1. Тұрақты ток. Тұрақты электр тоғы. Электр тізбегі. Электр энергиясының көздері. Электр тізбегінің элементтері. Электр тізбегінің физикалық шамалары


)Биполярлы транзисторлар. Транзистордың h -параметрін анықтау.Транзистор



бет26/44
Дата23.10.2023
өлшемі241,88 Kb.
#187755
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44
Байланысты:
1. Тұрақты ток. Тұрақты электр тоғы. Электр тізбегі. Электр энер-emirsaba.org

18)Биполярлы транзисторлар. Транзистордың h -параметрін анықтау.Транзистор. p-n өткелді өрістік транзистор. Оқшауланған тиекті МДЖ транзистор


  • Транзистор (ағылш. transfer - тасымалдау және resistor - кедергіш) -- электр тербелістерін күшейтуге, оларды тудыруға және түрлендіруге арналып жартылай өткізгіш кристалл негізінде жасалған электрондық құрал.


  • Биполярлы транзисторлар

Биполярлы транзистор үш немесе одан көп шықпасы, екі p-n өткелі бар жартылай өткізгішті аспап болып табылады. Ол қуатты күшейтуге қабілетті. Транзисторлар электрлік тербелістерді күшейтуге және өндіруге (генерациялауға), сондай-ақ электр тізбектерін коммутациялауға қолданылады. Биполярлы транзисторларды құрылымы бойынша (p-n-p және n-p-n типті), қуаты бойынша (төмен, орташа және жоғары қуатты), жұмыстық жиіліктері бойынша (төмен, орташа және жоғары жиілікті) және басқа да белгілері бойынша ажыратады.


Транзистордың -параметрін анықтау
Транзистор сұлбаларын есептеу, талдау кезінде транзистордың эквивалентті схемасы мен оған арналған параметрлер жүйесіне сүйенеміз. Транзисторлардың физикалық параметрлер жүйесінің кемшілігі, олардың барлығы тікелей өлшене бермейді. -параметрлер жүйесінде транзисторлардың параметрлері активті сызықты төрт-ұштының параметрлері сияқты анықталады. -параметрлер жүйесінде тәуелді емес айнымалы ретінде кіріс тоғын ( ) және шығыс кернеуін ( ) қабылдайды. Сондай-ақ

және де осыдан, біз -кіріс кедергісі, -кері байланыс коэффициенті, -токты беру (күшейту) коэффициенті, - шығыстағы өткізгіштік деп аталатын төрт параметрді қысқаша тұйықталу режимінде ( ) және бос жүріс режимінде ( ) анықтаймыз.


p-n өткелді өрістік транзистор
Транзистордың бұл түрі бір ғана p-n өткелінен тұрады. p-n өткелді өрістік транзистордың қарапайым құрылысы 2,а - суретте келтірілген: негізгі n кремний кристалын екі жағынан p аймағы, яғни тиек (Т) (затвор) қапсыра қоршап тұр. Олардың ортасында n аймағы канал деп аталады да, оның ток тізбегі жалғанған екі шетінің бірі – бастау (Б) (исток), екіншісі құйма (Қ) (сток) деп аталып, токтың шығу және жиналу көздерін көрсетеді.
p-n өткелді өрістік транзистордың жұмыс істеу принципі мынадай. Тиекке теріс кернеу беретін болсақ (2,ә - сурет), онда кәдімгі p-n өткелінің кері қосылуындағы (p-n өткелі тақырыбын қараңыз) оның ені арта түседі. Өткел аумағында жылжымалы заряд бөлшектерінің болмайтындығын ескере отырып, оны диэлектрикке балауға болады. Онда осы диэлектрик аймағы каналдың енін екі жағынан қусыра қыса түсіп, оның ток өткізу қабілетін азайтып, басқаша айтқанда, оның кедергісін арттырады. Сонымен біз тиек кернеуінің арқасында канал енін өзгерте отырып, бастаудан құймаға ағатын ток күшінің шамасын реттеуімізге, басқаруымызға болады. Транзистордың басқару принципінің мәні осында.

2 – сурет. p-n өткелді өрістік транзистордың жұмыс істеу принципіне түсініктеме сурет


Жоғарыда тиек аймағына теріс полюсті кернеу беріледі деп есептедік. Ал оған оң бағыттағы кернеу түсірсек қалай болар еді? Бұл сұраққа жеңіл жауап беру үшін тиек – бастау аумағына мұқият зер салғанымыз жөн. Егер осы аумақты p-n өткелі деп қарап, оған тура бағытта кернеу түсірсек, онда транзистор кірісі тура бағытта қосылған диодқа айналады. Сондықтан да тиек – бастау аралығын тура бағытқа ығыстыратын кернеу бағытын өрістік транзистордың p-n өткелі түрінің жұмыс істеу қасиетіне қайшы келетін жағдай деп есептеймыз. Бұл транзистордың құйма-тиектік сипаттамасынан да көрініп тұруы керек.

Мысалы, 3,а - суретте 2П303 транзисторының осы сипаттамасы тиек кернеуінің тек теріс бағытына арналып сипатталған.


Айтылып, отырған транзистордың құймалы сипаттамасы 3,а - суретте көрсетілген.

а – құйма-тиектік сипаттама, ә – құймалық сипаттама


3 – сурет. p-n өткелді өрістік транзистордың құйма-тиектік және құймалық сипаттамалары
Өндірісте көп қолданылып жүрген p-n ауысулы өрістік транзисторлар қатарына мыналар жатады: КП101, КП103, КП201 (p - каналды аспаптар) және КП302, КП303, КП307, КП312, КП314, КП903 (n - каналды аспаптар).
Ескерту: Белгілеулердің алдындағы КП әріптері «кремниевый полевой» деген сөздерді көрсетеді. Егер «К» әріпінің орнына «2» цифры тұрса, онда мұндай транзисторлар да кремнийден жасалынған, бірақ та олар арнаулы жағдайларда (мәселен, радиацияға төзімді, әскери құрылғыларға раналған т.с.с.) жұмыс істейтін транзисторлар қатарына жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет