1 Тјрбиеніѕ теориялыќ-тўжырымдамалыќ мјселелері


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



бет30/45
Дата07.02.2022
өлшемі0,68 Mb.
#94226
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45
Байланысты:
8cc4cdad-a258-11e4-8a1d-f6d299da70eeпедагогика окулык

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар

1. Өзін-өзі тәрбиелеудің қажеттілігі мен мәні неде?


2. Өзін-өзі тәрбиелеудің қозғаушы күштері қандай?
3. Сіздер өзін-өзі тәрбиелеу туралы ойланасыздар ма?
4. Сіздер өздеріңізді қай тұрғыдан жақсы жаққа өзгерткіңіз келеді?
5. Өзін-өзі тәрбиелеу үдерісінде көмекке мұқтажсыз ба?
6. Өзін-өзі тәрбиелеуді ұйымдастыру бойынша өзіңіздің жолдастарыңызға кеңес бере аласыздар ма?
7. Сіздер өзін-өзі тәрбиелеуге түрткі болған кітаптар немесе нақыл сөздер оқыдыңыздар ма?
8. Өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін атаңыздар.
9. Өздеріңізді тәрбиелеу бағдаламасын жасап көріңіздер. Осы бағдарламаны жүзеге асыруға тырысыңыздар. Көмекші құрал ретінде күнделік жүргізген ыңғайлы.

Түйін
Тарих барысында және педагогика ғылымының өзінің даму үдерісінде тәрбие теориясы мен тәжірибесін түсіну елеулі өзгерістерге ұшырады. Ең әуелі, тәрбие феноменін әлеуметтік функция тұрғысынан зерттеу басталды, тіпті оны әлеуметтендірумен ұштастырды, бұл - қисынсыз.
Сонымен, қазіргі кезде тәрбиені былай деп түсінеді:

  • әлеуметтің тәжірибені және әлемдік мәдениетті жеткізу;

  • адамға, адамдар тобына немесе ұжымға (тікелей және жанама, аралық түрде) тәрбиелік ықпал ету;

  • тәрбиеленушінің өмір сүру тұрпаты мен іс-әрекетін ұйымдастыру;

  • тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара ықпал етуі;

  • тәрбиеленуші тұлғасының дамуы үшін жағдайлар жасау, яғни оған отбасылық ауыртпалықтар, оқуда қиындықтар, кәсіби қызметі немесе біреулермен қарым-қатынасында мәселелер туындағанда жәрдемдесу.

Тәрбиенің мәнін ашуда болмаса анықтауда алуан-түрлі көзқарас пен пікірлердің болуы осы құбылыстың санқырлылығын байқатады.
Жалпы алғанда тәрбие негізгі құрамдас бөліктері тәрбиеші (тәрбиешіліер тобы) мен тәрбмеленуші (тәрбиеленушілер тобы), жоғарыда көрсетілген үдерісс және оның жүргізілу шарттары саналатын тәрбиелік акт болып табылады.
Тәрбие үдерісінің құрылымы қойылған мақсаттар, мазмұны және нәтижеге жету тәсілдерінің тұтастығымен ашылады.
Тәрбие үдерісін ұйымдастыру мен оның мақсаттарын жүзеге асыру отбасы, мектеп, жоғары оқу орны, музей, партия фракциясы, көше ортасы, кәсіпорын, қамау орындары және т.б. жағдайларда орындалуы мүмкін.
Тәрбиелеуде, көпфакторлы үдерісс ретінде, объективті және субъективті шарттар айрықша маңызды. Мұның себебі аталмыш үдерісстің «адам мен адам» қатынасы жүйесінде іске асатындығында ғана емес, сондай-ақ тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы субъективті өзара тәуелділіктің үлес салмағы басым келетіндігінде. Сондықтан тәрбиенің заңдылықтарын белгілеу барынша қиынға соғады.
Тарихи және дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, тәрбиенің басты мақсаты бүгінгі қоғамда дербес өмір сүруге қабілетті, келешекте осы қоғамның құндылықтарын бөлісіп, арттыра білуге қабілетті, жан-жақты және үйлесімді дамыған адамды қалыптастыру.
Адамның үйлесімді және жан-жақты дамуы мақсатында ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене, құқықтық, азаматтық, азаматтық, экономикалық, экологиялық тәрбиелерді жүзеге асырады.
Тәрбиенің нәтижелері ретінде өмір сүру тұрпаты мен мінез-құлық стартегиясын айқындауды, заманауи мәдениет тілінен хабардар болуын мүмкін ететін дүниетаным мен құндылықтар арақатынасы жүйесін түйсіну және өзгертумен байланысты тұлғалық жаңғырулар пайда болады. Бұл адамзаттық және әлеуметтік кеңістікте «жақсылық-зұлымдық», «ақиқат-жалған», «сұлулық-келбетсіздік», «адалдық-бұлтақтық», «махаббат-жеккөрініштілік», «достық-сатқындық», «құқықтар мен міндеттер» әрқашан адаммен бірге қалатындығын білдіреді.
Тәрбие социотарлық, әлеуметтік-психологиялық, тұлғааралық және интра кісілік деңгейлерде жүргізілуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет