1. Түрік қағанаты Үі-х ғасырларда Қазақстан жеріндегі алғашқы феодалдық мемлекеттер Көне және Батыс түрік қағанаттары еді



бет1/8
Дата22.09.2022
өлшемі50,21 Kb.
#150339
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
түрік лек


1. Түрік қағанаты
ҮІ-Х ғасырларда Қазақстан жеріндегі алғашқы феодалдық мемлекеттер Көне және Батыс түрік қағанаттары еді. Біздің заманымыздың 1 мың жылдығындағы Орталық Азия жерін мекендеген тайпалар одақтарының тарихы бұлармен өзара тығыз байланыста болды. V ғасырға қарай Солтүстік Моңғолиядан Орта Азиядағы Әмудария өзенінің бойына дейін созылған кең байтақ жердің бәрін тирек (телэ) деген жалпы атпен бірнеше тайпалар мекен еткен. Солардың бірі - түрік тайпасы. Түрік деген ат алғаш рет 542-ші жылы аталады. Қытайдың солтүстік батысында орналасқан Вэй князьдігіне түріктер (туцюе) жыл сайын шабуыл жасап, ойрандап отырғандығы жонінде айтылады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған.
546-шы жылы тирек (телэ) тайпалары Моңғолияның Онтүстік және орталық аудандарын мекендеген аварларға (жуань-жуань) қарсы жорық жасайды. Осы кезде күтпеген жерден түріктердің қағаны Тумынның (Бумын деп те атаған) басқаруымен тирек (телэ) әскерлеріне шабуыл жасап, быт-шытын шығарып жеңіп, 50 мың әскерін тұтқынға алады. Осыдан кейін түріктер күшейіп, енді аварларға (жуань-жуань) қарсы шығып, авар қағаны үйінің ханшасын Тумынге әйелдікке беруді талап етеді. Авардың қағаны өзіне бұрын тәуелді болып келген түріктердің елшісін үйінен қуып шығады. 552-ші жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете жеңеді, авардың қағаны Анағүй өзін-өзі олтіреді. Осы кезден бастап Тумын түрік билеп-төстеушілердің қағаны деген атағын алады. Тумын 553-ші жылы қайтыс болады.
Тумын өлгеннен кейін, таққа оның інісі Қара-еске отырады. Ол Орхонның жоғарғы жағында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескеден кейін, оның мұрагер інісі Еркінді - Мұқан деген атпен қаған болады. Оның ел билеген кезі 553-572 жылдар. Мұқанның тұсында аз уақыт ішінде (553-554 жж.) түріктер шығыста қайлар (татабтар), қидандар және оғыз-татар тайпаларын, солтүстікте Енесей қырғыздарын, Жетісу жеріндегі түргенеттерді өздеріне қаратты. 563-567 жж. Эфталит патшалығын басып алды. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатгы.
Түріктер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне баратын Жібек жолына иелік етті. Олар өздерінің жаулап алу жорықтарын жүргізуде Иранға қарсы Византиямен одақтасты. 571 жылы түріктердің әскери қолбасшысы Естемі Солтүстік Кавказды басып алды, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксанф Керчті басып алып, 576-шы жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірақ Естемі өлгеннен кейін, 582-593 жылдары билік үшін қырқыс басталды. Өзара қырқыс пен әлеуметгік қайшылықтар кағанатгы қатты әлсіретті. Күшейіп алған Иран 588 ж. Еврат түбінде түріктерді жеңіп шығады. Византия 590 жылы Боспорды қайтадан жаулап алады.
Түрік қағанатындағы өзара кырқыс 603 жылы оның екі дербес Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінуімен аяқталады. Батыс қағанатының орталығы - Жетісу жеріндегі Суяб қаласы (қазіргі Тоқмақ қаласына жақын жерде). Батыс түрік қағанаты ежелгі үйсін жерін жайлады. Ол Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жердің бәрін алып жатты. Қағанаттың негізгі этникалық-саяси ұйытқысы — "он тайпа" (он-оқ будунның) мекендеген жері де осы ара болған. Сонымен қатар ол Шығыс түрік кағанатының Шығыс Түркістан және Орта Азияның Сармақанд, Бұқара тағы басқа қалаларын басып алды. Осы қалаларда қағанның орынбасарлары отырды. Қағанның жазғы ордасы Мың бұлақ (Түркістан қаласына жақын) деген жерде болған. 610-618 жж. Жегуй қаған мен оның інісі Түнжабғы қаған /618-630 жж./ билеген кезде кағанаттың күш қуаты таси түседі. Тохарстан мен Ауғанстанға жасаған жаңа жорықтар мемлекет шекарасын Үндістанның солтүстік батысына дейін жылжытып кеңейтеді.
Түрік кағанаты мал және егіншілік шаруашылығымеп шұғылданды, мал шаруашылығына байланысты көшіп қонып жүрген. Егістік жерлерде түріктер отырықшылық шаруашылықпен айналысты. Қала мен дала қағанат құрамындағы біріккен әлеуметтік-саяси ағзаның бір-біріне аса қажет, бірін-бірі толықтырып отыратын бөлшектері еді. Еддің халқы - түріктері де, соғдылары да - бәрі бірдей сауда-саттықпен, қолөнер кәсібімен, егіншілік және мал өсірумен айналысқан. Нәтижесінде түріктердің қалалары өркендей бастады. Қалаларда сауда-саттық кеңінен жүргізілді. Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласына Орта Азия және Қытай жерінен неше түрлі заттар әкеп сататын болды. Түріктер Персия арқылы Византияға жібек және басқа заттар өткізуге рұқсат сұрап, 568 жылы Соғды көпесі Маниахтың басқаруымен елшілік жібереді. Бірақ бұл жолғы сапар сәтсіздікпен аяқталған. Одан кейін VI ғ. 70 жылдары осы елші Кавказ жері арқылы Константинопольге келіп, екі елдің арасында жібекпен тікелей сауда жүргізу туралы және олардың бірігіп, сасанидтер Иранына қарсы қимыл жасау жөнінде келіссөз жүргізеді.
Сыртқы сауда айырбасы да, ішкі сауда айырбасы да ақша айналысын шығарды, сөйтіп Батыс түрік қағанатының қарамағындағы шет аймақтарының да, орталығының да халқы осы айналысқа көшті. Түрік халқы қолөнерімен де шұғылданып, өмірге қажетті, әсіресе, үй тұрмысына керекті заттарды және қару-жарақтарды жасап пайдалана білді. Түрік кағанаты әлеуметтік тұрғыдан алғанда бір жағынан, ақсүйек тайпалар, екінші жағынан, оларға бағынышты, тәуелді тайпалар болып екіге бөлінді. Бағынышты тайпалар алым-салық төлеп тұрған. Қағанаттың басында жоғары билеуші, әскер басшысы, барлық жердің иесі қаған болған. Елдегі барлық билік оның туыстары арқылы жүргізілді. Қағанаттағы жоғарғы лауазымдар - жабғы, ұлық, шад және елтебер-қаған әулетіне ғана тән атақ-тұғын. Сот қызметін бұйрық берушілер - тархандар жүргізді. Қағанаттың негізгі халқы - малшы қауым мүшелері, оларды "қара буын" ("қара халық, тобыр") деп атаған.
Түріктердің ежелгі жазуы болған, оны Жетісу жеріндегі ескерткіштерден көреміз. Шығыс пен Батыста, Оңтүстікте ұшы-қиыры жоқ жері бар біртұтас орасан зор мемлекет құрған түрік батырлары "басы барды идірдік, тізесі барды бүктірдік" деген сөздерді тасқа қашап жаздырып қалдырған. "Кұлтегін" жыры да осы тас жазуы арқылы бүгінгі ұрпақка жетіп отыр. Осы жырдағы Білге қағанның "Ілгері - күн шығысында, он жақта - күн ортасында, кейін - күн батысында, сол жақта түн ортасында - осының ішіндегі халықтың бәрі маған қарайды" деуі түріктердің қаншалықты зор мемлекет құрғанын көрсетеді. Жалпы алғанда, түріктердің мәдениеті көп халықтарға қарағанда жоғары деңгейде болған. Жергілікті халықтар түріктердің мәдениетіне, әдет-ғұрыптарына көшіп, тілін қабылдаған. Батыс түрік қағанатында әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастардың ала-құлалығына, үстемдік ету мен бағыну формаларының алуан түрлілігіне қарамастан таптардың қалыптасуы мен ертедегі феодалдық қатынастардың өрбуі біршама тез іске асты. Қағанат ішіндегі өзара тартыс, билеушілердің жиі-жиі ауысуы оның ыдыраушылығын күшейтті. Он алты жылға /640-657/ созылған тайпалар арасындағы соғыс пен ішкі қырқыстар Жетісуға қытайдың Тан империясы әскерінің баса-көктеп кіруіне әкеліп соқты. Алайда, түріктердің Тан басқыншылығына және олардың сыбайластарына қарсы жүргізілген тынымсыз күресі түргештердің күшейіп көтерілуіне, сөйтіп 704 жылы Жетісуда олардың саяси жетекші күш болып шығуына себепші болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет