1 тур жазылым (эссе) 8-cынып Менің сүйікті пәнім Менің сүйікті кинокейіпкерім



бет1/3
Дата25.12.2016
өлшемі0,57 Mb.
#5117
  1   2   3
1 ТУР

Жазылым (эссе)
8-cынып


  1. Менің сүйікті пәнім

  2. Менің сүйікті кинокейіпкерім

  3. Спорттың менің өмірімдегі орны

1 ТУР

Жазылым (эссе)
9-cынып
1.Отаным десем, ойыма...

2.Компьютер: пайдасы мен зияны

3.Менің үлгі тұтатын адамым

1 ТУР

Жазылым (эссе)

10-cынып


  1. Отбасымыздың жақсы дәстүрлері

  2. Күлме досыңа...

  3. Ғаламтордың жағымды және жағымсыз жақтары

1 ТУР

Жазылым (эссе)

11-cынып


  1. Салт-дәстүрлердің пайдасы неде ?

  2. Халықтар достығы дегеніміз не?

  3. Ұялы телефон қолданудың жағымды және жағымсыз жақтары

ӘР СЫНЫП БОЙЫНША ОҚУШЫЛАР САНЫНА ҚАРАЙ КӨБЕЙТІЛУІ КЕРЕК

Оқылым

8 -сынып

1-тапсырма. Мәтінді оқып, алдымен төмендегі кестеге берілген мәтін үзінділерінің ретін жазыңыз, содан соң мәтіннен кейінгі тест тапсырмаларын орындаңыз.


басы

Ғ

1




2




3




4




5




Ақселеу

А) Абыздың денсаулығы нашар, көп жүгіре алмайтын, демікпе сырқаты (астма) болатын. Бір үйдің жанынан өте бергенде, дәу қара төбет абалап үріп шыға келді. 
Ә) Абыз Ақселеудің жанына келіп:
- Мен қаш дегенде неге қашпадың? Қашсаң, сен де аман қалатын едің,- деді.
- Мен қашсам, денсаулығың жоқ, алысқа жүгіре алмайтын сен тұтылып, мен құтылатын едім.
Б) - Ақселеу, қаш, әне, ит келіп қалды!- деп, Абыз айғайлап жүгіре жөнелді. Ақселеу жерден бір шыбық алып, қашпастан итке қарсы ұмтылды. Бірақ оның шалбары жырым-жырым болды.
В) - Ақселеу бала да болса, азамат екен!- деді екеуінің әңгімесін тыңдап тұрған бір ақсақал сүйсініп.

Г) Сені қорғап қалу үшін әдейі қашпадым,- деді Ақселеу.

Ғ) Екі дос үй-үйдің арасымен әңгімелесіп келе жатты. Оның біреуі – Ақселеу де, екіншісі – Абыз.

6. Мәтінге сәйкес ойды белгілеңіз.

а) Нағыз дос басыңа қауіп түскенде білінеді.

ә) Достар әрқашан бірге жүреді.

б) Аңқау бала ештеңе істемей тұрып қалады.

в) Батыл бала қорқып қашпайды.

7. Ақселеудің мінезіне лайық сөздерді табыңыз.

а) жұмсақ, аңқау, ашық ауыз, жуас

ә) мейірімді, батыл, бауырмал, азамат

б) тұйық, қыңыр, сараң, қорқақ

в) пысық, сөзшең, арам, қу



8. Мәтінге сәйкес мақалды белгілеңіз.

а) Батыр жарқырап жүреді, 


Қорқақ қалтырап жүреді.
ә) Батыр жарасыз болмас.

б) Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол.

в) Әңгіме жол қысқартады.

9. Мәтіндегі антонимдерді табыңыз.

а) қаш, жүгір

ә) құтылу, тұтылу

б) бала, азамат

в) қорғау, құтылу

10. Мәтіннің тақырыбы не?

а) батылдық

ә) қулық

б) достық

в) туған жер

2-тапсырма. Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.

Қолқанат


Сәкен шаруаға ұқыпты болды. Үстін тап-тұйнақтай таза ұстайтын еді. Ағайынды жетеуміз. Сәкен бәрімізден үлкен. Жаздың күні ол бізден бұрын оянады да, үй шаруасына көмектеседі. Біз оянып, далаға шыққанда, Сәкен есік алдында жүреді. Ол бізді Қараөзек бойына соқпақ жолмен бастап алып кетеді. Мөлдір бұлақ басына барамыз да, жуынамыз. Сәкен әуелі кішкентай қарындасымыз Рахима, Халима, Сәлималарды жуындырады, шаштарын тарап, өріп береді. Содан кейін барып, өзі жуынады. Біздің күндегі әдетіміз – осы. Қайтадан қатар тізіліп алып, ауылға қарай жүреміз.
“Айналайын, менің ақ қаздарым”,- деп анамыз есік алдынан бізді қарсы алады. Сәкеннің маңдайынан сүйіп жатып:
- Қолқанатым менің! - дейді.

11. «Қолқанат» сөзінің аудармасын табыңыз.

а) крыло


ә) подручный

б) помощник

в) поддержка

12. Сәкеннің мінезіне лайық сөздерді табыңыз.

а) суық, өткір, қатал, сараң

ә) тапқыр, ақылды, пысық, елгезек

б) бауырмал, қамқоршы, мейірімді, ұқыпты

в) іскер, жауапты, адал, еңбекқор

13. Мәтінге сәйкес мақалды белгілеңіз.

а) Жаман туыстан жақсы таныс артық.

ә) Ағасы бардың жағасы бар,

Інісі бардың тынысы бар.

б)Өле жегенше, ағайынмен бөле же.

в) Үйің жаман болса, күйің жаман.



14. Мәтінге сәйкес сөйлемді табыңыз.

а) Әрқашан таза жүруің керек.

ә) Өзіңнен кішілерге қамқоршы болуың керек.

б) Тек өзіңді ойлауың керек.

в) Ағайындарға көмектеспеуің керек.

15. Мәтінде қазақтың қандай ұлттық қасиеті туралы айтылған?

а) қонайжайлылық

ә) кеңдік

б) ақкөңілділік

в) бауырмалдық

3-тапсырма. Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.

Бір бай той жасапты. Тойға көп адам келіпті. Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожаны ешкім елемепті, бұған төрге шық, тамақ же демепті. Қожа ақырындап далаға шығыпты. Үйіне барып, жақсы киімдерін киіп, қайта келіпті. Бұл жолы үй иесі Қожаға төрден орын беріпті. Ет келгенде:


- Қожеке, алыңыз, алыңыз!- деп қадірлепті. Қожа етті жемейді, табаққа шапанының жеңін малып:
- Же, шапаным, же,- деп отыра беріпті. Үй иесі өкпелеп:
- Сіз о не қылғаныңыз, шапан ет жей ме?- дейді.
Сонда Қожа:
- Cен мені сыйламайсың, киімді сыйлайды екенсің. Сондықтан жеңіме жегізіп отырғаным ғой,- деп жауап беріпті.

16. Мәтінге қандай ат лайықты?

а) Байдың үйі

ә) Қожанасырдың тойға баруы

б) Қожекеңнің киімі

в) Байдың өкпелеуі

17. Қожаның мінезіне лайық сөздерді табыңыз.

а) өсекші, өтірікші, қатал, сараң

ә) тапқыр, ақылды, қу, әділ

б) білімді, жуас, тұйық, қыңыр

в) іскер, пысық, алаяқ, арам

18. Мәтінге сәйкес мақалды белгілеңіз.

а) Үйінде қартың болса — асыл қазынаң

ә) Үй баласымен базарлы, 
қонағымен ажарлы

б)Киіміне қарап қарсы алады,


Біліміне қарап шығарып салады.

в) Үйің жаман болса, күйің жаман



19. Мәтінге сәйкес сөйлемді табыңыз.

а) Бай кедейлерді менсінбейді.

ә) Қожанасыр байды қатты сыйлайды.

б) Бай адамның бәріне бірдей қарайды.

в) Қонаққа нашар киіммен барған дұрыс.

20. Мәтінде қандай қазақ ұлттық киімі туралы айтылған?

а) тақия

ә) тон

б) шапан


в) мәсі
ӘР СЫНЫП БОЙЫНША ОҚУШЫЛАР САНЫНА ҚАРАЙ КӨБЕЙТІЛУІ КЕРЕК
Оқылым

9 -сынып

1-тапсырма. Мәтінді оқып, алдымен төмендегі кестеге берілген мәтін үзінділерінің ретін жазыңыз, содан соң мәтіннен кейінгі тест тапсырмаларын орындаңыз.


басы

Б

1




2




3




4




5





Адалдық

А. Сонда император:

– Сендердің барлығыңа қуырылған дән таратып едім. Ал одан ешқандай гүл өсіп шығуы мүмкін емес. Маған керемет гүлдер емес, ақиқат керек болатын, - деп оларды ұялтып қояды.



Ә. Жанына барып:

– Сен маған неге гүлсіз келдің? - деп сұрайды. Сонда бала:

– Кешір мені, хан. Мен гүл ұрығын сіз айтқандай ектім, су септім, бірақ ештеңе шықпады, - дейді.

Хан үндемей баланы қолынан жетектеп:

Міне, болашақ император! – деп жар салады.

Б. Ерте заманда бір император өмір сүріпті. Оның мұрагері болмапты. Қартайған шағында император өзіне халықтың арасынан мұрагер таңдайды. Мұрагердің адал болуы үшін сынамақ болады. Уәзірлерін жинап алып, ақылдасып, елге гүл ұрығын таратып беруді шешеді. Кім де кім ұрықты жетілдіріп, баптап әкелсе, сол өзінің мұрагері болатынын айтады.

В. Сонда бір шетте аш-жалаңаш, кір-кір киімі бар бір жетім бала бос ыдысты ұстап тұрады. Айлар өтіп, белгіленген мерзім де жетеді. Хан сарайы алдына ел жиналады. Баласы хан болса деп ойлаған адамдар балаларына гүлді дайындап, жайнатып әкеледі. Хан аралап жүріп, ешқайсысына көңілі толмайды.

Г. Бай-дәулетті адамдар: «Неге біздің балаларымызды емес, қайдағы бір жетім баланы таңдадыңыз?» - деп дау тудырады.

Ғ. Содан бері жетім бала елді әділ билеп, мемлекетті гүлдеткен екен.



Мәтінге байланысты тест тапсырмалары:

 6. Императорға қандай қасиеттер тән?

а) сараңдық, айлалық

ә) ақылдылық, тапқырлық

б) қатыгездік, жауыздық

в) еңбекқорлық, шапшаңдық



7. Мәтін ненің пайдасы туралы?

а) гүлдердің

ә) өтіріктің

б) байлықтың

в) шындықтың

8. Мәтінге сәйкес мақалды белгілеңіз.

а) Алтын алма, білім ал.

ә) Өтірік сөз өрге баспас.

б) Ерінбеген елге жетеді.

в) Адамның өзі жетпеген жерге сөзі жетеді.

9. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.

а) ақиқат, мұрагер, адал, мемлекет

ә) гүл, хан, су, ұрық

б) бала, бос ыдыс, кір киім, гүлсіз

в) қуырылған дән, жетім бала, император, гүл.

10. «Мұра» сөзімен мағыналас сөзді табыңыз.

а) шындық

ә) мирас

б) қулық


в) пайда
2-тапсырма. Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.

Жолбарыс пен тышқан

Бір жолбарыс ұйықтап жатса, үстіне бір тышқан жорғалап шығып кетіпті. Оны жолбарыс ұстап алады. Сонда тышқан айтыпты:

- Ағатай, мені қоя беріңіз. Кім біледі, менің де сізге бір керегім боп

қалар. Сонда жолбарыс: «Жесем ас та болмайды, жөніне жіберейін» - деп, тышқанды қоя береді.

Әлгі тышқан баяғысынша жорғалап келе жатады. Кенет ол бір ақырған дауысты естиді. «Апырау, мынау жолбарыс қой. Үнінде бір ауырсыну бар сияқты ғой». Тышқан жорғалаған күйі солай қарай тартады. Сөйтсе, баяғы жолбарыс тұзаққа түсіп қалыпты. Жолбарысқа да жан керек, тышқанды көріп жылап жібереді.

- Ал, достым, бір амалын тауып, мені құтқар, - деп тышқанға жалыныпты. Сонда тышқан: «Асықпа, саған қарыз боп қалмаспын» - деп тұзақты тісімен кеміріп, қиып жібереді. Сөйтіп жолбарысты ажалдан құтқарды. Жолбарыс сол жолы біреуге жақсылық жасасаң, оның іссіз кетпейтінін алғаш түсініпті.


Мәтінге байланысты тест тапсырмалары:

 11. Жолбарыс тышқанға қандай жақсылық жасады?

а) дос тауып берді

ә) аштықтан аман алып қалды

б) жемей, жөніне жіберді

в) қонаққа шақырды



12. Мәтінде қандай антонимдер бар?

а) жолбарыс, тышқан

ә) ұста, жібер

б) көмек, жұмыс

в) жалын, құтқар

13. Мәтінге сәйкес мақалды белгілеңіз.

а) Жақсының өзі өлгенмен, сөзі өлмейді.


ә) Жақсылық ұмытылмас.

б) Күлме досыңа, келер басыңа.

в) Заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы

14. Мәтіндегі негізгі ой қандай?

а) Бірге көтерген жүк жеңіл.

ә) Біреуге жасаған жақсылығың ізсіз қалмайды.

б) Бір–бірімізге көмектеспесек, қалайша дос боламыз?

в) Жолдасын тастаған жолда қалар.

15. Тышқанды қай қасиеті құтқарды?

а) аңқаулығы

ә) сараңдығы

б) жайдарлығы

в) тапқырлығы
3-тапсырма. Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.

Ертеде бір жас жігіт өзінің кедейлігін айтып, әрдайым мұңын шағудан жалықпайды екен.


- Шіркін-ай, егер менің байлығым көп болса, жақсы өмір сүрер едім, — деп зарлауын қоймапты.

Бір күні жігіттің лашығының алдынан қарт тас қашаушы өтіп бара жатып, зарлап отырған жігіттің қасына келеді.


- Саған не болды сонша жыланып? Сен нағыз бай адам емессің бе? – дейді.
- Мен баймын ба? – деп жігіт таң қалады. – Ол қандай байлық?
- Сенің көздерің ше? Бір көзіңді біреуге қаншаға сатып берер едің? – деп сұрайды қарт.
-Оның не?! – деп шошып кетеді жігіт, — көзімді ешқандай байлыққа айырбастамаймын.
- Ал енді екі қолың мен аяғыңның біреуін алтынға айырбастар ма едің?
- Жоқ, ешқайсысын да алтынға айырбастамаймын, — дейді жігіт.
- Міне, көрдің бе, сен өте бай адамсың. Адамның ең үлкен байлығы — күш-қуаты мен денсаулығы, — дейді қарт. – Оны ақшаға сатып ала алмайсың.
Қарт осыны айтады да, жөніне кетеді.
Мәтінге байланысты тест тапсырмалары:

 16. Жолбарыс тышқанға қандай жақсылық 16. «тас қашаушы» сөзінің аудармасын табыңыз.

а) строитель

ә) сапожник

б) угольщик

в) камнетес



17. Жігіттің негізгі қателігі неде?

а) өмірді тым көңілді өткізуінде

ә) өте сараң болуында

б) өзінде барын дұрыс бағаламауында

в) жалқау болуында

18. Мәтінге сәйкес мақалды белгілеңіз.

а) Күлме досыңа, келер басыңа.

ә) Аурудың жақсысы жоқ,
Дәрінің тәттісі жоқ.

б) Бірінші байлық – денсаулық.

в) Ақылдан артық байлық жоқ.

19. Мәтіндегі негізгі ойды көрсетіңіз.

а) Менің байлығым көп болса, жақсы өмір сүрер едім.

ә) Адамның ең үлкен байлығы — күш-қуаты мен денсаулығы

б) Саған не болды сонша жыланып?

в) Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.

20. Мәтінде қандай синоним сөздер бар?

а) ақша, айырбас

ә) кедейлік, байлық

б) жылану, зарлау

в) шошу, таң қалу
ӘР СЫНЫП БОЙЫНША ОҚУШЫЛАР САНЫНА ҚАРАЙ КӨБЕЙТІЛУІ КЕРЕК
Оқылым

10 -сынып
1-тапсырма. Мәтінді оқып, алдымен төмендегі кестеге берілген мәтін үзінділерінің ретін жазыңыз, содан соң мәтіннен кейінгі тест тапсырмаларын орындаңыз.


басы

Б

1




2




3




4




5




Егінші мен қасқыр
А
. Егінші нанынан бір үзіп алды да, қасқырға берді. Нан қасқырға ұнады. Сондықтан да ол егіншіге мынадай тілек білдірді:
- Сенің тамағың дәмді екен. Менің де күн сайын тамақ жегім келеді.
Сен маған оны табудың жолын үйретші...
Ә. . - Содан соң нанды жеуге бола ма?
- Қайда әлі! Қара бидайды ору, оны баулау керек. Ол бауларды жақсылап жел қағып, күнге кептірген соң, қырманға апарып, маялау керек...
- Сонда нан бола ма?! –деп қасқыр айқайлап жіберді.
- Жоқ қара бидайды жиып алған соң, бастыру керек, бастырып болған соң, бидайды диірменге апарып, ұн ғып тарту керек. 
Б. Егінші таңсәріден егін орып, шаңқай түсте демалды. Аздап тыныққан соң, қолына нан алып, жей бастады. Дәл сол кезде бір үлкен қасқыр егіншінің қасына келіп:
- Адам, не жеп отырсың? – деп сұрады.
- Нан.
- Маған да наныңнан берші!
Ғ. -Сонда жеуге бола ма?
- Жоқ, әлі! Қамыр ашытып, оны илеп, пісіру керек...
- Сонда нан бола ма?
- Иә, сонда нан болып, жеуге жарайды, – деді егінші. 
В. - Бұл өте ауыр әрі көп уақыт кететін жұмыс екен. Мұны кәсіп етпей-ақ қояйын, –деді қасқыр.
Г. Егінші қасқырға:
- Алдымен жер жыртасың, одан соң тырмалайсың, – деді.
- Содан соң нан бола ма?
- Жоқ, жерді жыртып, тырмалап боласың да, тұқымды әзірлейсің, себесің...
- Содан соң нан бола ма?
- Жоқ, жоқ! Күзде қара бидай егесің. Ол көктемде көгеріп жер бетіне шығады, ал жаз ортасында піседі.

Мәтінге байланысты тест тапсырмалары:

 6. Қасқырға қандай қасиеттер тән?

а) сараңдық, айлалық

ә) еріншектік, жанаярлық

б) қатыгездік, жауыздық

в) еңбекқорлық, шапшаңдық



7. Мәтін не туралы?

а) достық

ә) өтірік

б) байлық

в) еңбек

8. Мәтінге сәйкес мақалды белгілеңіз.

а) Алтын алма, білім ал.

ә) Өтірік сөз өрге баспас.

б) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей

в) Адамның өзі жетпеген жерге сөзі жетеді.

9. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.

а) нан, нан табу жолы, еңбек, ауыр жұмыс

ә) қасқыр, егінші, нан, жер

б) сұрақ, жеу, қара бидай, қамыр

в) қуырылған дән, тұқым, диірмен, гүл.

10. «Егінші» сөзінің синонимін табыңыз.

а) қызметкер

ә) диқан

б) етікші

в) малшы
2-тапсырма. Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.
Шаруа мен су патшасы

Бір шаруа балтасын суға түсіріп алады. Соның қайғысынан жағада жылап отырады. Су патшасы шаруаның дауысын естіп, өзеннен алтын балта алып шығып: «Сенің балтаң мынау ма?» - дейді.

Шаруа: «Жоқ, менің балтам бұл емес», - дейді.

Су патшасы өзеннен күміс балта алып шығады.

Шаруа: «Бұл да менің балтам емес», - дейді.

Сонан соң су патшасы шаруаның өз балтасын судан алып шығады.

Шаруа: «Міне, менің балтам осы», - дейді.

Су патшасы шаруаға риза болып, үш балтаны да беріп жібереді. Шаруа үйге келген соң, балталарын көршілеріне көрсетеді, өзінің көргендерін айтып береді.

Мұны көрген бір бай да солай етпек болады. Өзенге барып, балтасын суға тастап жіберіп, жағада жылап отырады. Су патшасы өзеннен алтын балта алып шығып: «Сенің балтаң мынау ма?» - деп сұрайды. Бай қуанып кетіп: «Менің балтам осы!», - деп айқай салады. Су патшасы жалған сөйлегендігі үшін байға алтын балтаны да, оның өз балтасын да қайтарып бермепті.
Мәтінге байланысты тест тапсырмалары:

 11. Су патшасының қандай жақсылығы шаруаға ұнады?

а) оған дос тауып берді

ә) өз балтасын қайтарып берді

б) өз патшалығына қонаққа шақырды

в) алтын балта берді



12. Байды қандай қасиеті құртты?

а) сараңдығы, тойымсыздығы

ә) мейірімділігі, жұмсақтығы

б) еріншектігі, жалқаулығы

в) адалдығы, тазалығы

13. Мәтінге сәйкес мақалды белгілеңіз.

а) Жақсының өзі өлгенмен, сөзі өлмейді.


ә) Өтірік сөз өрге баспас.

б) Күлме досыңа, келер басыңа.

в) Заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы

14. Мәтіндегі негізгі ой қандай?

а) Су патшасы өзеннен күміс балта алып шығады.

ә) Шаруа үйге келген соң, балталарын көршілеріне көрсетеді.

б) Су патшасы жалған сөйлегендігі үшін байға алтын балтаны да, оның өз балтасын да қайтарып бермепті

в) Бай қуанып кетіп: «Менің балтам осы!», - деп айқай салады.

15. Шаруаның қандай қасиеті су патшасын риза қылды?

а) аңқаулығы

ә) сараңдығы

б) шыншылдығы

в) тапқырлығы

3-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, мына кестедегі сөздермен толықтырыңыз.

қажет емес (а), пайдаланбайтын (ә), бірдей (б), орындай  алады (в),

орнатылды (г)
Электронды пошта

Электронды пошта 1965 жылы  пайда болған. Осы жылы Массачусетс  техникалық иснтитутының  қызметкерлері  Ноэль Моррис  пен То Ван Влек  MAIL бағдарламасын  жазды. Бұл бағдарлама  компьютерге  (16).

Электронды поштаның  жылдамдығы  телефонмен (17),  бірақ мұнда  абоненттердің  бір сәтте  болуы   (18). Электронды пошта  хаттан  басқа  сурет,  бейнемәлімет  сияқты  ақпараттарды  да тасымалдай  алады.

Қазіргі  таңда  электронды пошта қызметін (19)   адам жоқ.  Ғаламтор   арқылы   күн  сайын   миллиондаған  адамдар   жер  шарының   әр түкпірінде  отырып-ақ  талай   жұмыстарын (20) .

 
ӘР СЫНЫП БОЙЫНША ОҚУШЫЛАР САНЫНА ҚАРАЙ КӨБЕЙТІЛУІ КЕРЕК
Оқылым

11 –сынып
1-тапсырма. Мәтінді оқып, алдымен төмендегі кестеге берілген мәтін үзінділерінің ретін жазыңыз, содан соң мәтіннен кейінгі тест тапсырмаларын орындаңыз.

басы

Г

1




2




3




4




5





Байлық пен ақыл

А. Шалға кенже ұлының жауабы ұнайды. Ол өзінің мұрагері етіп кіші ұлын белгілепті. Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпауды өсиет етіпті.
Ә. Сонда үлкен ұлы асыл тасты жүзік салған қолын көрсетіп:

- Міне, менің байлығым. Ал кім бай болса, сол ақылды, - депті.



Б. Үшінші ұлы күміспен және тастармен әшекейленген белдігін буынады да:

Мұндай белдікті ешкім ешқашан буынып көрген жоқ, - дейді.


В. Әкесі үлкен балаларына қарап басын шайқайды да, кіші ұлына:

Сен неге үндемейсің? Сен қандай байлығыңмен мақтанасың? - дейді. Сонда кенжесі:

- Менің асыл тасты жүзігім де, сәнді киімім де, қымбат тастармен әшекейленген белдігім де жоқ. Тек еңбексүйгіш екі қолым, қайрат жігерге толы жүрегім ғана бар, - депті.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет