1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Құтты білік» дастанында көтерілген тақырып [1]



бет1/2
Дата24.10.2023
өлшемі19,78 Kb.
#187782
  1   2
Байланысты:
9-кл.ТЖБ. ӘДЕБИЕТ. 1-токсан


1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1. «Құтты білік» дастанында көтерілген тақырып [1]
А) жақсы әйел мен жаман әйел
В) жігіттің сипаттары
С) мал шаруашылығы
Д) мемлекетті басқару


2. Берілген өлең жолдарын толықтырыңыз. [1]
... тілің болады,
Дүдәмәлдау ... болады
Еркегің ... болады
Әйелің ... болады
А) алашұбар, тілің, базаршы, қазаншы
В) қасиетсіз, қызың, қазаншы, базаршы
С) алашұбар, дінің, қазаншы, базаршы
Д) қарашұбар, ұлың, базаршы, қазаншы


3. «Қасқакөл дауы» шығармасының кейіпкерлері кімдер? [1]
А) Дулат пен Әнет би
Б) Орманбет пен Төле би
С) Орманбет пен Әнет би
Д) Қазыбек би мен Әйтеке би

4. Айтыста Біржан Сараның қандай осал тұсынан ұстайды? [1]


А) денсаулығының мәз емес екендігін айтады
В) достарының сатқындығын айтады
С) отбасылық жағдайын, жолдасын айтады
Д) жалғызбастылығын тілге тиек етеді
5. Өлең жолдарын сәйкестендіріңіз. [1]



1. Екінші тілек тілеңіз...



А) Алпыс басты ақ орда,
Ардақтаған аяулың
Күнінде ертең біреуге
Тегіннен-тегін олжа болмасқа

2.Алтыншы тілек тілеңіз...



Б) Ардақтап жүрген бикешің,
Жылай да жесір қалмасқа

3. Үшінші тілек тілеңіз...

С) Үшкілсіз көйлек кимеске

4. Он бірінші тілек тілеңіз...

Д) Ер, шұғыл,пасық, залымның
Тіліне еріп азбасқа

А) 1-С,2-Б,3-А,4-Д


Б) 1-Д,2-А,3-Б,4-С
С) 1-Д, 2-А, 3-С, 4-Б
Д) 1-Д, 2-С, 3-Б, 4-А
6. "Біржан мен Сара" айтысындағы фигураның қандай түрі қолданғанын айтып, себебін түсіндіріңіз. [3]

Сәлем де Жиенқұлға келсін жатпай,


Келуге шошынады неден батпай.
Әркімнің қолда бары өзіне алтын,
Біржанға бір тырнағын тұрмын сатпай.
Көрінсін Біржан салға ай секілді,
Ақ құйрық көңіл ашар шай секілді,
Ұсынса қол жетпейтін арғымағым,
Арғынға баламаймын тай секілді.

7. Қазыбек бидің «Кім жақын?» деген сауалға берген жауабын автор бейнесімен байланыстыра отырып талдаңыз. [3]


8. Төле бидің «Ердің бақыты - әйел"аңыз-әңгімесінің тәрбиелік мәні неде? [3]
9. Айтыскерлерге қойылатын талаптарды атап жазыңыз. (5-6 сөйлем) [3]
10. Ел бірлігін сақтау идеясы жыраулар толғауларында қалай көрініс берген? Ойыңызды шығармалардан дәлелдер келтіре отырып жазыңыз. (5-6 сөйлем) [3]
11. Тақырыптардың бірін таңдап, шығармалардың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазыңыз. (200-250 сөз) [10]

1. Шешендік сөздердің маңызы мен мәні, тарихи және көркемдік құндылығы


2. Айтыс – ғасырлар жемісі, ұлттық құндылық
3. Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би шешендік сөздерінде қандай үндестік бар?
Салыстырмалы талдау жасаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет