1. Термодинамика және статистикалық физика макроскопиялық жүйелерде болатын физикалық процестерді зерттейді. Макроскопиялық жүйе



бет22/37
Дата05.02.2022
өлшемі0,78 Mb.
#130774
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37
Байланысты:
doc1548272458

КАТАЛИЗ ТЕОРИЯСЫ
Соңғы кезде жалпы катализ, оның ішінде гетерогенді катализде жиі кездесетін активті орталықпен қатар өте манызды деген басқа да құбылыстарды түсіндіретін теориялар пайда болды: А. А. Баландиннің мультиллетті теориясы; Н. И. Кобызевтің активті ансамбльдер теориясы; С. 3. Рогинскийдің электрондық химиялық теориясы.
Мультиплетті теория. Бұл теория катализатордың беткі қабатындағы активті бөлікте орналасқан атомдар мен молекула орналасуынын, әрекеттесуші реагент атомдары мен молекулаларының орналасуына сәйкес болуына негізделген. Бұл теория жалпы алғанда катализатордың тек молекуламен адсорбциялануын ғана емес, катализатордың беткі қабатындағы геометриялық тұрғыдан алғанда дұрыс орналаскан ион не атом, оның өзіне сәйкес орналасқан әрекеттесуші молекула құрамындағы ион не атом топтарымен әрекеттесуін де зерттейді. Катализатордын кристалды торындағы мультиплеттер деп аталатын кейбір жекеленген бөлшектерін катализатордық беткі қабатындағы активті орталық дейді және осы мультиплеттің құрылысы кристалды тордын құрылысына тәуелді, дұрыс геометриялық конфигурациялы болады. Мұндай мультиплетке адсорбцияланып «конған» молекуладағы ион не атом топтарынын, ара қащықтығы, осы мультиплеттегі ара қашықтығы өзіне сәйкестеріне тоқталады. Осы тұста адсорбцияланған молекуладағы химиялық байланыс өзгереді. Мұның шамасы мультиплеттегі атомдардың ара қашықтығына байланысты: бұл қашықтық өскен сайын молекуладағы химиялық байланыс әлсіреп, үзілуге бейім болады. Сондай-ақ мұндай химиялық байланыстар берілген молекула құрамындағы атомдар мультиплет-тегі әр түрлі атомдарға адсорбцияланады да, оңай үзіледі.
Егер берілген молекуладағы атомдар мультиплеттегі бір атомға адсорбцияланса, онда атомдар арасындағы химиялық байланыстар өзара тұйыкталуы мүмкін. Мысалы, этил спиртінен сутектің бөлінуін, яғни сутексіздену (дегидрлеу) реакциясын алайық. Катализдегі мультиплетті теория бойынша бұл реакция катализатордың екі нүктесінде жанасып, онан әрі жүреді және мұны дублетте жүретін реакция дейді. Дублеттегі атомның біріне СН2 және ОН тобындағы екі сутек адсорбцияланса, екіншісіне осы екі топтағы көміртек пен оттектің атомдары тартылады. Мұндай тартылыс нәтижесінде көміртек сутек және оттек-сутек байланыстары үзіліп, сутек сутек және көміртек оттек жаңа байланыстары пайда болады да, сірке альдегиді мен сутек молекуласы түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет