1. Тура мағыналы сөзді табыңыз. А құлақ салды



Дата12.08.2022
өлшемі13,93 Kb.
#148045
Байланысты:
тест

1.Тура мағыналы сөзді табыңыз.


А) Құлақ салды.
B) Құлақ етін жеді.
C) Баспасөз – қоғамның құлағы, тілі.
D) Құлағым ауырып жүр.
E) Ақпа құлаққа айтсаң, ағып кетеді.

2.Ауыспалы мағынада қолданылап тұрған сөзді табыңыз.


А) Күн сәулесі нұрын шашады.
B) Терезеден күн түсіп тұр.
C) Күнсіздерге күн болған.
D) Күнде-күнде осы жаттығуды қайталайды.
E) Күн ыстық екен.
3.Тура мағыналы сөзді табыңыз.
А) Бұл іс менің қолым екен.
B) Өз қолымен берді.
C) Әділ, Шалабайлар – байдың қол шоқпары.
D) Қолдың қысқалығынан бұл жолы да мардымды ештеңе бере алмады.
E) Көкеңе айтарсың, қолы ұзын адам емес пе?
4.Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзді табыңыз.
А) Қолымен істегенді мойнымен көтереді де...
B) Бала-шағаға мойын-сойын да тамақ.
C) Аққудың мойнындай мойын көз алдынан кетер емес.
D) Компьютер алдында көп отырғандықтан, мойным қарысып қалыпты.
E) Күнде-күнде мойнына массаж жасатады.
5.Көп мағынаға ие болатын сөзді табыңыз.
Өзі бір жүзіктің көзінен өткендей пысық жігіт екен.
А) Жүзіктің.
B) Көзінен.
C) Өткендей.
D) Пысық.
E) Жігіт.

6.Көп мағыналы сөзді табыңыз.


Жақындаса, обаның басында жалпиған бір адам отыр.
А) Жақындаса.
B) Обаның.
C) Басында.
D) Жалпиған.
Е) Адам.
7.Омоним болатын қатарды көрсетіңіз.
А) Жігер, күш.
B) Сыр, шық.
C) Терезе, есік.
D) Оқтау, тұтқа.
E) Түбір, түн.
8.Омоним сөзді көрсетіңіз.
А) Мектепті бітіруге бір жыл қалып еді.
B) Өзің кездескеннен өзгерген жоқ.
С) Мөңкенің үйі таң атқанша кісіден құр болмады.
D) Андрей тірліктен әлі үміт үзген жоқ.
E) Жүрегі анық бір жаманшылықты сезіп алқынып барады.
9.Құрамында «бет» сөзінің синонимі бар мақал-мәтелді табыңыз.
А) Еңбек - өмір ажары.
B) Жақсы ұл – елдің туы.
C) Айна - айна емес, халық- айна.
D) Көпке күл шашпа.
E) Мал сақтама, ар сақта.
10.Синоним болатын қатарды табыңыз.
А) Еріншек, сараң.
B) Ауыл-аймақ, ағайын.
C) Күйзелу, сүйсіну.
D) Келемеждеу, мазақтау.
E) Тоңу, шаршау.
11.Антонимдері бар қатарды белгілеңіз.
А) Ар жазасы бар жазадан ауыр.
B) Малсыз болсаң да, арсыз болма.
C) Шеберден - олжа, шешеннен - сауға.
D) Еңбек – дәулет, бедел – сәулет.
E) Ағайын бір өліде, бір тіріде.

12.Антонимді бар қатарды белгілеңіз.


А) Өмірдің ащысы мен тұщысын қатар көріп келе жатқан бір бейбақ.
B) Қос жирен бастарын шұлғып, қайта-қайта пысқырынады.
С) Бүгін түн бойы ол баласын бауырына қысып жатты.
D) Бірақ миына сіңіп қалған дағдыдан әлі арыла алмай жүр.
E) Сөйтіп дар мен ар арпалысқа түсті.
13.Тұрақты тіркесті анықтаңыз.
А) Халық мұнша жиылады деген есте жоқ.
B) Ойын басталмай-ақ жұрт қымызға бас қойып жатыр.
C) Хорымыз жамырап жақсы шықпады.
D) Сауыққа өз әлімізше жақсы даярланғанбыз.
E) Әмірқан шығысымен шапалақ шартылдады.
14.Мақалды табыңыз.
А) Бұл жолы Әмірқан басқа әнге салды.
B) Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
C) Өңім екенін, түсім екенін білмедім.
D) Ғылым таппай мақтанба.
E) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
15.Тұрақты тіркесті анықтаңыз.
А) Немересі алдындағы асын тауысып ішті.
B) Таяуда әкемізге ас береміз.
C) Ас дайындау – сенің міндетің.
D) Ас алдында жеңіл сусын пайдалы.
E) Бұл дәмханада ыстық ас берілмейді екен.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет