9. Қазақ тілінің фонетикасын оқыту әдістемесі
Фонетика – тіл білімінің дыбыстық жүйесін зерттейтін сала екені мәлім. Тіл дыбыстарының қолданылуы, жасалу ерекшелігін білмей, әдеби тілдің айтылу, жазылу заңдылықтарын игеру мүмкін емес. Мектеп оқушылары 4-5 сыныптарда фонетиканы меңгеру арқылы әдеби тілдің жасалу нормасы мен айтылу нормасын игереді. Тіл дыбыстарының физиологиялық, акустикалық, қоғамдық ерекшеліктерін оқушыға жете түсіндіру қажет. Дыбыстарды дұрыс айта білу – түсінікті сөйлеудің ең негізгі шарты болып табылады. Тілді үйретуде, сөйлеуде фонетикалық дағдылардың алатын орны ерекше.
Фонетикалық дағдыларды меңгеру – сөйлеу кезінде сөздің құрамындағы дыбыстарды дұрыс айта білу және жазылған әріптік таңбаларды тілде дұрыс қолдану арқылы түсінікті сөйлеу тәжірибелерін жан-жақты игеру. Оқушы дыбыстарды дұрыс айтуға, оқуға дағдыланса, онда ол өз ойын еркін жеткізе алады. Тілді үйренуде фонетикалық дағдылар сөйлеуші үшін де, тыңдаушы үшін де бірдей болады. Әр тілдің дыбысталу заңдылықтары мен ерекшеліктері – тарихи тұрғыдан қалыптасқан, тұрақталған, табиғи қасиеті сақталған күрделі құбылыс.
Фонетикалық бөлшектерді: дыбыстарды, әріптерді, фонемаларды, буындарды дұрыс жазу мен дұрыс айтуға дағдыландыру алғашқы сабақтан басталады. Бірініші сабақта сөздің дыбысталуы дұрыс айтылмаса, не дұрыс үйретілмесе солай қалыптасып кетеді. Ол әдетке айналады да, оқушы басқаша айту нормасын қабылдамайды.
Оқушы дыбыс үндестігі мен түрлі дыбыстық ерекшеліктерді жаттанды қабылдамай, оны саналы түрде түсініп меңгеріп, іс жүзінде пайдалана білетіндей болуы қажет. Фонетикалық ерекшеліктерді меңгеру оқушының әдеби тілдің сөйлесу нормасын дұрыс меңгеруіне мүмкіндік жасайды. Көрнекі құралдарды ұтымды пайдалану да өз нәтижесін береді. Тіл дыбыстарының физиологиялық, акустикалық, қоғамдық аспектілерін негізге ала отырып, дыбыстарды оқытудың маңызы ерекше.
Фонетиканы оқыту қазақ тілін оқыту әдістемесінің бір саласы.Тіліміздегі дыбыстарды,олардың жасалуын, қолдану ерекшелігін игертуді мектеп қабырғасында іске аысру шараларын көрсетесіздер. Фонетиканы оқытуда сөйлеу мүшелерінің рөлі қандай,қандай әдіс тәсілдерді қолданасыздар,қандай жаттығу қазіргі таңда тиімді болып саналады.
Ә.Исабаевтың "Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері" деген 1993 жылғы еңбегінде қазақ тілінен білім беру әдістерін: практикалық жақтан үйрету әдістері, теориялық жақтан үйрету әдістері және теориялық-практикалық үйрету әдістері деп жіктеп, оларды ішінара бірнеше әдістерге топтастырады.
"Оқыту әдістері дегеніміз - мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары",
Д.Әлімжанов, Ы.Маманов өз еңбектерінде: "...Қазақ тілін оқыту әдістемесі - казақ тілін оқытудағы мұғалімдердің озық тәжірибелерінің қорытындыларына негізделген оқыту әдістерінің жиынтығы туралы ғылыми пән", - деген.
Нұржанова Ж. өзінің «Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары» атты әдістемелік құралында оқыту әдістерін бес түрге жіктейді:
1. Түсіндіру әдісі. Бұл әдіске ауызша баяндау - түсіндіру, әңгі¬ме, сұрақ-жауап, лекция түрлері жатады.
2. Кітаппен жұмыс істеу әдісі: Мұғалімнің түсіндіргенін кітаптан қарау - анықтама, түсініктер, жоспар, конспект, тезис, газет, журнал, сөздікпен, т.б. жұмыстар.
3. Көрнекілік әдіс, экскурсия, таблица, сурет, схема, карточка пайдалану т.б.
Сабақ үстінде оқушының жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу, сабақтың тақырыбына сай нақтылы міндет қоя білу – ол әрбір мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |