1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім «Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография»



бет13/16
Дата12.05.2023
өлшемі142,36 Kb.
#176557
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
6 сынып қазақ тілі БЖБ, ТЖБ жұмыстары

МАДАҚТАУ


«Су ресурстары –Маркетинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Шымкент қаласының экономикасын өркендетудегі, өндіріс саласындағы жақсы жетістіктерді , бағалы бастамаларды, тағылымды тәжірибелерді,


индустриалды –инновациялық бағыттағы барлық технологияларды қолдап, оларды жүзеге асырудағы және де Халықаралық стандарттарға сай қала тұрғындарын
сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудегі жоғары жетістіктері үшін марапатталады.

Қазақстан Республикасы


Индустрия және Инфрақұрылымдық

даму бірінші вице – министрі Қ.А.Өскенбаев


Нұр-Сұлтан, 2019 жыл



1-мәтін

2-мәтін

Тақырыптары







Мазмұны не туралы?







Ұқсастықтары







Айырмашылықтары










  1. Әр мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпараттарды (кем дегенде 1-еуден) табыңыз. Неліктен бұл ақпарат негізгі (қосымша, детальді) ақпарат екенін дәлелдеңіз.







Негізгі ақпарат

Қосымша ақпарат

Детальді ақпарат

1-мәтін










2-мәтін










Дәлел












Жазылым


Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, құттықтау құрастырып жазыңыз.



    1. Досыңыз қандай да спорт түрінен республикалық деңгейдегі жарысқа қатысып, бас жүлдені жеңіп алды. Досыңызды осы қуанышымен жазбаша құттықтаңыз.

    2. Наурыз – Ұлыс меркесі. Барша қазақстандықтарды төл мерекемізбен құттықтаңыз.

[10]

Балл қою кестесі


Тыңдалым және айтылым

Балл

Коммуникативтік құзыреттілік

Грамматикалық құзыреттілік

5

Мәтінде көтерілген мәселені терең түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтінмен, басқа да дереккөздердегі ақпараттармен байланыстырып, ұтымды жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде өте дәл, нақты.

Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық дағдыны өте жақсы қолданады. Сөздік қоры мол. Паразит сөздер мен қайталаулары жоқ. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді өте орынды, тиімді
пайдаланады.

4

Мәтінде көтерілген мәселені жақсы түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтінмен, басқа да дереккөздердегі ақпараттармен байланыстырып, жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде орынды.

Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық дағдыны жақсы қолданады. Сөздік қоры жеткілікті. Паразит сөздер мен қайталаулар аздап кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынды пайдаланады.

3

Мәтінде көтерілген мәселені қанағаттанарлық деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтін ақпараттармен байланыстырып жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде үнемі орынды бола бермейді, кейде негізгі мәселеге қатыссыз пайымдаулар кездеседі.

Ойын кейде аяқталған, аракідік синтаксистік құрылымы сақталмаған сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық қателері кездеседі. Сөздік қоры қанағаттанарлық. Паразит сөздер мен қайталаулары кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау
сөздерді орынды, орынсыз пайдаланады.

2

Мәтінде көтерілген мәселені шектеулі деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтін ақпараттармен байланыстыра жеткізуде қолдауды қажет етеді. Көзқарасын дәлелдейтін дәйектемелері сирек, ойын көбіне жалпылама жеткізеді.

Ойын көп жағдайда аяқтамайды, жай сөйлемдерді, қарапайым синтаксистік құрылымдарды қолданады. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық қателері жиі кездеседі. Сөздік қоры күнделікті ауызекі лексикадан тұрады. Паразит сөздер мен қайталаулары жиі кездеседі. Жеке пікірін білдіруде
қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынсыз пайдалануы жиі кездеседі.

1

Мәтінде көтерілген мәселені шектеулі деңгейде түсінеді. Ақпаратқа қатысты жеке көзқарасы мен пікірі жоқ, көбінесе, дайын ақпаратты пайдаланады. Себебін түсіндіруі аз. Жабық сұрақтармен шектеледі.

Ойын аяқтамайды, қарапайым синтаксистік құрылымдармен шектеледі. Грамматикалық дағдылары толық қалыптаспағандықтан айтайын деген ойы бір-бірімен байланыспайды. Паразит сөздер мен қайталаулары негізгі лексикадан басым.

Оқылым
1-2-тапсырмалардың жалпы балл қою кестесі

Балл

Мәтінді талдау

Ақпараттарды ажырату

5

Мәтінде көтерілген мәселені, тақырыбы мен мазмұнын, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын өте жақсы түсініп талдайды.

Мәтіндегі негізгі, қосымша, детальді ақпараттарды анықтап, өте жақсы дәлелмен ажырата алады.

4


Мәтінде көтерілген мәселені, тақырыбы мен мазмұнын, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жақсы түсініп
талдайды.

Мәтіндегі негізгі, қосымша, детальді ақпараттарды анықтап, дәлелмен жақсы ажырата алады.

3


Мәтінде көтерілген мәселені, тақырыбы мен мазмұнын, ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын қанағаттанарлық деңгейде түсініп талдайды.

Мәтіннің негізгі, қосымша, детальді ақпараттарды анықтайды, дәлелмен түсіндіруі қанағаттанарлық.

2


Мәтінде көтерілген мәселені, тақырыбы мен мазмұнын, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын шектеулі түсінеді, талдауға талпыныс жасайды.

Мәтіндегі негізгі, қосымша, детальді ақпараттарды анықтауда қателеседі, шектеулі деңгейде дәелдейді.

1


Мәтінде көтерілген мәселені, тақырыбы мен мазмұнын, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын өте шектеулі
деңгейде түсінеді.

Мәтіндегі негізгі, қосымша, детальді ақпараттарды анықтауда қателеседі, дәлелмен түсіндіре алмайды.

0


Мәтінде көтерілген мәселені, тақырыбы мен мазмұнын, ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын түсінбейді.

Негізгі, қосымша, детальді ақпараттарды ажырата алмайды.

Жазылым


Балл

Сипаттамасы

9-10

Тақырыптың мазмұнын толық ашады. Тілдік бірліктер мен лексикалық құрылымдарды стильге (ауызекі, көркем сөйлеу) сәйкес орынды қолданады. Ойын еркін, логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры мол. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, ойын жеткізуде бірізділікті бастан-аяқ сақтайды. Жанрға сай ресімдейді.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан өте сауатты. Қателері жоқ.

7-8

Тақырыптың мазмұнын ашады. Тілдік бірліктер мен лексикалық құрылымдарды стильге (ауызекі, көркем сөйлеу) сәйкес қолданады. Ойын логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры жеткілікті. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, ойын жеткізуде бірізділікті сақтайды. Жанрға сай ресімдейді.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан сауатты, бірақ 1-2 қате кездеседі.

5-6

Тақырыптың мазмұнын толық аша алмайды. Тілдік бірліктер мен лексикалық құрылымдарды стильге (ауызекі, көркем сөйлеу) сәйкес қолданауға тырысатыны байқалады. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі аракідік байланыспайды. Сөздік қоры қанағаттанарлық деңгейде. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, ресімделуін сақтайды, бірақ ойын жеткізуде бірізділіктен ауытқу бар.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 2-3 ұсақ және ірі қате кездеседі.

3-4

Тақырыптың мазмұнын шектеулі деңгейде ашады. Қолданған тілдік бірліктер мен лексикалық құрылымдары стиль (ауызекі, көркем сөйлеу) талаптарына сәйкес келе бермейді. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі байланыспайды. Сөздік қоры шектеулі. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, ресімделуін сақтайды, бірақ ойын жеткізуде бірізділік жоқ.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 4-5 ұсақ және ірі қателер кездеседі.

1-2

Тақырыптың мазмұнын ашпайды. Стильге (ауызекі, көркем сөйлеу) сәйкес тілдік құралдарды қолданбайды. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі жоқ. Жанрдың құрылымдық ерекшеліктерін, ресімделуін сақтамайды.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан алтыдан көп ұсақ және ірі қате кездеседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет