1. Теннисшілердің техникалық дайындығы



бет1/7
Дата01.06.2017
өлшемі1,54 Mb.
#17341
  1   2   3   4   5   6   7
Кіріспе
Үстел теннисі «дене тәрбиесі» пәнінде студенттердің білім жүйесінде өте кең тараған ойын. Бұл үстел теннисінің спорттық және қозғалыс ойындары ретінде аса көп материалдық шығынды және спорттық жарыстарда, жаттығуларда аса көп орынды талап етпейді. Сонымен бірге ойын кезінде жоғары қозғалыс белсенділігі мен ерекшелене отырып студенттердің бойына жылдамдық, ептілік, қимылды басқарушылық, зейінділігін арттыру , әрекет жасау, көзбен мөлшерлеу, ойлау сияқты қабілеттіліктерін қалыптастырады.

Үстел теннисі өте қызықты, жан жақты, әр жастағы адамдар үшін қол жетерлік ойын. Ол өте құмарлы және назданбайды Қимыл қозғалыстың тездігі, шабуылдардың шапшаңдығымен, техникалық қиыстырулардың кенеттілігімен оқиғалардың әсерлілігімен өзіне қатты қызықтырады. Қимыл қозғалыс, дағдылардың әр түрлілігімен, түрлі үйлестік пен күшейте түсуімен, барлық физикалық сапалардың дамуына жағдай жасайды.Ойын кезінде ойыншы жалынды, жігерлі күшпен бірге дене қозғалыына қосымша күш береді. Үстел теннисі негіздерін оқыту ЖОО бағдарламасына кіреді. Студенттер ойынның жаңа элементтері мен ойын тактикасын меңгеріп, ойынның негізгі ережелерімен танысуы қажет. Үстел теннисімен шұғылдану студенттердің физикалық дамуына, пәнмен, күн тәртібімен, гигиена және өз өзін бақылауымен танысуға бағытталуы тиіс.




1.Теннисшілердің техникалық дайындығы
1.1.Қалақты ұстау тәсілдері
1.1.1.Қысқаша теориялық мәліметтер
Жақсы ойын үшін тек жылдам қозғалу ғана емес сонымен бірге қатты да, дәл соққы жасай білу керек. Үстел теннисін

Жақсы ойнау бұл өнер, ойынның териялық білімін ғана емес, сонымен бірге техникалық өзгешелігін де игеру керек.Ең алдымен қалақшаны қалай ұстау керектігін білу керек.көлденең (европалық) және тігінен (азиаттық) ұстау тәсілі.

Қалақшаны ұстау тәсілдері оның осінің көлденеңінен тұрғандағы салыстырмалы жағдайына сәйкес болады. Тік ұстаған кезде қалақшаның ұстағышын бас бармақ пен сұқ саусақпен, қалам ұстағандай етіп ұстау. Сондықтан да бұндай ұстауды «қалам ұстау» деп атайды. Бұл ұстау әдісімен қалақшаның алақан бетімен допты қайтару ыңғайлы.

Европалық үстел теннисінде және біздің елде «қалам» әдісімен қалақшаны ұстау кең таралмаған, сондықтан қалақшаны ұстаудың басқа әдістерін қарастырайық. «Қалам» әдісінде ойыншы үстелдің сол жақ бұрышына жақын орналасады, сөйтіп үстелдің оң жағындағы ойынды бақылай алады. Бұл ұстаумен, тәсілмен өзіңнен жақын допты қайтарған ыңғайлы. Сонымен бірге сол ақтан соққы беру, қия соғу, астынан алып соғу, доптың «топ спин» айналуы болады. «Қалам» үстел маңындағы ширақтықтылықтықажет етеді.


1-сурет Қалақты тік ұстау


Қалақтың тұтқасын көлденең ұстау кезінде үш саусақпен ортаңғы, аты жоқ, шынашақ саусақпен ұстайды. Ортаңғы саусақ қалақтың шетімен созыла, ал бас бармақ сырт жағына орналасады және ортаңғы саусаққа болар болмас тиіп тұрады. Бұл қалақтың екі жағымен де бірдей ойнауға тиімді. Бұл ұстау шабуылдау мен қорғаныс соққыларын сол жағынан да, оң жағынан да жасауға ыңғайлы.

2-сурет Қалақты көлденең ұстау


1.1.2. Оқыту әдістемесі
Қалақты жылдам және жеңіл қолға үйрету үшін, әртүрлі жаттығулар бар. Оларды қай жерде болмасын өз бетінше, үйде де, далада да жасауға болады.

Допты соғу.Допты қалаққа қойып алып, шамамен белуардан деңгейінде ұсталған қалақпен допты астыңғы жағынан соғу. Әуелі бір жағынан соғу, сосын екінші жағынан соғу, кейіннен сол және оң жағынан кезектестіріп соғу.

Қабырға жанындағы ойын. Қабырғадан 3-4 метр қашықтықта жартылай оңға бұрылып тұру, допты қалақсыз жайлап соғу, қалақпен оны қабырғаға соғылып, өзіңізге қайтып келетіндей етіп соғу керек. Бұл жағдайда допты әр соққыдан соң бос қолымен қағып алып отыруға, содан соң бұл қарапайым техникалық элементтен соң қалақпен соққыларды тоқтаусыз, соққы санына жасауға болады. Бұл жаттығуды күрделендіруге болады. Ол үшін ауадағы допты әуелі еденге соғып, сосын қабырғаға, одан кейін өзіңізге қайта соққы жасау үшін қайтып келуі тиіс.

Жаттығулар жиынтығы;



  • қалақты дұрыс ұстау арқылы доппен жонглерлік ету:

  • қалақтың бір жағымен;

  • қалақтың басқа жағымен;

  • екі жағымен кезектестіріп;

  • қабырғадан ұшырып ойнау;

  • еденге тигеннен кейін қабырғаға соғу;

  • қалақпен допты соғу (бадминтон ойыны сияқты)

Жонглерлік жасау кезінде қалақ белуар деңгейінде болуы керек, ал доп бастың деңгейіне дейін көтерілуі тиіс.
1.2. Теннисшінің тұрысы мен қозғалысы
1.2.1. Қысқаша теориялық мәліметтер
Спортшының дұрыс тұруы, бұл аяқтарын иықтың көлемінен кеңірек, тізені сәл бүгіп, ішке қарай ұстау, табанды толық жерде ұстау, аяқ үші сәл ғана екі жаққа қаратылған, өзі аздап алға еңкейіп тұрады. әр ойыншы өзіне ыңғайлы тұрысты таңдап алады. Бұл ойыншының бойына, физикалық күшіне, қимыл қозғалысын басқаруына, ойын стилінің ерекшелігіне байланысты.

Қозғалыстың техникасын жылдам, әрі тез игеру үшін бастапқы қалыпты дұрыс таңдап ала білу керек, бұл соққы мен қозғалыстың жылдамдығының сапасына әсер етеді.

Ойыншының қозғалыстарының басты мақсаты, неғұрлым жылдам орын ауыстырып соққы беретін жерге жету, дұрыс, ыңғайлы тұрып, дәл соққыны жүзеге асыру.

Дұрыс бастапқы қалыпты таңдау техникалық соққының дұрыстығына ғана емес, сонымен бірге қозғалыстың жылдамдығына да әсер етеді.Үстел теннисі ойынындағы дұрыс тұруды қарастырайық.



Бейтарап жағдайда теннисші үстелге бетімен қарап, аяқтары иық кеңдігіндей немесе одан да кең, аяқ үштері сәл екі жаққа қарап, өкшелері көтеріңкі, салмақты аяқтың үшіне түсіріп, тізелері сәл ішке қарап, тізе тұсында аяқ аздап бүгіледі.

3- сурет Теннисшінің бейтарап тұрысы (алдынан және жанынан қарағандағы жағдайы)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет