Тапсырма Мәтіндерді оқып, тақырыбы мен мазмұнын өзара салыстырыңыз. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңыз. Әр мәтіннен кем дегенде бір негізгі, қосымша, детальді ақпаратты ажыратыңыз.
[10]
мәтін
Ертеде қос тұлымшағы желбіреген, құралай көздері жәудіреген кішкене ғана қыз бала болады. Оның мекені алып шаһардың ортасынан ойып орын алған зәулім сарай да емес, биік ғимарат та емес, лашық күрке де емес, қарапайым ауыл ішіндегі шағын үй болатын. Ата- әжесінің шуақты құшағында ерке-бұла боп өсіп, оларды нәзік те қызық қылықтарына бір тоймастай етіп, тамсантып, табындырып күндер кешті.
Ол тамылжыта ән салғанда торғайдың шырылдағаны, құзғынның құрқылдағаны, тырнаның тыраулағаны, сандуғаштың сайрағаны да түкке тұрғысыз, көңілге қонымсыз болып қалушы еді. Оның сырлы сынына, қызық қырына қанық ел-жұрт, ауыл адамдары үйлеріне арнайы шақырып, ән салдырып қоятынды да шығарды. Тақылдақ таңдайынан тамған тамаша дауысын, судың сылдырынан да сұлу, әсем әуенін естімей көңілдері көншімейтіндер де көбейді.
Өнерін өнеге тұтатын ауылдастарының көңілін аулап жүрген бір күнінде ауыл ішінде елеусіз тұрған ескі құдықты көзі шалды. Тамағы құрғап, ерні кеберсіп, тілі аузына сыймай келе жатқанда «тілегені алдынан іздемей табылғанына» жүрегі жарыла қуанған ол қайтсе де су ішіп, шөл қандырмай кетпейтін болды. Құдықтың ескі екеніне, жанындағы қауға шелегінің шаң басып, тозып қалғанына қарамастан, құдықтың тереңіне шелекті «күмп» еткізіп тастап жіберіп, «сырт-сырт, сырт-сырт» еткізіп шелекке байланған арқан жібінен тартып, құдық үстіне шығарып алды да, өз көзіне өзі сенбей аңтарылды да қалды.
«Ескі құдықтан осыншалықты мөлдір су шығады екен-ау. Тіпті, әлгі тоз-тозы шыққан көне шелектің түбі күнге шағылысып, жылтылдап қоятынын қайтерсің» деген ойда қалды.
мәтін
2019 жылғы 9 шілдеде «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-гін су шаруашылығы
қызметкерлері күнімен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ. Өскенбаев құттықтады.