Қосымша нерв (XI)
Қосымша нерв соңғы жебезек доғаларынан дамиды; эфферентті талшықтары және сопақша ми мен жұлында жайғасқан екі қозғалыс ядросы бар. Ядроларына сәйкес оның ми және жұлындық бөліктерін ажыратады. Ми бөлігі сопақша мидың, кезбе нервтің төменгі жағында шығады. Қосымша нерв жұлындық бөлігі алдыңғы және артқы түбіршіктері арасында және жоғарғы үш мойын нервтерінің алдыңғы түбіршіктерінен құралып, нерв сабаушасы түрінде жоғары көтеріліп, ми бөліміне қосылады. Қосымша нерв кезбе нервтің бөлініп шыққан тармағы болғандықтан, ол онымен бірге бассүйек қуысынан мойындырық тесігі арқылы шығып m.trapezius пен одан бөлінген m.sternocleidomastoideus екеуін нервтендіреді.
Бас миотомдарымен байланысты дамитын нервтер
Бұл топқа жұлын нервтерінің алдыңғы түбіршектеріне сәйкес келетін,ортаңғы мидан шығатын ядолары сонда жайғасқан, бассүйек-ми нервтерінің III, IV, VI жұптары жатады. VI жұпты ядросы іштегі даму кезінде екінші ортаңғы мидан ромбтәрізді шұңқырға ығысқан. Бұл нервтер бас миотомдарының қозғалыс түбіршіктері болып табылады. Сондықтан олар осы миотомдардар өсіп-дамыған көз алмасы бұлшықеттерін нервтендіреді.
Көз қозғалтқыш нерв (III)
N.oculomotoros, көз қозғалтқыш нерв-дамуы жағынан бірінші құлақалды миотомының қозғалыс түбіршегі, бұлшықеттік нерв болып табылады. Оның құрамында:
Соммалық-қозғалыс ядросынан көз алмасының сыртқы бұлшықеттеріне баратын эфферентті талшықтар.
Ішкі көз бұлшықеттеріне, қосымша ядросынан шығыпп баратын парасимпатикалық талшықтар .
Шығыршық нерв (IV)
N. trohlearis шығыршық нерв даму жағынан екінші құлақалды миотомының қозғалыс түбіршігі, бұлшықеттік нерв болып табылады. Оның жалғасы сомалық-қозғалыс ядроларынан көздің қиғаш бұлшықетіне баратын эфферентті талшықтар бар. Жоғары ми желкенінің дорсалды жағынан шығып, ми аяқшасын латералды жағынан, fissura orbitalis superior арқылы көзұясына кіріп m.obliquus superior-да аяқталады
Әкететін нерв (VI)
abducens, әкететін нерв, үшінші құлақалды миотомының қозғалыс түбіршігі, бұлшықеттік нерв болып табылады. Оның көпірде орналасқан сомалық-қозғалыс ядросынан шығып, көздің латералды тік бұлшықетіне баратын эфферентті талшықтары болады. Көпірдің артқы жиегінде мидан шығып fissura ornitalis superpor арқылы көзұясына өтіп, m.rectus lateralis-ке енеді.
Сыртқы көз бұлшықеттеріне арналған III, IV және VI нервтердің эфферентті талшықтарын сәйкесс келетін афферентті талшықтар V нервтің, n.ophthalicus, құрамын өтеді.
Көптеген авторлар көз алмасының барлық үш қозғалыс нервтерінде афферентті талшықтар бар деп есептейді
Достарыңызбен бөлісу: |