Сары Мия басқалай аты - Алтай сары миясы, түлкімасақ. Көп жылдық шөп тектес өсімдік, биіктігі 50 - 80 см. Негізгі тамыры ұзын, жұмыр, тереңдеп өседі. Тік өсетін сабағының сирек ақ түкшелері бар. Тік қауырсынды, күрделі жапырақтары кезектесіп орналасады, кішкене жапырақтары 17 - 29-ға дейін тізіліп өседі. Сопақшалау, қандауыр тәрізді, бүгін жиекті болады. Жапырақ тұғыры үш бұрышты қандауыр формалы, ашалы гүл шоғыры басында немесе қолтықтай өседі. Қысқа әрі жиі өскен гүл шоғыры көбелек формалы, солғын сары түсті, бас гүл сабағы өте ұзын болады. Гүл тостағаншасы қоңырау формалы, қара түсті түктері бар. Бадана жемісі үлкен, көпіршік терізді, тұқымы кішкене қара түсті, бүйрек формалы келеді.
Тау ормандарының ашық алаңдарында, орман шетінде, сай тоғандарында өседі. Алтай, Тарбағатай тауларында көп болады.
Жинау және өңдеу. Сары миянға тамыры дәрі болады. Көктем, күз мезгілінде қазып алып, шашақ тамырын және топырағын жуып, кептіреді. Дымдап, жапырақшалап турап, шикідей, кейде бал қосып өңдеп пайдаланады. Дәмі тәтті, дәмді, усыз болады.
Ем болатын аурулары.
Сыртқы денені бекемдеп, қуаттандырады. Қалыпсыз терлеуді тоқтатады. Жараның өлі етін жетілдіреді, несепті молайтады, ісікті қайтарады. Шикідей пайдаланғанда дене қуатын күшейтеді.
Созылмалы ауру салдарынан дене әлсірегенде, 60
г сары мия мен 30г жаужұмырды қой етімен қосып
қайнатып, етті жеп, сорпасын ішеді.
2.Көтенішек айналғанда, жатыр және асқазан төмендегенде, сары миядан 12 г, жаужұмыр, бәйжу, аю балдырғаннан 9 грамнан, мия тамыры, мандарин қабығы, сасық қандаладан 4,5 грамнан суға қайнатып ішеді.
3.Ми тамырына қан тығындалғанда, сары миядан 15 - 30г, иісті тамырдан 6 г, аю балдырған, шұғынақ, жауын құрты, шабдал дәнегі, әсем салуядан 9 грамнан суға қайнатып ішеді.
4.Ақ қан түйіршігі көбейген қан ауруына шикі сары мия, қызыл шырмауықтан 60 грамнан, аю балдырғаннан 30г, жаужұмыр, піскен оймақгүлден 15г араластырып, күніне екі рет қайнатып, екіге бөліп ішеді. Жүкті әйелдерге аю балдырғанның мөлшерін кеміту керек.
5.Бүйрек қабынып, ісінгенде, 30г шикі сары мияны, 60г қарбыз қабығын, 12г етті сұңғыланы суға қайнатып ішеді.
6.Жай ісікке 15г сары мияны, 15г жаужұмырды, 9г бәйжуді, 15г бұғы мүйізі желімін, 15г жолжелкен тұқымын, 5 шыланды суға қайнатып ішеді.
7.Шиқан мен сыздауықтың аузы шықпағанда, 15г сары мияны, 9г аю балдырғанды, 9г бұғы иісті тамырды, 9г бәйжуді, 15г тікенді ұшқат гүлін, 6г сабын ағашы тікенін, 9г ащы қарбыз тамырын, 9г жүрек жапырақты, 3г қызыл мияны суға қайнатып ішеді.
8.Етеккір келмегенде (бет сарғаяды, бас айналады, жүрек қалыпсыз соғады, демігеді, бел мен аяк ашып ауырады), 15г сары мияны, 15г аю балдырғанды, 12 г саяғызды суға қайнатып ішеді.
Достарыңызбен бөлісу: |