1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Функция, оның қасиеттері және графигі» және «Тригонометриялық функциялар» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Функция және оның берілу тәсілдері
Функциялардың графиктерін түрлендіру
Функция қасиеттері
Кері функция ұғымы
Күрделі функция
Тригонометриялық функциялар, олардың қасиеттері мен графиктері Арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотангенс
Оқу мақсаты 10.3.1.2 Функция графигіне түрлендірулер орындай алу (параллель көшіру, сығу және созу)
10.3.1.4 Функцияның берілген графигі бойынша оның қасиеттерін: 1) функцияның анықталу облысы; 2) функцияның мәндер жиыны; 3) функцияның нөлдері; 4) функцияның периодтылығы; 5) функцияның бірсарындылық аралықтары; 6) функцияның таңбатұрақтылық аралықтары; 7) функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері; 8) функцияның жұптылығы,тақтылығы; 9) функцияның шектелгендігі; 10) функция үзіліссіздігі; 11) функцияның экстремумдары сипаттай алу