1. Түрік қағанаты Үі-х ғасырларда Қазақстан жеріндегі алғашқы феодалдық мемлекеттер Көне және Батыс түрік қағанаттары еді



бет5/8
Дата22.09.2022
өлшемі50,21 Kb.
#150339
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
түрік лек

5. Қимақ қағанаты
VII ғасырда қыпшақ пен қимақ /кимек/ тайпалары Ертіс бойын жайлаған. Бір ескертіп айтатын жайт, кимектер мен қыпшақтар бір халық деп осы кезге дейін айтылып келген пікір қате, өйткені тарихи жазба деректер бойынша бұлар екі халық, бірақ түркі тілді туыс тайпалар болған. VIII ғасырдың орта кезіндегі қимақтардың көршілері — Ертіс бойындағы қарлұқтар және Енесей бойындағы қырғыздар еді. IX ғасырдың бас кезінде қимақтардың кейбір топтары Жетісу жеріне өтіп, тоғыз оғыздарға көрші болды. Кейінірек қимақтардын біразы оғыздармен бірге Орал аймағына, Арал және Каспий манындағы далаларға орналасты. 766 және 840 жылдары кимектер Батыс Алтай, Тарбағатай мен Алақөл ойпатының жерлерін жайлап, Шығыс Түркістанды мекендейтін тоғыз оғыздардың теріскей шебіне дейін жетеді. Осы кездері жеті тайпадан: еймур, имек, қыпшақ, татар, баяндүр, ланиказ, ажлардан тұратын кимек федерациясы құрылды. Ал X ғ. басында кимек мемлекетінің құрамында 12 тайпа болған. Орталығы — Хақан қаласы. Қимақтардың ең үлкен басқарушысы хақан деп аталған. Қимақтар өздерінің хақанымен бірге Орта Ертіс өңірінде тұрған. Олардың 16 каласы болыпты. Олардың бастылары Хақан, Қарантия, Дамурия, Шнария, Сараус, Дахлан, Банджар, Астур. Қимақтың ақсүйек байлары киімді қызыл және сары жібектен киетін болған, кедейлері жұпыны киінген. Қимақ қоғамындағы мал-мүліктің теңсіздігінің нәтижесінде көшпелі ақсүйектер пайда болады. Малы аз қимақтар кедейге айналады. Сөйтіп, қимақтардың қоғамында әлеуметтік теңсіздіктің орын алғанын байқаймыз. Қимақтар қол өнермен, аң аулау, балық аулаумен шұғылданып, қыстауларды қоныс етіп, шағын мекендерде тұрған, бұл мекендер бірте-бірте қалаға айналған. Сөйтіп, қимақтардың жерінде феодалдық қатынастар орныға бастайды.
IX ғасырдың екінші жартысы мен XI ғасырда қимақ-қыпшақ тайпалар одағының
негізінде ертедегі феодалдық мемлекет қалыптасты. Қаған елді көптеген басқарушылары
арқылы билеген. Соңғылары салық жинаумен айналысқан. Қимақтар мен кьшшақтар жазуды білген. Олар ежелгі көне түрік жазуын пайдаланып, камыс қаламмен жазған.
Қимақтар мен қыпшақтар табиғаттың әр түрлі күштері мен құбылыстарын пір тұтқан, көк тәңірісі ата-бабаларына сиынған. Қимақтар мен қыпшақтар күнге, жұлдыздарға, аруақтарға да табынған. Өлгендерді өртеп жерлеген. Ертіс өзенін қасиет тұтып, "өзен - адамның тәңірі" деген. Тас сымбат /мүсін/ қойып, оған табыну салты кеңінен тараған.
X ғасырда ондаған тайпалардың бірінен соң бірінің шабуыл жасауы Қимақ
мемлекетін әлсіретті. Сондықтан қыпшақтар өзінің қоныстанған жерлерін тастап, Сырдария өзенінің бойындағы, Аралдың батысы мен Каспийдің солтүстік өңіріндегі оғыздарды орындарынан қозғап, оларды оңтүстікке және Қара теңіз далаларына көшіп баруға мәжбүр етті. Оғыз жерін басын алғаннан кейін, қыпшақтар қимақ мемлекетінің орнын басты. Қыпшақтар мекендеген жерлерді "Дешті қыпшақ", яғни қыпшақ даласы деп те атады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет