Итмұрын - бұталы көп жылдык өсімдік. Тамыры тарамдалып тереңге кетеді. Ұсақ жапырақты, сабағы толған тікен. Жемісі кызыл, ішінде ұсақ қоңыр ұрығы болады. Қазақстанның бар жерінде өседі.Оның45 түрі бар.
Дәрі жасау үшін күзде жас тамырын қазып алып жуып, ұсактап турайды. Соның 1 килограмын 15 литр суға 2 сағат қайнатады.
Осы қайнатындыны ыстықтай ваннаға құйып, үстіне 1 литр алма сірке суын қосады да құяңы, буын ревматизмі, полиартриті бар адам 10 күн кешке жатарда бұлауланады. Содан кейін науатпен қара шай ішіп терлейді. Тері басылған соң жел тигізбей жақсылап оранып жату керек.Бұдан кейін бір ай демалып, емді жоғарыдағыдай қайтадан бастайды. Сөйтіп, үш рет жасаса, сырқатынан ада-күде жазылып кетеді.
Дәл осындай рейепті тобылғының тамырынан алып, осы ауру түрлерін емдеуге болады. Емдік қасиеті жағынан итмұрын мен тобылғы бірдей.
Есекмия көбінде еліміздің жылы жағында көп өседі. Бойы 1 метрге дейін жететін көп жылдық өсімдік. Көбінде сәндік үшін бақтар мен аула ішіне, көшелерде өсіреді. Гүлі бұтақтарының басына шоқтанып тұрады. Тамыз айында ақшыл-сары түсті гүл ашады. Жемісі қазан айында піседі, өте балды өсімдік.
Миуасын піскен кезінде жинап алып кептіріп, соның 2 грамын 1 литр спиртке салып, күніне 5-6 рет шайқап, бір ай ашытады. Артынан сүзеді. Дәрі дайын.
Асқазан, ұлтабар ішек жаралары мен көтеуге (геморой) ем етіп күніне бір ас қасығын 50 грамм суға қосып, 4 рет 2 ай ішсе, сырқатынан ада-күде сауығып кетеді.
Осы тұнбаны дене сыртындағы іріңге, трофикалық жараларға және күйікке, шаш түскенге ем үшін қолданылады. Сыртынан ауық-ауық сүртіп отырса, жақсы нәтиже береді.
Есекмия дәнінің ұнтағын басқа да дәрілік шөптерге косып, гипертониялык ауруларға және түнде ұйықтамай шығатын адамға тыныштандыру үшін береді.
Достарыңызбен бөлісу: |