Қарандыз – басқаша аты – қара қурай, мұқам сілкей; көп жылдық тектес өсімдік. Биіктігі 15-50 см. Томар тамырлы немесе ретсіз түйнек тамырлы, тамыры етті, әрі бұтақшалы келеді. Тік өсетін сабағының ұзын жолды қырдары болады. Түп жағында өсетін жапырақтары кезектесіп орналасады, жұмыртқа немесе сопақша дөңгелек формалы, үшкір, түп жағында құлақшасы болады. Жапырақ түбі сабақты жартылай орап тұрады, жапырақ жиегінде ретсіз ара тістері бар.Шоқ бас гүл шоғыры басында немесе қолтықтай өседі. Гүлі сары түсті келеді. Тұқымша жемісінің айдар түкшелері болады.
Өзен жағаларында, егістік алқаптарында, ылғалды жерлерде өседі. Бүкіл Шыңжанға таралған.
Жинау және өңдеу. Бұл шөптің тамыры дәрі болады. Шөбін көктем мен күзде қазып алып, сабағын алып тастап, топырағынан арылтып, жапырақтап турап тастайды. Ащылау кермек дәмді, усыз болады.
Мына ауруларға ем болады. Көк бауыр мен асқазанды қуаттандырады. Сарайды ашады, ауырғанды басады, іштегі баланы тыныштандырады.
Бас ауруына жәнеұмытшақтыққа бірден – бір ем. Қарандызды жаңбыр суына шылап, нілі шыққан кезде суын мұрынға тамызса, бас ауырғанды басады. Қарандызды талқандап, суға илеп, маңдайға немесе самайға басса, ұмытшақтықты азайтады.
Қарандыз тамырын тұмау таралған үйге тұтатып, түтінін иіскесе, тұмауды бәсеңдетеді. Тұмау тиюдің алдын алады.
Көкірек аурғанда, жөтелгенде, 4 г Қарандызды талқандап, арақпен немес ермен суымен ішсе, арууды жеңілдетеді.
Талқандап, електен өткізілген қарандыз ұнтағын балмен өлтіре арадастырып, күніне ұш-төрт рет жалап жесе, кеудедегі қақырықты тазалайды. Асқазан, көк бауыр және несеп жолдарындағы бөгеттерді ашады, ішкі жүйелерді қуаттандырады.
Жылан шаққанда, 4 г қарандыз ұнтағын жүзім арағымен ішсе, уытты терінің сыртына теуіп шығарады.
Асқазанның созылмалы қабынуына, іш кебуге қарандыз, пинна, тырнагүлді (әрқайсысынан 9 г) араластырып, суға қайнатып ішеді.
Жүйке салдарынан асқазан қызметі бұзылғанда, 9 г қарандызды суға қайнатып ішеді.
Қабырға аралық жүйке ауруына, көкірекке бір нәрсе тиіп ауырғандай сезілгенде, 90 г қарандыз бен 90 г тырнагүлді қосып талқандап, 30 грамнан күніне ұш рет ішеді.
Он екі елі ішек жарасына, асқазанның қабынуына 6-9 г қарандызды талқандап, қайнаған сумен ішеді.
Пайдалану мөлшері: 3-9 г. Қарандыздың құрамында ұшпа май, күрделі молекулалы қант бар.
Достарыңызбен бөлісу: |