Төменде сынама тапсыру үшін адамдарға ұсынған қауіпсіздік шаралары берілген. Әр тұжырымға «Келісемін» немесе «Келіспеймін» нұсқасын таңда.
Ұсынылып отырған тұжырымдар
Келісемін/Келіспеймін
1) Суық тиіп аурып жүрген адамдар сынама тапсыруға болмайды
2) Әр адамға жаңа қырғышты қолдану
3) Әр тұрғынның қан қысымы өлшену керек
4) Сынама алып жатқан медбикелер қолдарына қолғап киюлері керек
3. Темекі шегу
көрсету
Кейбір адам темекі шегуден арылу үшін никотин пластырін қолданады. Пластырьді теріге жапсырады, никотин қанға өтеді. Бұл темекіге деген құштарлық пен темекіні тастаған кездегі абстиненция симптомын төмендетуге көмектеседі. Никотин пластырьлерінің тиімділігін зерттеу үшін темекі шегуді тастаймыз деп шешкен 100 адам кездейсоқ таңдалады. Бұл топты 6 ай бақылау қажет. Никотин пластырьлерінің тиіміділігін зерттеудің соңында неше адам темекі шегуді қайта бастағанын санау арқылы анықтайды.
Тапсырма форматы: бір дұрыс жауапты таңдау
Төмендегі нұсқалардың қайсысы ең жақсы зерттеу жоспары бола алады? A. Топтағы барлық адам пластырь тағады.
B. Никотин пластырін темекі шегуді тастауды шешкен жалғыз адамнан басқаларының барлығы тағады.
C. Темекі шегуді тастау үшін пластырьді қолдануды адамдардың өздері таңдайды.
D. Топтағы кездейсоқ алынған адамдардың жартысы пластырь қолданады, жартысы қолданбайды.
4. 1993 жылы Брессон-Вильедегі (Франция) Ұлттық ауылшаруашылық институты ғалымдары 5 бұзауды клондап алды.
Клондау ( әртүрлі енеден туса да, бірдей генетикалық материалға ие жануарлар) – күрделі процесс.
Алдымен ғалымдар сиырдан шамамен 30 жұмыртқа жасушасын бөліп алды (бұл сиырды шартты түрде Бланш 1деп атады делік).
Ғалымдар Бланш 1-ден алынған жұмыртқа жасушаларынан ядроларын алып тастады.
Басқа сиырдан (оны Бланш-2 делік) эмбрионын алды. Бұл эмбрион шамамен 30-дай жасушадан тұрады.
Ғалымдар осы Бланш 2-ден алынғани эмбрионды жеке жасушаларға бөлді.
Содан кейін осы жеке жасушалардың әрқайсысынан да ядроларын алып тастады.
Бланш 2 жасушаларынан алынған ядроларды Бланш 1-ден алынған отыз шақты жасушаның ішіне салды. (Бланш 1-дің отыздай жасушасынан ядролары алынып тасталған).
Соңында ядролары ауыстырылған отыздай жасушаны 30 суррогат сиырға енгізді (имплантация).
Тоғыз айдан соң суррогат сиырдың бесеуі клон бұзауларды туды. Ғалымдар осы әдіс арқылы клондауды кең көлемде қолдану малшаруашылығы үшін қаржылай тиімді деп атап көрсетті.