vestibulocochlearis, кіреберіс-ұлу нерві бет нервінен бөлініп шыққан афферентті нерв, есту және тепе-теңдік мүшесінен келетін сомалық-сезімтал талшықтары бар. Ол екі pars vestibularis және pars cochlearis бөліктерінен тұрады. Олардың қызметі әр түрлі: кіреберіс бөлігі ішкі құлақ лабириттің кіреберісі мен жартылай шеңберлі түтіктерде жайғасқан статикалық аппаратардың импульстарды өткізеді де, ал ұлу дыбыс тітіркенулерін қабылдайтын иірімді мүшеден есту импульстарын өткізеді.
Тіл-жұтқыншақ нерві (IX) Үшінші желбезек доғасы нерві даму үрдісінде нервтердің X жұбынан бөлінген. Онда үш текті талшықтар болады.
Жұтқыншақ, дабыл қуысы, тілдің шырышты қабаты, бадамшалар және таңдай доғалықтары рецепторларынан шығатын афферентті талшықтар:
Glandula parotis үшін эфферентті парасимпатикалық талшықтар.
Құрам бөліктерін сәйкес оның үш ядросы болады: nucleus solitaries, оған афферентті түйін-ganglia superius er inferius-тердің жасушаларының орталық өсінділері келеді. Вегетатиті парасимпатикалық ядро-төменгі сілекей бөлетін ядро-торлы құрылымынлда кезбе нервпен ортақ үшінші қозғалыс ядросының-nucleus ambiguous пен жанында шашыраған жасушалардан тұрады. Тіл-жұтқынша нерві түбіршіктері арқылы оливияның артында,кезбе нервтің үстінде сопақша мидан шығып, соңғы нервен бірге мойындырық тесігі арқылы бассүйектен шығады.
Кезбе нерв (X) vagus, кезбе нерв-төртінші және одан кейінгі келесі желбезек доғаларынан дамыған кең таралағандықтан осылай деп аталады. Бұл бассүйек нервтерінің ішіндегі ең ұзыны. Кезбе нерв тармақтары арқылы тынысалу ағзаларын, асқорыту жолының едәуір бөлігін сигматәрізді ток ішекке дейін нервтендіреді, сондай-ақ ол жүрекке оның соғуын баяулататын тармақтар береді.
N.vagus құрамында үш түрлі талшықтар бар: Аталған ішкі ағзалар мен тамырлардың рецепторларынан, сондай-ақ мидың қатты қабығының кейбір бөлігін және құлақ қалқанын қоса сыртқы есту жолынан сезімтал ядроға nucleus solitaries-ке келетін афферентті талшықтар
Жұтқыншақ, жұмсақ таңдай мен көмейдің еріткі бұлшықеттеріне баратын эфферентті талшықтар және осы бұлшықеттер рецепторыларынан шығатын талшықтар. Бұл бұлшықеттер талшықтарды қозғалыс ядросынан nucleus ambiguus-тен алады.
Вегетативті ядродан, nucleus dorsalis n.vagi-ден шығатын эфферентті талшықтар. Олар жүрек миокардына және тамырлардың бұлшықет қабықшасына келеді. Сонымен қатар кезбе нервтің жүрек тармақтарына n.depressor енеді, ол жүректің бастапқы бөлігі үшін сезімтал нерв және қан қысымын рефлекстік жолмен реттеуді басқарады.
Кезбе нервтің парасимпатикалқ бөлігі өте үлкен, сондықтан ол негізінен вегетативті организмнің өмірлік қызметтері үшін маңызды нерв болып есептеледі. Кезбе нервтің негізгі үш ядросымен байланысты талшықтардың барлық түрлері сопақша мидан, оның sulcus lateralis posterior-ынан, тіл-жұтқыншақ нервінен төмендеу, 10-15 түбіршек түрінде шығып, жуан сабау түзеді. Ол тіл-жұтқыншақ және қосалқы нервтермен бірге foramen jufulare арқылы бассүйектен шығады.