1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім «Білім. Ғылым. Инновация»



Дата07.02.2022
өлшемі13,14 Kb.
#82684
Байланысты:
AXXAkS7CQELDXsXPGiL0q7uHMzDnxilA6LzjF0nA


1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар


Бөлім «Білім. Ғылым. Инновация»
Оқумақсаты:
8.1.5.1 Тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау

8.2.1.1 Тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданып, ауызша мәтіндер құрау


Бағалау критерий Білім алушы
• Негізгі ойды тірек сөздер мен автор көзқарасы негізінде

анықтайды.


• Ауызша мәтін құрауда тұрақты тіркестер мен көркемдегіш


құралдарды қолданады.


Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
Мәтінді екі рет оқып шығып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Америкалық Microzap компаниясы 60 күнге дейін нанды көгертпей сақтауға болатын технологияны ойлап шығарғандығын хабарлады.
Жаңа әдіс нан құрамын бұзатын бактерияларды жояды екен. Компания директоры Дон Сталл бұл пештің әртүрлі бактерияларды өлтіру үшін қолданылатынын айтты. Нанды пісіргеннен кейін екі апта өткен соң, нан сол қалпы пештен жаңа пісіп шыққандай формасы мен түрін сақтап тұрады. Бұл әдіс азық-түлік санын үнемдеу үшін өте пайдалы. Себебі қазіргі кезде АҚШ тұрғындары сатып алынған нанның үштен бір бөлігін бұзылып кететіндіктен лақтырып жібереді екен. Нанның бұзылуына қарсы бұл құрылғының көмегімен ет, тауық еті және тағы басқа көгөністер мен жеміс-жидектерді де ұзақ уақыт сақтауға болады екен. Сол себепті болашақта жаңа өнертабысқа деген халықтың сұранысы да артуы әбден мүмкін.


1.Мәтіннен ең маңызды 3 тірек сөзді теріп жазыңыз.
2.Автор көзқарасы берілген сөйлемді белгілеңіз.
А) Жаңа әдіс нан құрамын бұзатын бактерияларды жояды екен

В) жеміс-жидектерді де ұзақ уақыт сақтауға болады екен


С) Келешекте өнертабысқа сұраныс артуы мүмкін.


D) Американдықтар нанның біраз бөлігін қоқысқа тастайды.


3.Берілген тұрақты тіркестерді қолданып, өз ойыңызды сөйлем құрау арқылы білдіріңіз.




Тұрақты тіркестер:
1) үш ұйықтаса түсіне кірмеген,
2) көздің жауын алатын,
3)қас пен көздің арасында

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет