1 тур жазылым (эссе) 8-cынып Менің сүйікті пәнім Менің сүйікті кинокейіпкерім



бет2/3
Дата25.12.2016
өлшемі0,57 Mb.
#5117
1   2   3

Г. Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап алып:

Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы мен байлығы сай болса, сол мұрагерім болады. Әрқайсың маған байлықтарың мен ақылдарыңды көрсетіңдер, - депті.



Ғ. Екінші ұлы асыл киімдерін киіп, әдеміленіп келеді де:

Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді, - дейді.




Тест тапсырмалары:

6. Шал балаларын не үшін жинаған?

а) ақыл айту үшін

ә) мұрагерін таңдау үшін

б) қонақ шақыру үшін

в) өкпесін айту үшін

7. «Өсиет» сөзінің синонимі

а) сыйлық

ә) аманат

б) байлық

в) өкініш

8. Үлкен үш ұлдың айтайын деген негізгі ойы не?

а) Денің сау болса, бай боласың.

ә) Екі қолың мен басың негізгі байлығың.

б) Кім бай болса, сол ақылды.

в) Адал болсаң, бай боласың.

9. Бұл аңыз не туралы?

а) достық

ә) еңбекқорлық

б) елжандылық

в) балалық

10. Мәтінге сәйкес даналық сөзді белгілеңіз.

а) «Өлмейтін өмір кілті – өнерде» (Қорқыт ата)

ә) «Адалдық артық, арамдық жаман» (Ш.Құдайбердиев)

б) «Өз елін сүймеген адам ештеңені де сүйе алмайды» (Б.Байрон)

в) «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» (Абай)

2-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, мына кестедегі сөздермен толықтырыңыз.

байымады (а), жалынбайсың (ә), айтыпты (б), кеш (в), дүниеден (г)

Әкесі өлерінің алдында баласына өсиет (11)...: «Жақсы тұр, ешкімге жалынба, саған басқалар жалынатын болсын. Және де ішкен тамағың тәтті көрінетін болсын, сонда бай боласың».

Әкесі (12)... қайтты. Баласы әкесі айтқан өсиет бойынша ешкімге жалынбай, жақсы тамақ ішіп, жақсы киім киіп жүре береді. Бірақ (13).... Бір күні ол немере ағасына барып, әкесінің айтып кеткен өсиетін айтады. Сонда немере ағасы оған былай депті: «Сен әкеңнің айтқан өсиетіне түсінбепсің. Сен жұмысқа ерте шық, сонда сен біреуге (14), саған басқалар жалынады. Жұмыстан (15) қайт, сонда саған ішкен тамағың тәтті көрінеді, әрі бай боласың».

Содан кейін бала әкесінің айтқан өсиетіне түсініп солай жұмыс істеп, жақсы тұра бастаған. (Ыбырай Алтынсарин)


3-тапсырма. Мәтінді оқып, диалогтағы бос орындарда болуы тиіс сұрақтарды құрастырыңыз.

Америкалық мұғалім қазақша сөйлейді

Осыдан екі жыл бұрын біздің мектебімізге АҚШ – тың Индианна штатынан ағылшын тілінен сабақ беруге Тереза Энн Пармер атты мұғалім келді. Оның қазақ тілін өте жақсы меңгергені ең алғашқы келген күні – ақ бізді таңғалдырды. Осында келмес бұрын Алматы қаласындағы арнайы мектепте қазақ тілін үйреніпті. Небәрі екі айдың ішінде қазақша емін – еркін әрі сауатты сөйлейтін дәрежеге жетуі – оның талабы зор екенін, зейінді екенін көрсетеді.

Бүгінде мисс Тереза барлығымыздың бір жағынан ұстазымыз, екінші жағынан сырлас құрбымыз секілді.

16)... ? – деп сұрағанымызда:

Ең бастысы талабың болуы қажет, сонда алынбайтын қамал жоқ, - деді. Америкалық ұстазымыздың біздің ана тілімізді одан әрі тереңдете үйренгісі келетіні баршамыздың көңілімізге қуаныш ұялатады.



17)... ? – дегенімізде, мисс Тереза ойланбастан:

Бәрінен де қазақ халқының қонақжайлылығы мен достық көңіліне тәнтімін. Сонымен қатар, қазақ халқының салт – дәстүрлері де өзгеге үлгі боларлық екен. Ұлттық тағамдарыңыз да маған қатта ұнады, - деді ағынан жарыла.



  • 18) ... ?

  • Әлбетте, мені қазақ елі өте жақсы қошеметпен қарсы алды. Дегенмен менің мұнда жүрген екі жыл ішінде байқағаным, кейбір қазақтардың қазақ тіліне шорқақ екені. Меніңше, қазақ тілі - әлемдегі ең бай, шұрайлы тілдердің бірі. Ал ондай тілі бола тұра оны құрметтемеу, мақтанбау – нағыз надандық. Міне, мені толғандырған әрі ренжіткен жайт осы.

  • 19) ... ?

  • Мен туған еліме оралған соң, шамам келгенше отандастарыма қазақ тілін үйреткім келеді. Қазақтың атақты ақыны Қадыр Мырзалиев: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте» деген екен. Сол сияқты АҚШ – та мемлекеттік тіл – ағылшын тілін білмейтін адам жоқ.Сонымен қатар отандастарым басқа тілді үйренуге ынталы.Сондықтан менің достарым қазақ тілін білуі керек деп ұйғардым.

  • 20) Мисс Тереза , ... ?

  • Менің арманым – төрткүл дүниені аралау. Әр түрлі тілдерді меңгеру, - деді ұстазымыз күлімсірей.


Көп нүктенің орнына қойылатын сұрақтар:

А) Алға қойған мақсатыңыз бар ма?

Ә) Біздің елімізде сізге аса қатты ұнаған не нәрсе?

Б) Арманыңыз туралы айтыңызшы!

В) Біздің елімізде қаяу түсірген нәрсе болды ма?

Г) Қазақ тілін аз уақыттың ішінде қалайша жетік меңгере алдыңыз?



ӘР СЫНЫП БОЙЫНША ОҚУШЫЛАР САНЫНА ҚАРАЙ КӨБЕЙТІЛУІ КЕРЕК

Лексикалық–грамматикалық және елтану тестілері

8-сынып

1. Нақ осы шақтағы етістікті табыңыз.

A) кешікті

B) айтқан

C) отыр

D) жүзеді

E) айтты


2. Антоним сөзі бар мақал-мәтелді табыңыз.

A) Ақылың аз, ашуың көп болса – қор боласың.

B) Адал достық алтыннан да қымбат.

C) Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.

D) Ашуың келсе, қолың тарт.

E) Татулық – табылмас бақыт.



3. Тура мағынадағы сөз тіркесін табыңыз.

A) алтын қол

B) алтын сағат

C) кең адам

D) ашық қол

E) алтын адам



4. Сөздердің қайсысы туынды түбір, көрсетіңіз.

A) аспанда

B) сызғыш

C) аста


D) ақылым

E) менде


5. Кейінді ықпал әсерінен өзгеріске ұшырайтын сөзді табыңыз.

A) келу


B) бал

C) ара


D) қар

E) теп


6. Сілтеу есімдіктерін атаңыз.

A) әне, міне, ана

B) бәрі, бүкіл, түгел

C) өзім, өзі, өз

D) біреу, кейбір, бірнеше

E) қай?, кім?, не?



7. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз. Бәрін қойып, ашық әңгімеге кірісейік.

A) әңгімеге

B) қойып

C) кірісейік

D) ашық

E) бәрін


8. Ауыспалы осы шақтағы сөз тіркесін табыңыз.

A) Ән салмақ.

B) Ұзақ қарап отырды.

C) Ашық айтамын.

D) Жақсы түсіндіңіз бе?

E) Біз тыңдадық.



9. Читатель сөзінің аудармасын табыңыз.

A) оқытушы

B) оқу

C) оқырман

D) оқушы

E) жабдықтау



10. Қалау райды табыңыз.

А) Менікі емес.

В) Бара жатыр.

С) Көргім келеді.

D) Көрдім.

Е) Кездесетін болдық.



11. Қай сөйлемде болжам бар?

A) Күнде сабаққа барамын.

B) Ертең айтармын.

C) Кеше театрға бардық.

D) Бұрын досым маған жиі келетін.

E) Алматы бұрын астана болған.



12. Етістіктің жедел өткен шағын табыңыз.

А) Жеткізер.

В) Жеткізген.

С) Жеткізді.

D) Жеткізеді.

Е) Жеткізетін.



13. «Арық ...» сөзімен тіркесетін сын есімді табыңыз.

А) Қалам.

В) Аспан.

С) Ағаш.

D) Қой.

Е) Дәптер



14. Сөйлемді аяқтаңыз. Табиғатты ... !

А) қайтар.

В) қорға.

С) қткіз.

D) қпат.

Е) қүрес.



15. Сабақтас сөйлемді табыңыз.

А) Жиналыс бітті де, халық тарай бастады.

В) Мен үлкенмін, содықтан сен мені тыңдауың керек.

С) Мен кітабымды беріп едім, бірақ ол алмады.

Д) Оның бүгін кеткісі келмеді және күн суық болды.

Е) Ертең күн жылы болса, біз тауға барамыз



16. Жезқазған қаласы Қазақстанның қай бөлігінде орналасқанын көрсетіңіз.

A) батысында

B) шығысында

C) орталығында

D) оңтүстігінде

E) солтүстігінде



17. Мемлекеттік тудағы көк түс ненің белгісі екенін белгілеңіз.

А) Қуаныштың, бейбітшіліктің.

В) Адалдықтың, тазалықтың.

С) Жамандықтың, бейбітшіліктің.

D) Қуаныштың, жеңістің.

Е) Еркіндіктің, бақыттың.



18. Мемлекеттік рәміздер қабылданған жылды белгілеңіз.

А) 1996

В) 1993

С) 1995

D) 1992

Е) 1998


19. Ғарышқа бірінші болып ұшқан қазақ ғарышкерін табыңыз.

A) Т. Әубәкіров

B) Д. Оңалбеков

C) Д. Жолжақсынов

D) Т. Мұсабаев

E) М. Әлібеков



20. Қазақстанның жеміс-жидекке, мақтаға бай өлкесін белгілеңіз.

А) Шығыс Қазақстан.

В) Оңтүстік Қазақстан.

С) Сарыарқа.

D) Солтүстік Қазақстан.

Е) Батыс Қазақстан.



Лексикалық–грамматикалық және елтану

тестілері

9-сынып

1. Антонимдік жұпты көрсетіңіз.

А) Әдейі – жорта

В) Тоқпақ – қол ағаш

С) Татуласу – жарасу

D) Ащы – тұщы

Е) Тынығу – жату

2. Ырықсыз етісті табыңыз.

А) жуынды

В) ойланды

С) сөйленді

D) таранды

Е) киінді

3. Тұйық етістіктің жұрнағы жалғанғанда соңғы дыбысты өзгеріске ұшырайтын сөзді көрсетіңіз.

А) Кел

B) Бар
С) Жап



D) Айт

Е) Жүр


4. Сызықша дұрыс қойылған сөйлемді көрсетіңіз.

А) Сусыз-өмір жоқ.

В) Табиғат тірі - дүние.

С) Су-тіршілік көзі.

D) Балқаш-көлі ең таза көл.

Е) Орман ауаны-тазартпайды.

5. «Көзі ашық» деген сөз тіркесінің мағынасын табыңыз.

A) көргіш

B) анық

C) жылдам



D) білімді

E) белгілі

6. Сан есімге байланысты қандай тыныс белгісі қойылады?

Көршім 50 лерде.

A) қос нүкте

B) дефис

C) үтір


D) жақша

E) нүкте


7. Синоним сөздерді табыңыз.

А) Сұлу, бай, байтақ

В) Ұлаң-байтақ , кең, ұлаң-ғайыр

С) Жақын, шалғай, биік

D) Алыс, үлкен, кең

Е) Таза, терең, мөлдір



8. Қонақ келерде үй тазарып қалды: үй ..., еден ...

А) жинасты, жуысты

B) жинатты, жуғызды

C) жиналды, жуылды

D) жиналмады, жуылмады

E) жинамақ, жумақ



9. Осы шақтағы етістікті табыңыз.

А) Айтып кетті

В) Әкеле жатыр

С) Келді


D) Сұрамақ

Е) Барып келді



10. Сөйлемнің түрін анықтаңыз. Гүлдей бер, туған жерім

А) Құрмалас.

В) Лепті.

С) Сұраулы.

D) Жалаң.

Е) Толымсыз.



11. Шектік мағынадағы демеулігі бар сөйлемді көрсетіңіз.

A) Оның жасы отыздарда.

B) Біз тату тұрамыз.

C) Үшеуі тек маған амандасты.

D) Бір – тақ сан.

E) Біз елдің ертеңіміз.



12. Жанама толықтауышты табыңыз.

«Кәсіпкерлер кәсіптеріне қаржыны өздері табады».

А) Кәсіптеріне

В) Қаржыны

С) Өздері

D) Табады

Е) Кәсіпкерлер

13. Мақалды толықтырыңыз. «... өмір – сөнген көмір.»

А) Еңбексіз

В) Бақытсыз

С) Ақшасыз

D) Сенсіз

Е) Жұмыссыз



14. Тұйық етістікті көрсетіңіз.

А) түзу


В) баяу

С) күлу


D) жаяу

Е) сұлу


15. Одағайдың білдіретін мағынасын анықтаңыз.

Әттең, бүгін кешікпей келгеніңде үлгіретін едің!

А) Бұйыру

В) Жекіру

С) Таңдану

D) Шаттану

Е) Өкіну


16. Қазақ музыкасын әлемге тұңғыш танытқан әншіні көрсетіңіз.

А) К.Бәйсейітова

В) Қ.Жандарбекова

С) К.Қуанышбаев

D) Ә.Қашаубаев

Е) Б.Төлегенова



17. Астананың орналасқан жерін табыңыз.

А) Сарыарқа даласы

В) Көкшетау бауыры

С) Науырзым қорығы

D) Бетпақ даласы

Е) Оңтүстік аймақ



18. Толықтырыңыз: Тудағы қанатты қыран ... белгісі.

А) бақыттың

В) еркіндіктің

С) заманның

D) уақыттың

Е) қуаныштың



19. Қазақстанда мекендейтін аңды анықтаңыз.

А) Арыстан

В) Піл

С) Кенгуру



D) Маймыл

Е) Түлкі


20. Ежелгі Отырар қай облыста екенін табыңыз.

А) Солтүстік Қазақстан

В) Жамбыл

С) Оңтүстік Қазақстан

D) Қызылорда

Е) Алматы




Лексикалық–грамматикалық және елтану

тестілері
10-сынып
1. Көмекші есімді көрсетіңіз.
A) Ескі
B) Маңы
C) Сараң
D) Екен
E) Еді

2. Күмәнді ойды білдіретін қыстырма сөзді белгілеңіз. 
A) Меніңше 
B) Әлбетте 
C) Амал қанша 
D) Бәлкім 
E) Ақырында 

3. Тәуелденген сын есімді табыңыз.
А) Айтарың бар ма?
В) Сенің балаң.
С) Ешкімің жоқ.
D) Жақсың қайсы?
Е) Біреуің кел.

4. Жекіру одағайын табыңыз.
А) Әттеген - ай
В) Беу
С) Тәйт
D Рахмет
Е) Моһ – моһ

5. Елiктеуiш сөзi бар қатарды анықтаңыз. 
А) Ханзада оған сылқ-сылқ күлiп мәз болған. 
В) Тату болса, ағайын жақын, бауырмал болса, iнiң жақын. 
С) Үш жұрттың тiлiн бiлген - өзгеден үш есе биiк тұрады. 
D) Дұшпанға тастай қатты бол, досыңа балдай тәттi бол. 
Е) Ерiншектiк - күллi дүниедегi өнердiң дұшпаны.

6. Қысқартуға болатын қатарды анықтаңыз. 
А) Ат спорты федерациясы 
B) Жазушылар одағы 
С) Жаңа экономикалық аймақ 
D) Тәуелсіз Қазақстан 
E) Бұқаралық ақпарат құралдары 

7. Сөз түрлендіруші жұрнақты көрсетіңіз. 
А) - лық, -лік 
B) - -гер, -паз 
С) - сыз, -сіз 
D) - ырақ, -ірек 
E) - шы, -ші

8. Оқшау сөздер түрлерін анықтаңыз.
A) Қыстырма сөз, қаратпа сез, одағай
В) Шылау, үстеу
С) Жалғаулықтар, демеуліктер
D) Жұрнақтар, септіктер
Е) Қыстырма сөз, қос сез

9. Ыңғайлас салалас сөйлемді көрсетіңіз. 
А) Қар жауса да, тоңбайды бай баласы. 
В) Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым. 
С) Еңбек адамды көрікті етеді және тынысты тазартады. 
D) Мен ол күні келмедім, себебі көлік жоқ болды. 
E) Еңбек баланы мықты етеді. 

10. Мақсат бағыныңқы сабақтасты табыңыз.
А) Қонақтарға әр түрлі базарлық алу үшін, біз бірнеше дүкендерді араладық.
В) Мен барғанша, ол кетіп қалды.
С) Күн жылы болады деп, біз серуенге шықтық.
D) Ол келіссе, біз кешке киноға барамыз.
Е) Оқушылар келген соң, сабақ басталды.

11. Ауыспалы мағынада қолданылап тұрған сөзді табыңыз. 
А) Күн сәулесі нұрын шашады 
B) Терезеден күн түсіп тұр 
C) Күнсіздерге күн болған 
D) Күнде-күнде осы жаттығуды қайталайды 
E) Күн ыстық екен

12. Қай сөйлемде сан есім емлеге сай жазылған? 
А) 1845-жылы ұлы Абай дүниеге келген. 
В) Жолдастарымның кеткеніне екі үш күн болды. 
С) Сағат 6 ға 10 минут қалған кезде Азамат пәтерінен шықты. 
D) 30-40-тай адам жиналған екен. 
Е) Біз 2-еу едік. 

13. Іскерлік қарым-қатынас әдебіне жататын тілдік ерекшеліктерді ата. 
А) Іске жауапкершілікпен қарау, сыпайылық, жағымды сөйлеу, батылдық 
В) Логикалық ой-өрісінің жетіспеуі 
С) Пікір алысқалы отырған ісін, тақырыбын жетік білмеу 
Д) Сөз мағынасын түсінбеу, көп сөздік 
Е) Жігерсіздік, ұялшақтық 

14. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. 
А) Ексең егін, ішерсің тегін. 
В) Олар теңізге ерте шықты, бірақ жолы болмады. 
С) Ұлберген кедей болғанымен, киім-кешегін таза ұстайтын. 
D) Өнімді еңбек атқарам десең, көпке сүйен. 
E) Теңіздің суы мөп-мөлдір екен. 

15. Абайдың мұражай-үйі орналасқан жерді белгілеңіз.

A) Қарағанды облысы, Тельман ауданы

B) Қостанай облысы, Құсмұрын бекеті

C) Атырау облысы, Доссор елде

D) Алматы қаласы, Есік қорғаны

E) Семей облысы, Жидебайда



16. 1929 жылы қай әліпбиге көшкенімізді табыңыз.

А) орыс әліпбиі 


B) Латын әліпбиі 
C) Араб әліпбиі 
D) Түрік әліпбиі 
E) Қазақ әліпбиі 

17. Үшінші қазақ ғарышкері.

А) Ғани Қасымов

В) Тоқтар Әубәкіров

С) Талғат Мұсабаев

D) Айдын Айымбетов

Е) Талғат Бигельдинов



18. Таныс емес қонақ келсе, ол кiсi - ... 
А) сыйлы қонақ 
В) құдайы қонақ 
С) бас кейiпкер 
D) құрметтi ардагер 
Е) арнайы қонақ

19. Төле бидiң толғауын толықтырыңыз: “ Жаңбыр жаумаса - жер жетiм, 
Басшысы болмаса - ел жетiм,
 
Ұқпасқа айтқан ... жетiм”
 
А) сыр 
В) сөз 
С) саз 
D) сын 
Е) үн

20. Әбунасыр әл - Фарабидің туған қаласын көрсетіңіз.
А) Дамаск
B) Самарқанд
С) Тараз
D) Отырар
Е) Сайрам

Лексикалық–грамматикалық және елтану

тестілері
11-сынып

1. Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.

А) Қара сиялы калам.

В) Қисық бұтак.

С) Қоңыр дауыс.

D) Білімді окушы.

Е) Қызыл гүл

2. Мақалды толықтырыңыз.

Ғалыммен жақын болсаң, қолың жетер, залыммен жақын болсаң ... кетер.

А) басың


В) жолың

С) жүрегің

D) гүлің

Е) кітап



3. Жақсыз сөйлемді табыңыз.

А) Жаз. Егіс даласы.

В) Менің сабақ оқығым келеді.

С) Мен ауылға бардым.

D) Ертең осы жерге кел.

Е) Балам, қайдан келдің?



4. Көп нүктенің орнына қандай сөз жазу керек? Жиналыс ай ... өтіп тұрады.

A) байланысты

B) туралы

C) сайын

D) үшін

E) бойынша



5. Құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.

Автобус бірде тез жүреді, бірде баяу жүреді.

А) Талғаулы салалас құрмалас сөйлем.

В) Іліктес салалас құрмалас сөйлем.

С) Кезектес салалас құрмалас сөйлем.

D)Сабақтас құрмалас сөйлем.

Е) Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.



6. Себеп бағыныңқы сабақтас кұрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Бұл түн менің ең соңғы көрген дүнием болғандықтан, көп нәрселер әлі көз алдымда тұрады.

В) Өзеннің суы тайыз болғанмен, жағасы тік.

С) Біресе жаңбыр жауып, біресе қар жауады.

D) Жақыпбек ойлардан серпілгісі келіп, романның бірін алып оқуға кірісті.

Е) Шай жиналысмен, қонақтарды Мырзаш шақырып әкетті.



7. Үтір мен леп белгісінің қойылу себебін белгілеңіз. Ойпырмай, күннің суығын-ай!

А) Еліктеуіш сөз

В) Қыстырма сөз

С) Одағай сөз

D) Оқшау сөз

Е) Қаратпа сөз



8. Ойдың кімнен шыққанын білдіретін қыстырма сөзді анықтаңыз.

А) Қорыта айтқанда

В) Бақытына қарай

С) Оның пікірінше

D) Екіншіден

Е) Мүмкін



9. «Көзі ашық» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) Елгезек

В) Білімді

С) Оқыған

D) Аңқау

Е) Надан


10. Одағайдың білдіретін мағынасын анықтаңыз.

Әттең, бүгін кешікпей келгеніңде үлгіретін едің!

А) бұйыру

В) жекіру

С) таңдану

D) шаттану

Е) өкіну


11. Еліктеу сөздің сөйлемдегі қызметін белгілеңіз.

Ыза мен ашу қысып, қалш-қалш етеді.

А) пысықтауыш

В) анықтауыш

С) баяндауыш

D) толықтауыш

Е) бастауыш



12. Үтірдің қойылу себебі, дұрысын белгілеңіз.

Мүмкін, келіп қалар.

А) еліктеу

В) одағай

С) қаратпа

D) қыстырма

Е) шылау


13. Тыныс белгісі дұрыс қойылғаң орынды көрсетіңіз.

А) «Сөйлемді сауатты кұрастырған жөн», - деді мұғалім.

В) «Сөйлемді сауатты, кұрастырған жөн» - деді мұғалім.

С) «Сөйлемді сауатты кұрастырған жөн» - деді мұғалім.

D) Сөйлемді сауатты: кұрастырған жөн, - деді мұғалім!

Е) Сөйлемді сауатты; кұрастырған жөн - деді мұғалім.



14. Мына сөйлемге қай шылау лайық , көрсетіңіз.

Кейбір өсімдіктердің өзінен сүт бөліп шығаратыны ертеден- ... белгілі.

А) –ді

В) –мыс


С) –ақ

D) –ай


Е) –ау

15. Таңдану одағайын көрсетіңіз.

А) Апырай

В) Әттеген-ай

С) Уһ


D) Қап

Е) Кәні


16. Қазақ хандығының құрылғанына неше жыл болды?

А) 200 жыл

B) 400 жыл

С) 350 жыл

D) 550 жыл

Е) 700 жыл



17. «Екінші Мекке» деп атанған қаланы анықтаңыз.

А) Түркістан

В) Шымкент

С) Қызылорда

D) Семей

Е) Тараз


18. Ұлттық валютамыз айналымға енгізілген жылды белгілеңіз.

А) 1991 жылы 16 желтоқсан

В) 1990 жылы 25 қазан

С) 1992 жылы 4 маусым

D) 1993 жылы 15 қараша

Е) 1995 жылы 30 тамыз



19. «Тілашар» тойы қашан өткізілетінін белгілеңіз.

А) Балабақшаға барғанда

В) Бала мектепке барғанда

С) Бала енді жүре бастағанда

D) Жоғары оқу орнына түскенде

Е) Мектеп бітіргенде



20. Қазақстанның солтүстігінде орналасқан қалаларды көрсетіңіз.

А) Атырау, Орал

В) Көкшетау, Қостанай

С) Маңғыстау, Ақтөбе

D) Алматы, Қызылорда

Е) Шымкент, Жамбыл



ӘР СЫНЫП БОЙЫНША ОҚУШЫЛАР САНЫНА ҚАРАЙ КӨБЕЙТІЛУІ КЕРЕК

8-сынып

1-тапсырма. Аудиомәтінді тыңдап, берілген нұсқалардың ішінен а) - «дұрыс», ә) -«дұрыс емес», б) - «мәтінде айтылмаған» деген жауаптардың біреуін таңдаңдар.

1. Бүгін демалыс күні.

а) дұрыс


ә) дұрыс емес

б) мәтінде айтылмаған



2. Қазақ тілі – мемлекетаралық тіл.

а) дұрыс


ә) дұрыс емес

б) мәтінде айтылмаған



3. Біздің мұғаліміміз – шебер ұстаз.

а) дұрыс


ә) дұрыс емес

б) мәтінде айтылмаған



4. Володя – ұқыпты, ақылды бала.

а) дұрыс


ә) дұрыс емес

б) мәтінде айтылмаған



Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет