1. Тіс-техникалық зертханасында пайдаланатын құрал-саймандар. Тіс-техникалық зертханадағы қауіпсіздік техникасы


Төменгі жақ сүйегінің вертикалды бағыттағы қимыл-қозғалысы



бет2/40
Дата08.02.2022
өлшемі349,16 Kb.
#117287
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
СЕССИЯ ООС

Төменгі жақ сүйегінің вертикалды бағыттағы қимыл-қозғалысы. Төменгі жақ сүйегінің вертикалды бағыттағы қимыл-қозғалысы ауызды ашып жабу қимылына сәйкес келеді, бұл қимылдар төменгі жақты көтеріп және төмен түсіретін бұлшық еттердің алмасу қозғалысы арқылы іске асады. Астыңғы жақ сүйегінің төмен түсуі қосқарыншалы б., иек-тіласты , жақ-тіласты және тіласты сүйегінің астында орналасқан бұлшықеттерінің жиырылуы арқылы жүзеге асады. Ауыз жабылғанда төменгі жақ сүйегінің көтерілуі самай б., шайнау б. және ортаңғы қанат тәрізді бұлшықеттерінің жиырылуымен және төменгі жақты төмен түсіретін бұлшықеттің біртіндеп босаңсуы нәтижесінде өтеді.
Ауызды ашқан кезде буын бастары трансверсал бағыттағы өтетін осьті айналуымен қатар, буын дөңесінің еңісі бойымен төмен және алға қарай сырғиды. Ауызды қаттырақ ашқан кезде буын бастары буын дөңесінінің алдыңғы ернеуіне келіп тоқтайды. Осымен қатар буынның әртүрлі бөлімдерінде әрқилы қозғалыстар орын алады. Үстіңгі бөлімде диск буынның басымен бірге төмен және алға сырғиды, ал төменгі бөлімде буын басы дискінің төменгі бетінде айналады, ол буын басы үшін буын шұңқыры болып табылады.
Төменгі жақтың төмен түсуінде тіс қатарлары бір-бірінен ажырайды да, ал ауызды жапқанда түйіседі. Ауыз ашылғанда төменгі жақтың әрбір тісі төмен жылжып, артқа қарай ығыса отырып, буын басында ортақ орта нүктесі бар қисық сызықтар жиынтығын сызады. Буын басының буын дөңесіне қатысты өткен жолы буын жолы деп аталады. Буын жолы түзу қисық сызықты емес, сынық қисық сызықтар жиынтығы. Ауызды ашқанда астыңғы жақ сүйегінің төмен түсіп, және оның артқа ығысуына байланысты буын басының айналу осі де ауысып отырады. Егер буын дөңесінің еңісімен буын басының өткен жолын бөліктерге бөлетін болсақ, онда әрбір аймаққа өзінің қисықтығы сәйкес келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет