1. Тыңдалым дағдысының мақсаты мен тапсырма түрлері


Жазылым дағдысын қалыптастырудың мақсаты мен ерекшелігі



бет4/11
Дата16.02.2022
өлшемі43,48 Kb.
#132065
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1-10

3.Жазылым дағдысын қалыптастырудың мақсаты мен ерекшелігі
Жазылым 4 дағдының ішінде оқушының нәтиже көрсететін, мұғалімнің өнім алатын дағдысы болып табылады. Кейбір оқушылар табиғатынан шапшаң болады да, тілді игеруде сөйлеуден, тыңдаудан ерекше қабілеттілік танытады. Ал, біреулері қабілеттері бола тұра бетпе-бет сөйлесу мен тыңдауға келгенде қиындықтарға кездесіп жатады, яғни тым жай қабылдайды. Жазылым дағдысын қалыптастырудың мақсаты- жазылым дағдысы дәл осындай асықпай ойлап, баяу қимылдайтын оқушыларға лайықты дағды екендігі көрсетілген.
Жазылым кезінде оқушыларға үнемі қолдау көрсетіліп отырғаны дұрыс.

  • өз бетінше жазудың алдында – идеяны тұжырымдауға қолдау көрсетеді, жоспарлаудың әртүрлі әдістерін үлгілеп көрсетеді және бастапқы нұсқаны жазу үдерісін ұйымдастырады;

  • жазу барысында – оқушылардың нақты іріктелген лексикалық бірліктерді қолданғанын (тіркестерді таңдау), грамматикасы ережеге сай екенін (мысалы, етістіктің шақтарын дұрыс қолдануы), сөздердің үйлесімдігін (байланыстырушы сөздердің қолданылуы) қадағалайды;

  • жазып болғаннан кейін – жұмыстың алдын ала белгіленген критерийлерге сәйкестігін тексереді, түзетеді, жетілдіреді, мәтін аудиторияға сай келе ме, жоқ па, мақсатына сәйкес пе, жоқ па екенін анықтайды. Оқушыға жазғанын қайта қарап шығуға мүмкіндік беруі керек.

Жазылым барысында оқу үдемелілігін қолдану оң нәтиже береді деп есептеймін. Бұл кезде оқушы өзіне қажетті ақпаратты толық жинаған соң жазуға отырады. Жазылым үдерісі басталғанға дейін идеяны жанжақты зерттеу қажет. Сондай-ақ оқу үдемелілігінде мұғалімдер жазылымды дамыту үшін айтылым мен тыңдалымды тиімді қолданудың жолдарын қарастырғаны жөн. Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін жазылым барысында оқушыларға жаңа сөздерді назардан тыс қалдырмай тіркестерді таңдауға, құрмалас сөйлемдерді қолдануға, сөздер мен сөйлемдерді дұрыс байланыстыруға қолдау көрсетіліп, өз бетінше жазылымға алып келеді

Жазылым продуктивті дағдылар қатарына жатады. Яғни продуктивті дағды дегеніміз тілді қолданып сөйлеу немесе жазу. Қарапайым тілмен айтқанда, жазылым хабарды қағаз бетіне түсіруді қамтамасыз етеді. Жазу арқылы коммуникацияға түсу үшін біз әріптер мен сөздерді пайдалана отырып, сөйлем құрай алуымыз керек, ал сөйлемдерді топтастыру арқылы біздер өз ойымызды жеткізе аламыз.


Жазылым түрлеріне мыналарды жатқызуға болады: тізім жасау, құттықтау қағазы, электрондық хат, күнделік, хабарлама, әңгімелер, эссе және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет