1. Тірі ағзаларды халық емшілігінде тиімділігін анықтау



бет9/19
Дата20.04.2020
өлшемі0,81 Mb.
#63072
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Байланысты:
Дәрілік өсімдіктер

Меңдуана Қазакстанның барлык жерлерінде кезігеді. Бойы 1 1.5 мерге дейін барады. Жапырағы ірі, сабағының өң бойын желімді бозғылт түктер басқан. Иісі жағымсыз, өткір. Мамыр айынан тамызға дейін аппақ гүл ашады. Маусьгм, қыркүйек айларында жеміс береді. Дәні қоңыр, ұсақ, қабыршақты сауыттың ішінде болады. Ол жол жиегінде, ескі қора жайдың орнында өсетін, өтеулы шөп. Дәрі үшін жапырағы мен дәні пайдаланады. Оның дәрілік қасиеті тым ертеден белгілі.

Егер демікпесі бел алып тұрган адам мендуананың қураған жапырағын қағазға орап тартса тиылады. Ал кепкен жапырағын қайнатып буланса аяк- қолы қақсап, белі ұйып ауырғанды жоғалтады, осы қайнатпамен тіс қаксағанда ауызды әлсін-әлсін шайса қолма-қол басады. Қызыл иектің қабынуына бірден-бір ем.

Тұкымын күйдіріп тұмаумен (грипп) ауырған адам түтінін иіскесе, тез жазылады. Тістің қақсағанын басады. Сондай-ақ дәнін ұнтақтап суға қайнатса, бетіне қалқып майы шығады. Сол майды халқып алып қыздырса, таза өзі қалады. Онымен көтеуді сүртсе. ашып ауырғаны қолма-қол басылып. бұл кеселден тез сауығады.

Омыраудағы маститке, құлақ түбі безінің ісігіне таптырмайтын ем.Ескертетін жағдай: мендуананы дәрілік үшін жинағанда қолға киіп, ауыз бен мұрынды дәкемен таңып алу керек. Ал кептіргенде шөпті қапқа салып аузын буып, көлеңкелі жерге қойып қап ішінде кептіреді. Ұнтактағанда тозаңы ауыз-мұрынға кетпегенін қарастыру керек. Әйтпесе адам уланып қалады.



Шөпшай Қазақстанның орталық жерінде кезігеді. Шөлге төзімді, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Сабақ жапырағының сыртын ұсақ түк басқан. Ол көбінше құмдауыт, тастақты жерлерде, орман ішіндегі алаңдарда көп болады. Бойы 30-75 сантиметрге дейін жетеді. Мамыр мен маусым айларында сал-сары боп гүл ашады. Дәрі жасау үшін гүлдерін әлі ашылып жетілмей тұрған кезінде жұлып алып көлеңкелі жерде кептіріп ұнтақтайды. Осы ұнтақтың 100 грамын 1 литр суға салып, үстіне 100 грамм бал қосып 30 минут қайнатады. Бір күн тұндырып сүзеді. Дәрі даяр.

Мұны сары аурумен ауырғанда күніне 30 грамнан 3 рет 3 ай үздіксіз ішкізеді. Осы мөлшерде, бірақ бал қоспай, бір күннен кейін үстіне бұрыш қайнатпасының бір қасығын құйып бауыр, көкбауыр және ет қалтасының қабынуына қарсы, күніне 100 грамнан 4 рет 3 ай ішкізеді.

Ал асқазан, ішек ауруларына ем үшін шайшөптен 200 г, итмұрыннан 200 грамм ұнтақ алып араластырады. Осы қосындының 3 ас қасығын 1 литр суға салып 30 минут қайнатса, бальзам шығады, 2 күн тұндырып, сүзіп үстіне 100 грамм алма сірке суык қосады. Күніне ас соңынан 40 грамнан 4 рет 2 ай ішеді

Дәрілік шалфей жапырағы 10,0; үлкен бақажапырақ (жапырағы) – 10,0; қосүйлі қалақай (жапырағы) – 10,0; ащы жусан (шөбі) – 5,0; кәдімгі мыңжапырақ (шөбі) – 15,0; дала қырықбуыны (шөбі) – 15,0; дала жүгерінің аналық гүлі – 10,0; кәдімгі арша (жемісі) – 10,0.





Бұл қоспадан дайындалатын тұнбаны есекжеммен ауырғанда пайдаланады. Осы тұнбаны күніне 3 мезгіл тамақтан бұрын ¼ немесе 1/3 стаканнан ішеді.



Үлкен сүйелшөп (шөбі) – 10,0; дәрілік бақбақ (тамыры) – 20,2; қызылтаспа (шөбі) - 15,0; жүгерінің аналық гүлі – 15,0; шілтер жапырақты шайқурай (шөбі) – 20,0 үштүсті шегіргүл (шөбі) – 10,0; кәдімгі анис (жемісі) – 10,0. Осылардан дайндалған тұнбаны пайдаланады.







    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет