Есеп 13 жасар қыз бала басының қатты ауруына, құрдастарына қарағанда бойының күрт өсуіне шағымданады. Түнде мазасыз ұйқтайды. Аяқ киімінің өлшемі бір жыл ішінде өлшемге өскенін айтады



Дата20.05.2022
өлшемі14,28 Kb.
#144198
Байланысты:
1 сабақ сит есеп Гипот гипофиз


1 есеп

13 жасар қыз бала басының қатты ауруына, құрдастарына қарағанда бойының күрт өсуіне шағымданады. Түнде мазасыз ұйқтайды. Аяқ киімінің өлшемі бір жыл ішінде 2 өлшемге өскенін айтады. Ата-анасы соңғы жылы қызының 16 см өскенін байқаған.. Қарау кезінде салмағы 66 кг, бойы 172 см. Центильді кесте бойынша бойы > +2SD.




Сұрақтар:
1. Синдромдарды ажыратыңыз.
2. Диагноз қойыңыз.
3. Науқасқа қандай зертханалық-аспапты зерттеулер тиімді.
4. Аурудың дамуында қандай гормонның жоғарылауы БАРЫНША мүмкін себебі болады

2 есеп


35 жастағы ер адам артық салмақ қосуға, қан қысымының жоғарылауына, үнемі бас ауыруына, омыртқа жотасының ауруына, әлсіздікке шағымданады. Объективті: салмағы 95 кг, бойы 180 см, бел айналымы - 105 см, қолтық асты, бел аймағында «минус» тін бойынша жалпақ қоңыр қызыл түсті сызықтар бар. Көкірек бездері мен желкесінде артық май жиналған. Аяқтары және қолдары арық. Рентгеноскопияда айқын остеопороз, гипофиз аденомасы анықталды.




Сұрақтар:
1. Синдромдарды ажыратыңыз.
2. Болжам диагноз қойыңыз.
3. Қандай аурумен дифференциальді диагностика жүргізген ең тиімді
4. Науқасты ең тиімді емдеу жоспарын құрастырыңыз.

3 есеп


21 жасар ер адам соңғы айларды күшейген шөлдеу және кіші дәреттің жиілеуіне шағымданады. Ол түнде және күндіз көп мөлшердегі ашық түсті зәрдің 5-6 литрге дейін бөлінуін айтады. Ол ешқандай дәрілік заттарды қолданбайды. Плазма осмолярлығы 350 мосм/кг. Қандағы қант 4,2 ммоль/л.
Көп мөлшердегі ашық зәрдің БАРЫНША қандай себебі болуы мүмкін?
Сұрақтар:
1. Қандай гормонның тапшылығы БАРЫНША мүмкін?
2. Қандай диагноз ең ықтимал.
3. Науқасқа қандай зертханалық-аспапты зерттеулер жасау керек.
4. Қандай дәріні бірінші кезекте тағайындаған БАРЫНША тиімді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет