Күні: 02.03.15ж. КЛ: 9а,ә Пәні: Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы қоғамдық- саяси қозғалыстар
Сабақтың мақсаты: XX ғасырдағы Қазақстанда болған Азат қозғалысының, «Невада- Семей» қозғалыстарының мақсат- міндеттері мен жеткен жетістіктерімен таныстыру
Білімділігі: Азат қозғалысы саяси күрес екендігін, Невада- Семей қозғалысының антиядролық, экологиялық қозғалыс екендігі түсіндіріледі.
Тәрбиелігі: Тақырыптың тәрбиелік мазмұнына тоқталып оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, бойына патриоттық сезім ұялату.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба, кестелер
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
• Оқу құралын тексеріп түгелдеу
• Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: «Бетпе-бет» әдіс бойынша
Жаңа сабақтың жоспары: Мұғалімнің сөзі:
"Азат" азаматтық қозғалысы - қоғамдық-саяси ұйым.
Мерзімі: Құрылтай мәжілісі Алматыда 1990 ж. 1 шілдеде өтті. Басты мақсаты: "Халықаралық Одақтық шартпен біріккен ерікті де тәуелсіз жаңа қоғамдастық шеңберінде Қазақстанның шынайы мемлекеттік егемендігіне қол жеткізу".
Қозғалыстың 14 облыстық ұйымы бар. 1990-1993 жж. аралығында "Азат" газеті шығып тұрды.
Атқаратын қызметтері:
Қазақстанды қазақ халқын отаршылық пен тоталитаризм зардаптарынан арылту ушін қажетті заңдардың қабылдануы, олардың дұрыс орындалуы жөнінде халыққа үндеулер таратып, үкіметке ұсыныстар жасады
сепаратистік пиғылдағы ұйымдарға тойтарыс беру
адам құқықтарын қорғау және т.б. ұлт мүддесін көздеген мәселелерді батыл көтере білді.
«Невада- Семей» қозғалысы
Мерзімі: 1989 ж 28 ақпан. Алматы
Жетекшісі: Олжас Сүлейменов сол кездері Семей облысының атынан КСРО депутаттарының I съезіне қатысқалы отырған О.Сүлейменов 1989 жылы 28 ақпанда ядролық сынаққа қарсы «Невада-Семей» антиядролық қозғалысын құру туралы үндеу тастады
Міндеті: Семей ядролық полигонын жабу
Сипаты: Митингілер, шерулер, республикалық- халықаралық шеңберде ғылыми мәслихаттар құрылды.
Нәтижесі: 1991 жылы Президент Н. Назарбаевтың Қаулысымен полигон толықтай жабылды. Кейіннен 29 тамыз – халықаралық ядролық қаруға қарсы күрес күні болып бекітілді, Қазақстан ядролық қарудан бас тартты.
Қорытындылау: Кестені толтыр. Қозғалыстар аты | Мерзімі ерекшелігі | пайдасы | | | | | | | Бағалау
Үйге тапсырма: 1. «Ядролық қарусыз әлем – біздің ортақ мақсатымыз» тақырыбында эссе жазу.
2. Тақырыпты түсініп оқу
Достарыңызбен бөлісу: |