1 Тјрбиеніѕ теориялыќ-тўжырымдамалыќ мјселелері


Қазіргі тәрбиенің мазмұны



бет21/45
Дата07.02.2022
өлшемі0,68 Mb.
#94226
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45
Байланысты:
8cc4cdad-a258-11e4-8a1d-f6d299da70eeпедагогика окулык

4 Қазіргі тәрбиенің мазмұны

Тәрбие үдерісінің құрылымы негізгі бөлшектердің өзара байланысынан тұрады: мақсаттары мен мазмұны, әдістері мен құралдары, сондай-ақ қол жеткізілген нәтижелер.


Тәрбие көпфакторлы үдеріс болып табылады. Оған табиғи орта, өмірлік әлем және қоғамдық құндылықтар иерархиясы; отбасы, мектпе, жоғарғы оқу орны, балалар мен жастар ұйымдары; күнделікті және кәсіби қызмет, өнер мен баспасөз құралдары.
Тәрбие факторларының сан-алуан түрлері ішінен екі негізгі топты оқшалайды: объективті және субъективті.
Объективті факторлар тобына жататындар:

  • генетикалық тұқымқуалаушылық және адамның денсаулығы;

  • оның тікелей ортасына ықпалды отбасының әлеуметтік және мәдени тиесілігі;

  • биографиясының жай-жапсары;

  • мәдени дәстүр, кәсіби және әлеуметтік мәртебе;

  • елдің ерекшеліктері мен тарихи эпохасы.

Субъективті факторлар тобына жататындар:

  • тәрбиелеуші мен тәрбиеленушінің екеуінің де психикалық ерекшеліктері, дүниетанымы, құндылықтары, ішкі қажеттіліктері мен мүдделері;

  • әлеуметпен қарым-қатынас жүйесі;

  • жекелеген адамдар, топтар, бірлестіктер мен бүкіл қоғамның тарапынан адамға ықпал ететін ұйымдасқан тәрбиелік әсерлер.

Тарих барысында тәрбие үдерісін ой елегінен өткізу, оның спецификасын анықтау қажеттілігі туындады. Оның ішінде тәрбиелеу мақсаттары мен оларды жүзеге асыру деңгейлерін; тәрбиелеу құралдары мен түрлерінің спецификасын айқындауға қатысты.
Тәрбие мақсаттары – бұл арнайы дайындалған және жоспарлы түрде жүргізілген тәрбиелеу акциялары мен әрекеттерінің әсерімен адамда немесе адамдар тобында күтілетін өзгерістер. Мұндай мақсаттарды тағайындау үдерісі, әдетте, тәрбиеші (адам, адамдар тобы немесе бүкіл қоғам) тарапынан тәрбиеленуші тұлғасына қатысты алғанда адамгершілік қатынасының қордалануы болып табылады.
Адамның тәрбиелігін бағалау критерийлері санатына жататындар:

  • «жақсылық» басқа адамның (топтың, ұжымның, тұтас қоғамның) игілігіне қатысты мінез-құлқы ретінде;

  • «ақиқат» әрекеттер мен қимылдарды бағалауға басшылық ретінде;

  • «сұлулық» оның көрінісі мен жасалуының барлық формаларында.

Адамның тәрбиелігі келесі критерийлермен анықталады: адамның жоғарыда аталған құндылықтар көтерілу барысындағы кеңдігі мен биіктігімен; қоғамдағы ережелер, мөлшерлер, идеалдар мен құндылықтарды талғай білуімен жіне оларды өз қимыл-әрекеттерінде басшылыққа алу шегімен, сондай-ақ олардың негізінде қалыптасқан тұлғалық қасиеттерінің деңгейімен.
Адамның тәрбиелігі жөнінде көптеген көрсеткіштерге, мәселен, келбеті, сөйлеу мәнері, жалпы мінез-құлқы мен жекелеген қылықтарына тән бой ұстанымына, таңдаған құндылықтарына, іс-әрекетке қатынасы мен сұхбаттасу стиліне қарап, пайымдауға болады.
Тәрбиелі адамдар жөнінде А. П. Чехов былай деген екен: «Менің ойымша, тәрбиелі адамдар келесі шарттарды қанағаттандыруы тиіс:
- олар адами тұлғаны құрметтейді, сондықтан әрдайым кішіпейіл, жұмсақ, сыпайы, көнгіш... Олар жоғалған балға немесе резина үшін бүлік шығармайды; біреумен өмір сүре отырып, оны қарыздар етпейді, ал кетіп бара жатса: сізбен өмір сүруге болмайды! – деп кіжінбейді! Олар шу болсын, суық болсын, күйіп кеткен ет болсын, ащы болсын, үй ішінде бөтендер болсын мейлі бәрін кешіреді;
- олар тек қайыршылар мен қаңғыбас мысықтарға ғана аяушылық танытпайды. Олар қарапайым көзге көрінбейтін нәрсеге де жанын ауыртады;
- олар өзгенің меншігін сыйлайды, сондықтан салықтар төлеуден жалтармайды;
- олар ақ жүректі болғандықтан өтірік атаулыдан өлердей қорқады. Түкке тұрмайтын жағдайда да өтірік айтпайды. Өтірік тыңдаушының шамына тиеді және айтушының алдында оны тұқыртады. Олар кербезденбейді, көшеде де өздерін үйдегідей ұстайды, кіші ағайындар алдында көз бояушылық танытпайды. Олар мылжың емес және олардан сұрамаса, өз бетімен ағынан жарылып, ашылмайды...Өзгелердің құлағын сарсытпас үшін көбінесе үнсіз қалады;
- олар өздерін өзгелердің аяушылық пен көмек сезімі тудыру мақсатымен жаншымайды. Олар жауап ретінде өзгелердің күрсінісі мен аялап есіркеуін тілеп, өзгелердің сезім қылын шертпейді. Олар мені ешкім түсінбейді деп айтпайды!;
- олар әбігерлікке салынбайды. Оларды аты-шулылармен таныстық, Salon'e ішіндегі кездейсоқ жанның шаттығы, портерлік жағынан танымалдық сынды жалған бриллианттар қызықтырмайды;
- олар өздерінде бар талантты құрметтейді. Ол үшін тіпті олар тыныштық, әйелдер, шарап, қарбалас тіршілікті құрбан етеді;
- олар өздерінде эстетиканы тәрбиелейді. Олар киімшең ұйықтай, лас ауамен дем ала, түкірілген еденмен аяқ баса алмайды...».
Кез-келген тәрбиелік тапсырма тәрбиешінің тәрбиеленушіні белсенді қимылдар жасауға ынталандыру арқылы шешіледі. Осындай бастама ретінде, мәселен, дене жаттығуын жасау немесе оқу тапсырмасын орындау, көркем шығарманы қабылдау немесе пәтерді жиыстыру, үрейді жеңу немесе зиянды қылықтардан арылуды қарастыруға болады.
Тәрбиенің сәттілігі тәрбиелеу мақсаты-мазмұны (мақсатқа жету құралдары мен тәсілдері) тұтастығы ретінде тәрбиеленушінің автономиялық белсенділік дәрежесінің артуынан көрінеді. Осылайша, біріккен-жіктелген іс-әрекетте «теңдестер» позициясынан «тәрбиеленушінің құқықтарының кеңеюі» позициясына ауысу жүзеге асырылады. Өз бетімен (дербес) іс-әрекетті бастай және өзіндік жетілуге ұмтыла отырып, тәрбиеленуші тәрбиешінің көмегі мен қолғабысына сүйенуге мұрсаты қала береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет