Аюбас тікен (Үлкен ақ тікен). Бұл - көп жылдық шөп тектес өсімдік, биіктігі 1 метрден асады. Өн бойында ақ және қоңырқай түсті түктері болады. Тамыры топтасып өседі. Сабағы тік болады. Түп жағындағы жапырақтары сабақты, кері қандауыр формалы, қауырсын айрықты; жиегі тісті, тістерінің ұшы ұзын тікенді, бет жағы жасыл, артқы беті күлгін түсті болып келеді. Сабағында өсетін жапырақтары кезектесіп орналасқан. Сағақсыз түп жағы сабақта тұрады. Шоқ бас гүл шоғыры сабақ ұшында немесе қолтықтай өседі. Гүлі қызыл күрең түсті, шоқ бас гүл орны домалақ тұқымша жемісі сопак және жалпақтау болады. Тау беткейлері, жол жағасы, егістіктерде өседі. Бүкіл Шьңжан өлкесіне таралған. Жинау және өңдеу. Аюбас тікеннің жер үсті бөлігі дәі болады. Гүлі ашылғанда жинап, жуып, тазалап кептіреді. Шикідей немесе қуырып жасалады. Теттілеу, кермек дәмді, усыз болады. Ем болатын аурулары:
Ұйыған қанды ыдыратады, ісікті қайтарады, қанды салқындатады және тыяды.
Аюбас тікен мұрыннан қан аққанда, қан аралас үлкен дәрет келгенде, қанды несепке емдікке қолданылады. Ол үшін аюбас тікен, тікен қурай, рауғаш, жерқонак және ойраннан тең мөлшерде талқандап, су құйып, екі сағат қайнатқан соң, дәрілік самасын сүзіп алып, тағы да әлсіз отқа қыздырып құрғатады да, қалдығын талқандап, 1,5г ішеді.
Өкпе түберкулезінен қан түкіргенде, аюбас тікен, тікен қурай, саранадан 600 грамнан, есек желімнен 420г алып, алдымен алдыңғы үш дәріні талқандап, бір данадан күніне үш рет үш ай бойы ішу керек.
Қанды несеп келгенде, 30г аюбас тікен, 15г тәлік, 9г сары ағаш, 6г қызыл мияны қосып, суға қайнатып ішеді.
Жатыр қызметі бұзылуынан қан келгенде, аюбас тікен, тікен қурай, ойраншөп, қуырылған уылдырық және есек желімнің әрқайсысынан 9г араластырьш, суға қайнатып ішеді.
Асқынған шиқан, жараларға жас күйіндегі аюбас
тікеннен белгілі мөлшерде алып, жаншып, шырыныға шығарып ішеді. Қалғанын ауырған орынға тартады.
Мұрын іші қабынғанда, 90г аюбас тікеп тамыры мен 2 - 3 жұмыртқаны бірге қайнатып, жұмыртқаны жейді, сорпасын ішеді.
Отқа және қайнаған суға күйгенде, жаңа аюбас тікен тамырын жастай жаншып, шырынды суын жараның бетіне күніне екі-үш рет жағады. Жамырай жайылған қотырға аюбас тікен мен тікен қурайдан тең мөлшерде алып, сүтке батырып, жұмсарған соң жаншьш, жараға таңады.
Пайдалану мөлшері: 4,5 - 9г.
БҰҒЫ
Бұғы - биік таулардағы иен жайылымдарда шүйгін шөп жөп, тұнық су ішетін дала хайуандарының ішіндегі қасиеттісі. Қазір жеке шаруашылықтарда немесе қолда да өседі. Бұғы Алтай таулары мен Тянь-Шань тауларында көп болады.
БҰҒЫНЫҢ ЖАС МҮЙІЗІ
Бұғының жас мүйізінің сырты пүліш сиякты түкті болады. 5-6 айларда жас мүйізді отқа қақтап кептіріп, кептірілген мүйіздін түгін тазалап, қырып, тағы да кептіреді. Мұнан соң ақ арақты ысытып, арамен кескен жағынан мүйіздің ішіне құяды. Мүйіз жібіген соң, жапырақтап турап, ауа алмасып тұратын көлеңкеде кептіріп, дәрі жасайды.
Ем болатын аурулары
Жас мүйіздің емдік қасиеті өте күшті. Бүйректі куаттандырады, шауқатты күшейтеді. Қанды толтырады, сүйекті, тарамысты бекемдейді. Бас айналуға және белсіздікке де колданылады.
1. Суықтан болған әлсіздіктен етеккір көп келгенде, бұғының жас мүйізінен 3 г, сары миядан 12 г, ак шұғынықтан 12 г, алақаттан 12 г, кызыл миядан 6 г суға кайнатып ішеді.
2. Қан аздыққа бұғының жас мүйізінен 2 г, жаужұмырдан 15 г қосып талқандап, күніне екі рет қайнаған сумен ішеді. Бұғы мүйізін кескенде аққан қаннан ақ араққа құйып, 20%-тік кан арағын ішсе де болады. Немесе бұғының күре тамырынан қан алып, ақ араққа қосып, кан арағын өңдеуге болады. Өңделген ақ арақтан 10 грамнан күніне үш рет ішеді. Қан қысымы жоғары, бауыр, бүйрегі қабынған, бауыр қызметі бұзылған адамдар абайлап қолдану керек.
БҰҒЫНЫҢ ҚУ МҮЙІЗІ
Бұғының қу мүйізін бөлшектеп кесіп, суға бір күн шылап, жұмсара бастағанда, жапырақтап турап, жапырақшаларды кептіріп, талқандап дәрі жасайды. Кейде мүйізді өртеп, күлінен жасайды.
Ем болатын аурулары
Бадамша без шұғыл қабынғанда, бұғының қатқан мүйізінің түбірін талқандап, 5-10 грамнан қайнаған сумен ішеді.
Қан аздыққа бұғы мүйіз желімінен 10 г, бойжуден (арақ) 10 г, тау дәріден 20 г, сары миядан 15 г, өңделген у қорғасыннан 3 г суға қайнатып ішеді.
Көк бауыр ауруына бұғының қатты мүйізін күйдіріп, күлін ұнтақтап, 1,5 грамнан ішеді. Күлін қақсаған тіске басса, ауырғанын басады.
Бұғы мүйізінің күлін илеп, қуықтың үстінен жабыстырып қойса, етеккірді келтіреді. Омырауға жапсырса, сүт шығады.
Емшек безі қабынғанда, мүйізді түрпілеп, 0,5 грамнан дәрі дайындап, 3 - 4 тамшыдан күніне төрт-алты рет сумен ішеді.
Достарыңызбен бөлісу: |