүлт етулер де мүмкін.

Ойынның табысты тәсілдерін үйрену үшін, доптың ұшу траекториясын доға тәріздіге келтіретін және айналу, сондай-ақ ұзын және қысқа доптарды орындау кезде, доптың төменгі айналу тәсілдерін үйрену қажет.

Допқа төменгі айналуды беретін және ұшу траекториясы доға тәрізді болатын кесіп алу. Ондай кесіп алудың ерекшелігі қарсыластан қайтып келген доп үстелден қарғып кетуінен кейін төмендеген кезде орындалуында болады. Осы кезде доптың айналуы әлсізденіп және соққыны төменгі нүктеден орындайды, күшін жарым-жарты қолдануға, жоғары бағытталған табиғи доға тәрізді траекторияны қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан қолдың күшін азайтуына мүмкіндік беретін, сондай-ақ траекторияның ұшу биіктігін бақылауын және жауап соққының нақтылығын күшейтуінен басқа, доптың айналуын да жеңіл күшейтуге мүмкіндік береді.

Кесіп алуды орындаған кезде, ең алдымен қарсыластың доп берген қашықтығына байланысты үстелден белгілі тұру қалпын ұстау қажет. Егер доп үстелдің артқы сызығынан жақын түссе және ұшу жылдамдығы үлкен болса, ойыншыға жылдам бір қадам артқа шегінуге керек. Егер доп үстелдің ортаңғы зонасына түссе, онда бір қадам алға жүру керек. Ереже бойынша, допқа соққыны өзінің алдында оң жақтан орындайды.

Кесіп алуды орындамастан бұрын ойыншы доп бойынша соққы беретін нүкте мен қалақшаның арасындағы қажетті қашықтығын қамтамасыз етуіне жылдамдатуына қажет үдеу беру үшін, артқа-үстіне қарай үлкен сілтеу жасайды.

Тізе әдетте бүгілуден сәл көбірек болу керек – бұл теннисшіге қатаңдылық береді, кесіп алуды күшті етеді.

Доп жақындаған кезде ойыншы қолының күшімен ең алдымен допқа қысым түсіреді, ал содан кейін кесіп алудың өзін орындайды, яғни алдымен иығын үдетеді, содан кейін білегін және допты алдына бағыттайтын соққыға үлкен күш келтірілетін доп бойынша төмен соғады. Кейбір жағдайларда доптың күшті төменгі айналу соққысын орындаған кезде ойыншы сәл алдына қарай еңкееді, еңкейіп сондай-ақ тізесін бүгеді, қолға қосымша күш беру үшін доп қалақшаның бетімен жанасқан кезде беті тым артқа ауытқымау керек, ал ортаңғы жағымен жанасқан кезде төменге қозғалып, сол кезде ойыншыға биік доптардын құтылу үшін қол буынына көп күш жұмсау қажет.

Егер қарсыласпен шағылған доптың үстіңгі айналуы қатты болса, онда мүмкіндігінше қалақшамен жанасуын оның айналу осіне жақын жанасу қажет.

Денеге бағытталған кесіп алу добы. Ойыншыға қарсыластың денеге бағытталған кесіп алуын жорамалдауға қиынға түседі. Егер доп ыңғайсыз берілсе, ойыншыға қарсыластың үздіксіз шабуылдарынан құтылу қиынға түседі және мүлт жіберіп алу жағдайы да болады. Сондақтан қарсыластың дәл денеге бағытталған кесіп алуын нақты орындаған кезде, жылдам орын ауыстырып және шегінуге тура келеді, допқа соққы берілетін нүктеден мүмкіндігінше алыстау керек. Одан басқа қарсыластың үздіксіз шабуыл жасауына мүмкіндік бермеу үшін қарсыластың шабуыл кезінде бағытталған жауап доптардың қай бағытта ұшатынын қатаң қадағалау қажет.

Қарсыластың шабуыл денеге тура бағытталған кесіп алуларды орындаған кезде, доптың қай бағытта ұшатынын – дененің оң әлде сол жағына ұшатынын жедел бағалауға өте маңызды, содан кейін қандай техникалық тәсілді қолдануға болатындығын таңдау керек. Егер қарсыластың берген добы денеден сәл ауытқыса, онда ойыншыға оң жаққа және сол жақ кесіп алумен допты қабылдап шегінуі қажет. Егер қарсыласпен шағылған доп дененің ортаңғы сызығына бағытталса немесе сәл солға ауытқыса, онда ойыншыға сол жаққа және оң жақ кесіп алумен допты қабылдап шегіну қажет.

Денеге тура бағытталған сол жақтан кесіп алуды орындаған кезде, оң жаққа шегінумен қолды оң бүйірге қысу қажет, ал білекті допқа шапшаң соққыға әкелетін, қалақша кеудеден жоғары тік қалпында болатындай етіп жоғары көтеру керек. Доптың денеге жақындаудан бұрын теннисші білегімен жоғарыдан төмен қоғалыс жасайды (ойыншы үстелден алыс тұрған сайын, соққы да күштірек болады; ойыншы үстелге жақын болғанда күшін төменге аз береді, доптың ұшу траекториясының биіктігін қадағалауға мүмкіндік береді;).

Денеге тура бағытталған оң жақтан кесіп алуды орындаған кезде, сол жаққа шегінумен иық денеге тығыз жанасатындай, ал білек сол жоғары қарай көтерілгендей қалақша тік қалпында тұратындай етіп қою керек. Доп жанасқан кезде, негізінде білекпен төменге қарай орындайды. Жауап доптың ұшу траекториясының биіктігін қадағалау үшін доп пен қалақша жанасқан моментінде иық дененің алдында қозғалады. Қол буыны сондай-ақ ішке қарай бүгіледі. Ондай қозғалыс кезінде доп қарсыластың алаңының оң бұрышына ұшады; егер доп пен қалақша жанасқан кезде айналу қозғлысын орындамаса, ішке бағытталған, ал қол буыны қалақша сол жаққа сәл кететіндей етіп жайылады, ондай жағдайда доп қарсыластың алаңының сол жақ бұрышына ұшады.

Денеге тура бағытталған кесіп алу сол немесе оң жақтан орындалуына тәуелсіз,егер шағылған доптың жылдамдығы үлкен болса, ойыншының денесін жақындайын деп келгенде, төменге бағытталған доптың ұшу траекториясы төмен болатындай табиғи күшімен қолдың күшін толықтыру үшін, доппен жылдам соққы беруінен бір уақытында жоғары ескеру қажет.

Кесіп алудың неігзі тәсілдерін үйреніп алғаннан кейін, ойыншыға сондай-ақ қысқа жауап соққыларды орындауға мумкіндік беретін жылдам орын ауыстыру тәсілдерін үйреніп алуға қажет. Жылдам орын ауыстыруды қолданғанда, ойыншы соққы нүктесі алдында болатнын мұқият бақылау қажет. Егер орын ауыстыру сол жаққа жылдам орындалса, онда соққы нүктесі ойыншының оң жағының алдында блу керек; егер сол жақтан болса, онда ойыншының сол жағының адында болады.

Оң жақтан кесіп алу. Бұл техникалық тәсілдің негізгі мақсаты – допты қарсыластың алаңының жағына қайтару, оған төменгі айналуды беріп және ұшу траектриясы төмен болады. Бұл тәсілді жаңа келген ойыншыға қарсы сондай-ақ қорғау ойынында қолданады. Алайда жоғары деңгейдегі ойыншылар кесіп алуды шабуыл әрекеттеріне өту үшін аралық құралы ретінде пайдаланылады.

Қозғалыстың бастапқы сатысында сол аяғы мен сол иығы үстелдің сол бұрышында жақын орналасады, оң жақ аяғы артында, аяқ тізеде сәл бүгілген, ауырлық күші оң аяғында, қалақша иықтың деңгейіне дейін жоғары тұрады, бірақ күшейтілмеген. Қол білегі табиғи қалпында, қалақшаның тұтқасы төменге бағытталған, дене үстелге қатысты тік бұрышта болады. Бұл кезде ұшып келе жатқан допты қарсы алуды дайындалып, қол алдына төмен қозғала бастайды. Доп пен қалақша жанаспас бұрын дене сәл төменге еңкейіп, сол жақтан оңға қозғалады, доп пен қалақшаның жанасуы ойыншының кеудесінің алдында болатындй етіп қол алдына қарай төмен және сол жаққа қозғалуын жалғастырады.



Доп пен қалақшаның жанасу моментінде допқа төменгі айналу беретіндей етіп, білек қалақшаға үдеу береді. Осы кезде дененің ауырлық күші біртіндеп оң аяқтан сол аяққа ауыстырылады. Ксіп алудан кейін доп инерция бойынша алдына және солға қозғалады, ауырлық күші сол аяққа түгелімен ауыстырылады. Дене үстелге бұрылады. Ойыншы келесі соққыны орындау үшін алғашқы қалпын келтіреді.

Сурет 13 сол жақтан кесіп алу


Сол жақтан кесіп алу. Сол жақтан кесіп алуды орындау үшін негізгі қалпы оң жақтан кесіп алуды орындау кезінде тұру қалпынан қарама-қарсы. Доп пен ойыншының алдында болған кезде, білек үдемелі алдына, төмен оң жаққа қозғалады. Доп пен қалақша жанасу кезінде қол білегінің қозғалысымен жоғарыдан төменге білектің қозғалысының қадамы бойынша бопқа төменгі айналудың күші беріледі. Дортың ұшу бағытын өзгерту үшін қол білегінің қозғалысын қоланады. Қозғалыс үрдісінде дене сәл бұрылып, ауырлық күші оң аяққа ауытырылады.

Оң жақтан кесіп алудан айырмашылығы сол жақтан кесі алу ойыншыға бағытталған тура доптарды қағуға мүмкіндік береді. Ондай жағдайда қозғалысты білекпен және қол буынмен орындайды. Қалақшаның ауытқу бұрышын мен доп бойынша соққының күшін, сондай-ақ ойыншының оң жақтан кесіп алуы ойнынан анықталады.

Қалақшаның ауытқу бұрышы (көлденең бетке қатысты) соққының кезінде 0-90° қа дейін болады. Егер қарсылас төменгі айналуы бар допты берсе, күшті болған сайын, ауытқу бұрышы да өткір болады. Өте күшті қарсы кесіп алу кезінде қалақша доптың астына дерлік көлденең болады. Үстіңгі айналуы бар допты қағу кезінде қалақшаның ауытқу бұрышы көп болады.

Өте қатты үстіңгі айналу және кесіп алу кезінде шұғыл болу керек, ал қалақшаның бағыты дерлік тігінен болу керек. Кейде ондай аса айналған доптарды айналу жылдамдығы азайған кезде жерден де қағып алады.



Кесіп алу кезінде оны қабылдайтын соққы күші қарсы доптың жылдамдығынан және үстелдің қашықтығынан тәуелді болады.

Сурет 14 сол жақтан кесіп алу



Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет