2-тапсырма. Қарамен берілген сөздер мен сөз тіркестерін синоним сөздермен алмастырып және қате жазылған жалқы есімдерді топтастырып жазып шығыңыз.
Түркі руна жазбалары
Түркілердің жазуы туралы ең алғашқы мәліметтерді қытай деректерінен кездестіре аламыз. Негізінен түркі жазуының пайда болған уақыты V ғасыр деп есептеледі. Ал нақтырақ айтқанда, түркілер IV ғасырдың екінші жартысында өз жазуларын кең ауқымда қолданған.
Түркілер басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасағанда, өз жазуларын қолданғаны жайлы көптеген мәліметтер бар. Мысалға алғанда, византия императорына түркі елшісі қағанның жазған хатын алып барған. Мұны менандр протектор өз естелігінде көрсеткен.
Орта ғасырды алғанда түркілердің төл жазуы және алфавиті болған. Әр рулардың таңбалары негізінен жасалған алфавиттік құрамда 35 әріп бар. Ал көне түркі жазуы руна немесе сына жазуы деп аталған.
Көне түркі жазуының ескерткіштері орталық азия аумағынан көп табылған. Олардың ішіндегі ең белгілісі солтүстік монғолия жеріндегі орхон, селенга, толы өзендерінің бойынан табылған тастағы жазулар. Бұл тастарда түркілердің атақты билеушісі мен ақылгөйлері – білге қаған, күлтегін, тоныкөк құрметіне арналып жазылған руна жазулары сақталған. Ал қазақстан аумағында талас, іле өзендерінің аңғарынан да көне түркі жазуының ескерткіштері табылған. Түркінің жазба ескерткіштерінің көп кездесетін жері – сібір өлкесіндегі енисей өзенінің бойы. Жазулар құлпытастарға, қыш пен металдарға және басқа да заттарға қашалып жазылған. Осыдан шығатын қорытынды, VII-IX ғасырлар аралығында Қазақстан аумағында ортағасырлық мемлекеттерде көне руналық түркі жазуы қолданылу аясы біршама зор болған.
ең алғашқы
|
|
пайда болған
|
|
қолданған
|
|
қарым-қатынас жасағанда
|
|
мәліметтер
|
|
алфавиті
|
|
ең белгілісі
|
|
көп кездесетін
|
|
қашалып
|
|
аумағында
|
|
Жалқы есімдер:
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
|
|