С. көмейдің аллергиялық ісінуі
D. жедел ларингит
Е. жұтқыншақ арты абсцесі
39. 20 жасар науқас тамағының өзіндік ауырсынуына, бастың ауруына, тізе буынының сырқырауына, жалпы әлсіздікке, 38ºС-қа дейін қызбаға шағымданады. Ауырғанына 2 күн, ауыруын салқынмен байланыстырады. Жағдайы қанағаттанарлық, тәбеті төмендеген. Пульсі минутына 88 рет, қанағаттанарлық. Ішкі органдары қалыпты. Фарингоскопия: жұтқыншақтың кілегей қабығы қызарған, 2 бадамшаның беткейінде акшыл шашыраңқы орналасқан жабынды. Жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған, басқанда ауырсынады. Басқа ЛОР мүшелері қалыпты.Қандай диагноз қоюға болады?
А. лакунарлы ангина
В. катаралды ангина
С. моноцитарлы ангина
D. жұтқыншақ кандидозы
Е. агранулоцитарлы ангина
40. Науқас 25 жаста жұтынғанда тамағынын қатты ауырсынуына, бас ауруы, жалпы әлсіздікке, тізе буының ауруына, дене қызуынын 38 градусқа дейін жоғарлауына шағымданады. Ауырғанына екі күн, салқын тиумен байланыстырады. Жалпы жағдай қанағаттанарлық, тәбеті төмендеген.Тамыр соғысы минутына 84, қанағаттанарлық күйде. Ішкі мүщелері ерекшеліксіз. Фарингоскопияда: жұтқыншақтың кілегей қабығы қызарған, екі бадамша безінің беткейінде нүкте тәрізді ақшыл жамылғылар бар. Жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған, басқанда ауырсынады. Басқа ЛОР мүшелері ерекшеліксіз. Науқастын болжам диагнозы?
А. фолликулярлы ангина
В. катаральды ангина
С. моноцитарлы ангина
D. жұтқыншақ кандидозы
Е. агранулоцитарлы ангина
41. Науқас оң жақ тамағындағы ауырсынуына және оң жақ құлаққа ауырсынудың берілуіне, бас ауруға және қалтырауға шағымданады. Ауырғанына 5 күн. Үйінде антибиотикпен емделген. Жалпы жағдайы жақсарылған. 5 күннен кейін дене температурасы 39 градусқа дейін жоғарылаған, тамағының оң жағында жұтынғанда қатты ауырсыну пайда болған. Науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Аузын қиындықпен ашады, дауысы өзгерген, мінгірлеп сөйлейді. Фарингоскопияда: тризм, оң жақ бадамша орталық сызыққа және алға қарай ығысқан. Оң жақ алдынғы доға және жұмсақ таңдай гиперемияланған және инфильтрацияланған. Тілшік ісінген және солға ығысқан. Қандай диагноз қоюға болады?
Достарыңызбен бөлісу: |