Жолбарыс - мысық тұкымдас жыртқыштарға жататын хайуан. Түрі мысыққа ұқсайды, бірақ денелі келеді. Дене тұрқының ұзындығы 1,6 - 2,9 м. Кұйрығының ұзындығы 1 м. Салмағы 160 - 320 кг. Ұрғашысының басы домалақ мойны қысқа, көзі дөнгелек, құлағы шұнақтау. Сирақтары жуантық, өзі кішілеу, бірақ күшті келеді. Жүні әдемі, жазда түсі қоныр сары болады да, қыста ашық сарыға өзгереді. Жүнінде салалы қара теңбілдер бар. Бауыр жүні ақ, оның да қара теңбілдері болады.
Жолбарыс таулы, қалың орманды шатқалдарды, қопалы қамыстарды мекендейді.Түнде немесе таңға жуық тамақ іздейді. Жыртқыш болғандықтан, басқа хайуанаттарды аулап жейді.
Жинау және өңдеу.Жолбарыстың еті, көзі, тісі, аяқ тарамыстары, тегеурін тұяғы, шыбығы, өті, қарны, майынан дәрі жасалады. Жылдың қай мезгілінде болса да аулауға болады. Ұстап алған соң, терісін сыдырып, аяқтарының етін сылып алып, тұяғын жүнімен қалдырады. Сүйектерін етінен, сүйек майынан арылтып, көлеңкеде кептіріп сақтайды. Көрмек дәмді, усыз болады. Ем болатын аурулары. Желді қуалап, ауырғанды басады. Сүйекті бекемдеп, шошыма ауруды тоқтатады. Буынның жел-құздан қақсауына, бел ауруына, талмаға, тік ішектің айналуына қолданылады.
1. Тізе буыны ісіп ауырғанда, жолбарыстың кәрі жілік
сүйегі мен иісті қараөлеңнен 30 грамнан талқандап, 6 грамнан сумен немесе арақпен ішеді.
Жүйкенің әлсіздігінен болатын ұмытшақтыққа жолбарыс сүйегі мен зейіншөптен тең мөлшерде алып, талқандап, жемжеміл суымен күніне үш рет ішеді.
Іші ұдайы өтіп, жазылмағанда, жолбарыс сүйегін отқа қыздырып талқандап, 9 грамнан күніне үш рет ішеді.
Ауру салдарынан тік ішек айналғанда, жолбарыстың кәрі жілік сүйегін отқа қақтап, талқандап, балға араластырып, балшық дәрі жасап, күніне екі рет 9 грамнан ішеді.
Суланып, беті бітпеген жараларға жолбарыс сүйегін майдалап қырып, түскен үгіндіні себеді.
6. Отқа немесе қайнаған суға күйгенде, жолбарыс сүйегін қыздырып, талқандап, майға араластырып, балшық дәрі жасап, күйген жерге таңады. Пайдалану мөлшері: 9 - 15 г.
Жолбарыс өті. Ем болатын аурулары
Балалардың талма ауруына, іш өтуге, соғылғаннан алған жарақаттарға қолданылады.
Абайсызда қақалып, тамақ өтпей қалғанда, үлкен, кіші дәрет тоқтап қалғанда, 1,5 г жолбарыс өтін талқандап, оған 6 г ұнтақталған кәмпит жемісін қосып, дәрілік сары аракпен бір рет ішеді.
Жолбарыс көзі.Өңдеу әдісі. Ауланған жолбарыстың екі көзін ойып алып, тарыға не жерқонаққа қосып қуырады. Көз сарғайып кепкен кезде, салқындатып барып дәрі жасайды. Ем болатын аурулары. Шошыма ауруды тыныштандырады, көзді нұрландырады, талма ауруын және көзге түскен ақты жазады.
Жүйке әлсіздігінен болған талма ауруына қуырылып кептірілген жолбарыстың жұп көзін, тұмсық мүйізін, зейіншептен, рауғаштан 30 грамнан араластырып талқандап, тиісті мөлшерде бал қосып, балшық дәрі жасап, 6 грамнан ішеді.
Балалардың талма ауруына өңделген жолбарыс көзін ұнтақтап, қайнаған сумен ішкізеді.
Түнде көп жылайтын нәрестелерге өңделген жолбарыс көзін ұнтақтап ішкізеді немесе бітеудей жегізеді.
Жолбарыс майы. Ем болатын аурулар. Бұл – жүрек айнып құсқанда таптырмайтын ем. Ол үшін жолбарыс майынан 250 г, өсімдік майынан 500 г қосып, тығыны бар, кең ауызды құмыраның ішінде аз уақыт ашытылады. Әзірленген майдың 30 грамын сондай мөлшердегі жылы аракпен ішеді. Таз, теміреткі болғанда, басты тазалап жуып, жолбарыс майын жағады.Жолбарыс майында 44-59% қатты май, 41-55% сұйықтық, май қышқылының құрамында аз мөлшерде қаныққан және қанықпаған май қышқылдары бар.
Достарыңызбен бөлісу: |