1. Тірі ағзаларды халық емшілігінде тиімділігін анықтау



бет6/19
Дата20.04.2020
өлшемі0,81 Mb.
#63072
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Дәрілік өсімдіктер

«Ерменді жерде ер өлмес» деген қазақта мақал бар. Бұл тектен-текке айтылмаса керек. Өйткені ерменнің өзі тектес өсімдіктерге қарағанда емдік қасиеті өте жоғары. Халық арасында оны 41 дертке дауа деп те атайды.

Ермен биіктігі 1 метрден асатын көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Иісі өткір, дәмі ащы. Сонысына қарай ерменнің екінші атауы кермекжусан. Ол далалы аймақтарда, жол жиегі мен арық жағаларында өседі. Егістік алқаптарда арамшөп ретінде кездеседі. Шілде мен тамыз айында гүл атады. Ол сары түсті түтікшелерден тұрады. Өсімдіктің бүкіл денесін бозғыл түсті ұсак түк басқан. Тамыры жерге тіке тереңдеп кетеді.



Халық медицинасында ерменнен жасалған дәріні:

  • ми қан тамырлары тартылып, құлақ дуылдап, бас зеңгіп ауырғанда (спазма сосуда головного мозга);

  • бас сүйектің ішіндегі қан тамыры тартылып көз

қарауытқанда (внутреннее черепное давление);.

  • көздін нұры қайтқанда (ақшам сокыр);

  • қант диабеті;

  • бауыр ауруы (гипотохолецистит);

  • бүйрек (хр. пиелонефрит);

  • асқазан ау руының барлық түрі ( хр. гастрит);

  • асқазан жарасы (язва желудка);

  • тік ішектің жарасы;

  • бойдың қуаты (анемия) азайғанда және басқа ауру түрлеріне қолданады.

Ермен ұлт гүлін тамыз айында жинап көлеңкелі жерде кептіріп сақтактайды. Сол ұнтақтың 100 грамын, сейдана дәнінің 100 грамын бір килограмм қара мейізге араластырып, келіде жаншиды. Сонан кейін жүгері дәннің көлеміндей етіп домалақтап, мұздатқышқа салып қою керек. Созылмалы гастритпен, бауыр (гипотохслецистит), көкбауыр ауырғанда күніне ас алдында (жаты сағат бұрын) екі данада,3 рет. 2 ай жеу керек.

Ерменнің дәнін кептіріп ұнтактап, соның бір ас қасығын 100 грамм балға араластырып, асқазан, ішек және тік ішектен қан

жараның тез жазылуына әсер етеді.

Ерменнін жапырағын күзде жинап алып, салкын жайда кептіріп ұнтактап, бір шай қасығын 3 литр қайнап тұрған суға салып, шай тәрізді демдейді. Мөлшері сегіз сағаттан кейін сүзіп, үстіне 200 грамм алма сірке суын құйып араластырады. Дәрі даяр.

Бұл дәріні қылтамаққа, асқазан мен ішек жараларына, көтеуге. ток ішектегі политке, тік ішектен, жатырдан кан кеткенде, бауыр, көкбауыр ауырғанда күніне 30 грамнан 3 рет тамақ алдында береді. Емдеу мерзімі науқастың жай күйіне байланысты. Дегенмен бір айдан кейін 20 күндей демалып, емді қайта бастағаны жөн.

Ерменнің тамырын кептіріп, ұнтақтап, сол ұнтактың 100 грамын 3 литр суда жарты сағат қайнатып, бір күн тұндырып қояды. Үстіне 200 грамм алма сірке суын қосып, шайқап араластырады. Дәрі даяр.

Мұны көбіне урологиялык ауруларға береді. Атап айтқанда. қуыкка суык тиіп, түйіліп ауырғанда, бүйрек және жатыр төмен түсіп кеткенде, балалардың кіші дәреті тоқтамағанда, сондай-ақ үлкендердің кіші дәреті тұтылғанда, еркек безі қабынғанда, әйелдердін бедеулігін емдегенде күніне 30 грамын 3 рет 2 ай ішкізеді. Ал жатыр мойнына түскен жараны (эрозия) таңертең кешке осы дәрімен жуып шаяды.

Бұрын орыстың халық емшілері ермен мен тасшүйгін шөбінің қосындысынан жасалған дәрімен маскүнемдерді емдеген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет