1. Тұрақты ток. Тұрақты электр тоғы. Электр тізбегі. Электр энергиясының көздері. Электр тізбегінің элементтері. Электр тізбегінің физикалық шамалары


Оқшауланған тиекті МДЖ транзистор



бет27/44
Дата23.10.2023
өлшемі241,88 Kb.
#187755
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44
Байланысты:
1. Тұрақты ток. Тұрақты электр тоғы. Электр тізбегі. Электр энер-emirsaba.org

Оқшауланған тиекті МДЖ транзистор
Жоғарыда МДЖ деген атау осы транзистордың құрылымымен көрсетеді дедік. Осыған орай, транзистордың құрылысын зерттейтін болсақ, ол металл, диэлектрик және жартылай өткізгіш қабаттарынан тұратынын байқаймыз. Көптеген жағдайда транзистор кремнийден жасалып, ал диэлектрик ретіне кремний тотығы (SiO2) қолданылады. Сондықтан да ертеректе МДЖ транзисторы МТЖ (металл – тотық – жартылай өткізгіш) деген атпен де белгілі болған. МДЖ танзисторының бір түрі – индукцияланған каналды транзистордың құрылысы 4,а - суретте кескінделген. Енді осы транзистордың жұмыс істеу принципіне тоқталып өтейік.
Тиекке ток көзінің теріс полюсі қосылса (суретті қараңыз), түсірілген кернеудің әсерінен тиектің астындағы электрондар одан алшақтай түседі. Табан ретінде пайдаланылған n - текті жартылай өткізгішінде кемтіктер аз болғанымен олар баршылық та, түсірілген тиек кернеуінің әсерінен олар оған тартыла түседі (стрелка бағыттарын қараңыз). Кернеудің белгілі бір шамасына жеткенде (ток пайда болу кернеуі Uп деп аталады), кемтіктер тиектің астын бастаудан құймаға дейін толық жабады да, олардың арасында белгілі бір жол (канал) ашылғандай болады (р - қабат). Енді бастау мен құйманың аралығына құйма кернеуін беретін болсақ, онда осы электродтардың арасында ток жүре бастайды. (Қаралып отырған жағдайда оң кемтіктерді құймаға жинау үшін оған теріс кернеу түсіруіміз керек.)
Бастапқы кезде болмаған каналдың кейіннен, тиек кернеуінің әсерінен пайда болуын, яғни индукциялануын өту үшін бұл транзистор индукцияланған каналды МДЖ транзистор деп аталады. Олардың өндірісте көп таралған түрлері мыналар: КП301, КП304, КП901, КП904, т.б. Бұлардың ішінде КП301, КП304 4,а - суретте көрсетілгендей p - каналды аспаптар болып табылады.
4,ә - суретте МДЖ транзисторының екінші түрі – қондырылған каналды өрістік транзистор көрсетілген. Атына сәйкес бұл транзистордың каналы алдын ала қондырылып, технологиялық әдіспен арнайы жасалынады. Сондықтан да бұл транзистордың тиегіне кернеу түсірілмей жатып-ақ құйма тогының пайда болуы мүмкін. Оның үстіне тиекке кіріс кернеу беретін болсақ, онда n каналдан электрондар тасталынып, оның өткізгіштігі төмендейді де, құйма тогының шамасы азаяды; ал кернеу оң бағытпен түсірілсе электрондар жан-жақтан каналға тартыла түсіп, оны заряд тасушымен қанықтыра отырып, құйма тоғының шамасын арттырады. Сондықтан да бұл режимді байыту режимі деп, ал алдыңғысын кедейлену режимі деп атайды. Осы тұрғыдан алғанда индукцияланған каналды транзистор тек байыту режиміне ғана жұмыс істей алады.

4 – сурет. Индукцияланған және қондырылған қаналды МДЖ транзисторларының құрылымдары.


а – индукцияланған транзистордын құрылымы,
ә - қондырылған транзистордын құрылымы
Қондырылған каналды МДЖ-транзисторының өндірісте жиі қолданылып жүрген түрлері: КП305, КП306, КП310, КП313, КП350. бұлардың көпшілігі, 4,ә - суретте көрсетілгендей, n - каналды аспаптар.
Оқшауланған тиекті өрістік транзисторлардың құймалық сипаттамаларының сыртқы түрі p-n өткелді өрістік транзистордың сипаттамасына ұқсас келеді.
Оқшауланған тиекті өрістік транзисторлардың құйма тиектік сипаттамаларының өзара айырмашылығы 5-суретте индукцияланған және қондырылған каналды түрлеріне арналып салыстырмалық түрде көрсетілген.

5 – сурет. Индукцияланған және қондырылған қаналды МДЖ транзисторларының құйма өрістік сипаттамалары


а – индукцияланған транзистордын құйма өрістік сипаттамасы,
ә – қондырылған транзистордын құйма өрістік сипаттамасы
Өрістік транзисторлардың тағы бір түрі – статикалық индукциялық транзистор (СИТ). Оның ерекшелігі: тиек кернеуі тура түсіріліп, тиеккке ток берілсе, ол биполяр транзисторының режимінде, ал кері түсірілсе, өрістік транзистор режимінде жұмыс істей алуында. Бұл СИТ-тің әрі биполяр транзисторының, әрі өрістік транзисторларының артықшылықтарына ие болуына мүмкіндік береді. ТМД-да шығарыла басталған қуатты СИТ-тің өкілдері: КП698, КП801, КП802, КП926, КП931, КП934, КП946, КП948.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет