1. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы


жылдың сәуірінен – Қазақстан Республикасының Президенті



бет119/126
Дата08.02.2022
өлшемі235,01 Kb.
#122167
түріҚұрамы
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   126
Байланысты:
тарих ответы

1990 жылдың сәуірінен – Қазақстан Республикасының Президенті.
1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 процент) жеңіске жетт
Нұрсұлтан Әбiшұлы көптеген еңбектер жазды, еңбектерін атап өтер болсам: “Әдiлеттiң ақ жолы” «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» “Тәуелсiздiгiмiздiң бес жылы” , “Ғасырлар тоғысында” “Тарих толқынында” “Бейбiтшiлiк кiндiгi”, “Сындарлы он жыл” «Қазақстан жолы” тағы басқа.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1992жылы мамырда «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» атты еңбегі жарық көрді. Саяси жаңғыртудың стратегиялық жоспары мен тактикалық әрекеттері белгіленген осы, алғашқы стратегиялық бағдарламада саяси сала бойынша мынадай басым мақсаттарды шешу міндеттері ұсынылды: жас тәуелсіз мемлекеттің күшті президенттік республиканы қалыптастыру бағыты бойынша дамуы, прези­дент­тік билікке кезек күттірмейтін мәселелерді ше­шу үшін топтасуға және ырымшыл-жарты­кештердің ақыл-кеңестері мен ізденулеріне көңіл бөлмей, қысқа мерзімде алғашқы кезектегі реформаларды жүргізуге мүмкіндік беру; демократиялық қайта құруды тереңдететін және көпұлтты қоғамды біріктіретін, жаңа саяси жетекшілер мен қызметкерлерді ұсынатын көппартиялық жүйені құру; негізгі саяси мақсат тиімді экономикалық реформалар үшін қажетті тұрақтылықты қалыптастыру; Қазақстанның егемендігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әскери-саяси және экономикалық теңгерімнің көп жақтылығы мен әртүрлілігін геосаяси өзін-өзі анықтау үшін сақтау;адам құқығы мен демократиялық бостандықты сақтау негізінде Қазақстанның әлемдік аренадағы саяси салмағын арттыру. Жаңа дүниеге келген егемендi ел үшiн тұрғындарды барынша бiрiктiре түсу, әрбiр азаматының құқығы мен еркiндiгiн қорғауға бет бұру – маңызы үлкен саяси басымдылыққа айнала бастады; Қазақстанның қолайлы геосаяси жағдайын әлемдік шаруашылық байланыстарға кіру технологиясына пайдалану. Сонымен бірге, стратегия негізінде тәуелсіз Қазақстан тарихын­дағы тұңғыш рет қарулы күштер, дипло­матиялық және кедендік қызметтер секілді мемлекеттік институттар қалыптастырылды. Мемлекеттік шекараны айқындап, нығайту жөнінде шаралар қабылданған еді.

«Сындарлы он жыл» — Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылы жазылған кітабы . Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаты, жаһандану, есірткі бизнесі, қауіпсіздік, Каспий аймағы, халықаралық құқық, және соңғы 10 жылда әлемде және Қазақстан Республикасында болған жағдайлары мен өзгерістері туралы айтады. Кітаптың бірінші бөлімі «Қорқыныш империясы және террор риторикасы» деп аталып, мұнда қазіргі замандағы ерекше зор қауіптер - бүкіл өркениет әлеміне соғыс жариялаған халықаралық терроризм жайлы баяндайды. Екінші бөлімнің атауы «Дінде экстремизм жоқ» деп аталып, мұнда кейбір адамдардың санасында орнығып қалған «Ислам және терроризм» ұғымдарына түсінік береді. Кітаптың бұл бөлімінде айтылған ойлар қазіргі әлем халықтарының ұлттық ұстанымдарын жоюға алып келетін жаһандану салдарлары сияқты мәселелерді қамтиды.
Каспий - әлемдік энергетика үшін ғана маңызды аймақ емес, ол экономикалық және саяси мүдделердің тоғысу аумағы.Назарбаев аймақты тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау жөнінде бірқатар бастамаларды ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет