Тобы: гк-811 Тексерген



Дата08.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#124379
Байланысты:
Еркош автомат4
13 геоинформатика Еркош, Сызықтық Еркош, Аспаптар 6 Еркош, Сызық Еркош 10, Тсп лекция 14, 13 Геология Еркош, Авто 6 Еркош, 14 кмж, Береке Алтынгул, 21-5, социология, практика-семинар, Мұсабек М.Ж ҚМЖ, Аңсабай Ж., 1-лекция Қазақстан - Конституция, Кешенді жоспар рус, 130 9 сынып

Қазақстан Республиканың Білім және Ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы «КЕАҚ»
Орындаған: Тұрғара Е. А.
Тобы: ГК-811
Тексерген:
СӨЖ
Тақырыбы: Өндірістік үрдістерді ұйымдастыру
СЕМЕЙ 2021
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
  • Өндірісті ұйымдастыру
  • Өндіріс бөліктері

  • 3. Өндірісті ұйымдастырудың түрлері
  • Өндірістік үрдісті ұйымдастыру
  • Өндірістік үрдістің мазмұны

  • Қорытынды
    Пайдаланылған әдебиеттер:

Кіріспе
Өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру – өндірістің үйлесімді дамуын, жаңа өнімнің тез енгізіліп, игерілуін, еңбек ресурстары мен материалдық ресурстардың, қолданыстағы техниканың неғұрлым толық пайдаланылуын және осы негізде өндіріс нышандарын оңтайлы ұштастыру, өнімнің кеңістік пен уақыт ішінде барлық дайындалу сатыларын келісіп алу жолымен өндірістің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі. Өндірісті ұйымдастыру үйлесімділік, ырғақтылық және өндірістің үздіксіздігі қағидаттарына негізделеді. Ол түрлі әдістермен жүзеге асырылады, олардың ең бастылары: тасқынды, топтамалық және жеке-дара әдістер.
Өндірісті ұйымдастыру элементтік (атқарымдық), кеңістіктік, уақыттық бөліктерге ажыратылады. Ол өнеркәсіп өндірісінің барлық буындарын – салалық және ішкі салалық экономикадан бастап жұмыс орнына дейін қамтиды. Өндірісті ұйымдастыру қоғамдық және жекеше нысандарға бөлінеді. Қоғамдық нысан қоғамдық еңбек бөлінісінен туындайды және өндірістің мамандануы мен кәсіпорындардың мамандануын, кәсіпорынның ұтымды мөлшерін таңдауды және негіздеуді, өндірістің құрамдастырылуын, кәсіпорындардың кооперациялануын қамтиды. Өндірісті жекеше ұйымдастыру бірыңғай еңбек бөлінісінен туындайды, ол еңбектің кәсіпорын ішіндегі бөлінісі мен ұштастырылуын қамтиды.
Өндіріс бөліктері
Өнеркәсіп өндірісін кеңістікте ұйымдастыру өнімді дайындау үдерісінің жеке үдерістерге бөлшектелуінен және кәсіпорынның жекелеген өндірістік буынынан тұрады. Осы деңгейде өндірісті ұйымдастырудың үш түрін бөліп алуға болады, олар: үдерісті жұмыс орнында, цех ішінде және цехтардың арасында ұйымдастыру. Негізгі өндірісті ұйымдастырумен қатар көмекші және қызмет көрсетуші үдерістерді ұйымдастырудың да зор маңызы бар. Олардың атқарымдық міндеті – машиналар мен жабдықтардың қалыпты жұмыс жағдайында болуын қолдау, энергиямен, еңбек заттарымен, құрал-саймандармен, аспаптармен, бейімдемелермен қамтамасыз ету. Көмекші және қызмет көрсетуші үдерістерді ұйымдастыруда кәсіпорын мен басқа да бөлімшелердің аспаптық және жөндеу өндірісінің, көлік және энергетикалық шаруашылықтарының жұмысын ұйымдастыру қамтылады. Өндірістің оңтайлы ұйымдастырылуы тиісті сапада өнім өндіру көлемінің ұлғайтылуын, бұйымдардың жетілдірілуін, еңбек өнімділігінің арттырылуын, өндіріс шығынының азайтылуын, еңбек жағдайының жақсартылуын, кадрлардың мәдени-техникалдық деңгейінің көтерілуін қамтамасыз етеді.
Өндірісті ұйымдастырудың түрлері
Өндірістік үрдісті ұйымдастыру негіздері
-кәсіпорын;
-цехтар;
Негізгі үрдістерге еңбек затының нысаны мен кесімі, ішкі құрылымы, сыртқы түрі, оның құрамдас бөліктерінің өзара орналасуы өзгеретін технологиялық үрдістер жатады.
Көмекші үрдістер негізгі үрдістердің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Оларға мысалы, негізгі өндіріс қажеттіліктері үшін құрал дайындау, құралдарды жөндеу, бу дайындау және т.б. жатады.
Өндірістік үрдіс дегеніміз шикізаттар мен материалдардың дайын өнімге айналу үрдісіне бағытталған жеке еңбек үрдістерінің жиынтығын көрсетеді.
Өндірістік үрдістің мазмұны кәсіпорынның және оның өндірістік бөлімшелерінің құрылуына тікелей әсер етеді. Өндірістік үрдіс кез келген кәсіпорын қызметінің негізін қалайды.
Өндірістік үрдіс өнім дайындаудағы бағыты бойынша негізгі, көмекші және қызмет көрсету үрдістеріне бөлінеді.
-өндірістік бірліктер;
-ағындық жүйелер;
-секциялар (бөлімшелер);
-жұмыс орындары.
Өндіріс тиімділігі және өнім сапасы көп жағдайда өндірістік қызметтерді ұтымды ұйымдастыру деңгейімен анықталады.
Өндірістік үрдістің жіктелуі де кәсіпорынның өндірістік құрылымын көрсетеді. Өндірісті ұтымды ұйымдастыру және ыңғайлы басқару қағидасы бойынша кәсіпорынның өзара байланысты бөлімшелерінің жекелену жүйесі де оның құрылымын анықтайды.
Өндірістік үрдістерді ұтымды ұйымдастыру қағидаларын екі категорияға бөлуге болады;
-арнаулы, нақты өндірістік үрдістерге арналады.
Қызмет көрсету үрдістеріне – техникалық бақылау жұмыстары, көлік, қойма операциялары және тағы басқалары кіреді.
Жалпы, яғни оның нақты мазмұнына байланысты болмайды. Кәсіпорынның өндірістік бөлімшелері, цехтар, бөлімшелер, қызмет көрсетуші шаруашылықтар мен жұмыс орындары (өндірістік үрдіске тікелей немесе жанама қатысушы) арасындағы байланыстар жиынтығы өндірістік құрылымды құрайды. Ол еңбек өнімділігінің, өндіріс шығындарының деңгейін, материалдық өндірістің техника-экономикалық және географиялық жағдайы мәліметтері бойынша табиғат байлықтарын және техникалық тиімділігін анықтайды.
Өндірістік үрдіс дегеніміз шикізаттар мен материалдардың дайын өнімге айналу үрдісіне бағытталған жеке еңбек үрдістерінің жиынтығын көрсетеді. Өндірістік үрдістің мазмұны кәсіпорынның және оның өндірістік бөлімшелерінің құрылуына тікелей әсер етеді. Өндірістік үрдіс кез келген кәсіпорын қызметінің негізін қалайды.
Қорытынды
  • «Қазақ Энциклопедиясы»
  • Бейсенова М., Садықбаева А.«Кәсіп орын экономикасы», Алматы: «Ғылым» 2002ж.
  • А. Н. Дәуренбаева «Өндірісті ұйымдастыру» Алматы, 2007ж.
  • Казамбаева А. М.«Экономика және өндірісті ұйымдастыру» Орал, 2009ж.

Пайдаланылған әдебиеттер

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет