1. Термодинамика және статистикалық физика макроскопиялық жүйелерде болатын физикалық процестерді зерттейді. Макроскопиялық жүйе



бет8/24
Дата24.05.2023
өлшемі0,78 Mb.
#177589
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
Байланысты:
1. Òåðìîäèíàìèêà æ?íå ñòàòèñòèêàëû? ôèçèêà ìàêðîñêîïèÿëû? æ?éåëå

3.10 - сурет
Айналмалы процесс немесе цикл деп бiрнеше күйлер қкатарынан өтiп өзiнiң бастапқы күйiне қайтып келетiн жүйе процесiн айтады.
Егер айналмалы процесс сағат тiлi бойынша жүретiн болса (3.11-сурет), онда жұмыс оң болады және цикл- тура цикл деп аталады.
Егер айналмалы процесс сағат тiлiне қарсы жүретiн болса (3.12-сурет), онда жұмыс терiс болады , ал цикл- керi цикл деп аталады.
Жылу двигателiнiң пайдалы әсер коэффициентi (ПӘК)- η деп тура циклдық процесс кезiндегi жұмыс атқарушы дененiң жасаған жұмысы Aұ-тың қыздырғыштан алынған жылу мөлшерiне қатынасын айтады:
(3.8)



3.11-сурет



3.12-сурет
Барлық двигательдердегi жылудың кейбiр мөлшерi тоңазтқышқа берiлетiн болғандықтан, η<1.
Жылу двигателiнiң ПӘК-i қыздырғыштың Т1 және тоңазтқыштың Т2 температураларының айырымына тура пропорционал.
Карноның идеалды жылу машинасының ПӘК –i мынадай мәнге ие:
(3.9)
Карно дәлелдеп бергенiндей, осы формуланың мәнi мынада: кез келген нақты жылу машинасының ПӘК-i, идеалды жылу машинасының ПӘК – iнен артық болмайды.

Дәріс№7
Тақырыбы: Ерітінділер. Ерітінділердің жалпы сипаттамасы


Ерітінді деп екі немесе бірнеше компоненттен тұратын гомогенді жүйелерді айтады. Ерітіндінің тығыздығы, қайнау, кату температурасы ,тұтқырлығы сияқты қасиеттері өзгеріп отырады.Ерітінділерді жай механикалық қоспа деп , химиялық қосылыс деп те қарастыруға болады.Ерітіндінің механикалық қоспадан басты айырмашылығы ондағы әрбір микроскопиялық бөлшектерді химиялық құрамы мен физикалық қасиеттерінің көлемде бірдей болуында.
Ал химиялық қосылыстардан негізгі өзгешелігі оның құрамының еритін зат көп еріткішштің мөлшеріне тәуелділігінде және еселік қатынас заңына бағынбауында.
Жай қоспалардағы заттар өзара ешбір байланыссыз-ақ араласса, ерітіндідегі еріткіш пен еритін заттар арасында әлсіз болса да химиялық байланыс болады. Көбінесе ,екі зат, бір-бірінде ерігенде ,олардың арасында өзінің агрегаттық күйін өзгертпейтін немесе ерітінді құрамындағы мөлшері басым болатын бөлікті еріткіш дейді.Компоненттердің агрегаттық күйін ескеріп, ерітінділерді 3 топқа бөлуге болады : газдың газдардағы ерітіндісі;сұйық ерітінділер;қатты ерітінділер.Газ ерітінділеріне ауа, ал қатты ерітінділерге түрлі металдардың қортпалары мысал болады.Ал, сұйық ерітінділер газдардың сұйықтағы ерітінділері; сұйықтың сұйықтағы ерітіндісі, қатты заттардың сұйықтағы ерітінділері болып бөлінеді.
Еріткіші су болатын ерітінділер табиғатта кең тараған.Еру процестері кейде жылу бөліну арқылы жүрсе, енді бірде жылу сіңіру арқылы да жүреді, яғни зат қыздырғанда ғана ериді.Ерітінділердің физикалық теориясы 19- ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. Ол теорияның негізін салушылар С.Аррениус пен Я.Вант-Гофф болды.
Ерітінділердің химиялық теориясының негізін қалаушы Д.И. Менделеев болды.Бертін келе, бұл теорияға И.А. Каблуков, Н.С. Курнаков сияқты ғалымдар елеулі үлес қосып, оны жаңа деңгейге көтерді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет