1. Тірі ағзаларды халық емшілігінде тиімділігін анықтау



бет14/19
Дата20.04.2020
өлшемі0,81 Mb.
#63072
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Дәрілік өсімдіктер

Аю майы. Аюды атып алғаннан кейін, іш майын ерітіп, ыдысқа құйып алады. Қыртыс майын боршалап, сорғытып сақтайды. Ем болатын аурулары:

1. Жел-құз қоздырған буын ауруын басуға қолданылады. Ол үшін қыртыс майды буынға тартады немесе еріткен майды бірнеше күн отқа, күнге қыздырып жағады.



2. Жұмыршаққа жел байланғанда, 100г ерітілген аю майын жылытып жұтқызса, жұмыршақты жібітіп, желді айдайды.

3. Аю өті қолдағы созылмалы қиғаққа да ем. Ол үшін аю өтінен 3г,қкарағай қынасынан 9г, хлорлы сынаптан 3г, камфорадан 3г араластырып, ұнтағын аю майына қосып өндейді. Қолданбас бұрын 9г қызыл мия мен 9г
даршынды 9г суға қайнатып, сол сумен қиғақты жуады.
Соңынан өнделген май дәріні жағады.

Аю терісі. Аю терісінің қыртысы, түбіті қалың, қылшықты, жүні ұзын келеді. Ызғардан, дымқылдан сақтану үшін малшылар оны жұмсақтап илеп, төсеніш есебінде пайдаланады.

Аю балдырғаны. Бұл - көп жылдық шөп тектес өсімдік. Биіктігі 0,5 -1,5 м, жуантық тамырының сыртқы қабығы қоңыр, кейбіреуі көкшіл түсті болады. Сабағы тік өседі. Жапырағы - 2-3 қайталанған қауырсын айрықты, жапырақшаларының жиегінде кетіктері болады. Жапырақ сабағының түп жағы кеңейіп, қынапшаланып, сабақты орап тұрады. Гүлі ақ болады. Шатырша гүл шоғыры сабақ басында өседі. Қос тұкымды жемісі сопақтау келеді. Ауа райы салқын, жаңбыр көп жауатын ылғалды, құнарлы жерлерде, биік тауларда өседі. Жинау және өңдеу.Тамыры дәріге пайдаланылады. Оны күздің аяқ шенінде қазып алып, желқақты көлеңкеде жартылай кептіріп, сонан соң сыртқы қабығы қара күрең болғанша, әлсіз отқа қақтайды. Дәрі жасар кезде дымдап, жапырақтап турайды да, шикідей күйінде арақ қосып, өңдейді. Дәмі ащы, усыз болады. Ем болатын аурулары Қанды толтырады, күшейтеді. Етеккірді қалыпқа келтіреді. Қанды тияды. Ішекті дымдандырады. Етеккірдің келу мерзімі бұзылған кезде 10г аю балдырған, 6г ақ шұғынық, 4 - 5г иісті тамыр, 10г піскен оймақгүлді (етеккір кірнесіне тырнагүлден 10г; етеккір тоқтап қалса, шабдол дәнінен 9г, мақсарыдан 6г қосылады) суға қайнатып ішеді. Шаш түскенде, аю балдырған мен екпе арша жемісінен 500 грамнан талқандап оқ дәрі жасап, тамақ артынан 6 - 9 грамнан күніне үш рет ішеді. Көп бұтақты артерияның (соқпа тамыр) қабынуына аю балдырған, қара тамыр, ұшқат гүлінен 1,5 грамнан, иісті тамыр, мақсарыдан 9г, шикі оймақгүлден 30г қосып, күніне бір байламын суға қайнатып ішеді. Қан аздыққа сары миядан 9 г, аю балдырғаннан 9 г, ақ шұғынықтан 180 г, бұғы мүйіз желімнен 30 г, өңделген қызыл миядан 60 г қосып талқандап, 9 грамнан екі рет ішеді. Әйел босанғаннан кейінгі қан аздыққа аю балдырған мен шикі жемжемілді қой етіне белгілі мөлшерде қосып пісіріп, етін жеп, сорпасьш ішеді. Етеккірдің шаншуына аю балдырған мен тырнагүлден 30 грамнан қосып, талқандап, 9 грамнан қайнаған сумен ішеді. Немесе шикі жемжемілден үш
жапырақ қосып, суға қайнатып ішеді. Жығылып жарақаттанғанда, кеуде жарақатына аю балдырған, үш қырлы өлең, шабдол дәні, мақсары, ақ
қышы тұқымының әркайсысынан 9г қосьш, суға қайнатып ішеді. Бел, аяқ ауырғанда және шиқан, сыздауық шыққанда да осы ем қолданылады. Пайдалану мөлшері: 6 - 12 г. Бұл дерінің құрамында ұншамай, никотин қышқылы, А және Вр В2 витаминдері бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет