Балл
|
Грамматика мен лексиканы дұрыс
қолдануы
|
Сұрақты түсіну мен толық жауап беру
қабілеті
|
9-10
|
Грамматикалық және лексикалық
құрылымдардың қолдану аяларын өте
жақсы түсінеді.
Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателер жібереді.
|
Тақырыпты өте жақсы түсінеді.
Күтпеген сұрақтарға жауабы тез, әрі орынды. Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады.
|
7-8
|
Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын жақсы түсінеді.
Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді.
|
Тақырыпты жақсы түсінеді.
Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді.
Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді.
|
5-6
|
Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын орташа түсінеді.
Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды.
|
Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап берудеқиналады. Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді.
|
3-4
|
Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын аздап түсінеді.
Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады.
|
Тақырыпты түсінуде қиналады.
Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды.
Талқылау кезінде қолдаусыз өзін жақсы көрсете алмайды.
|
1-2
|
Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын өте аз түсінеді.
Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.
|
Тақырыпты түсінуде қатты қиналады.
Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды.
Талқылау кезінде өте аз қатысады.
|